Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет423/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

560

19-т а р а у

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ САЛАЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Орталық жүйке жүйесі жұлын мен мидан құралған. Қызметі 

тұрғысынан оны жеке бөлімдерге бөлу шартты нəрсе, себебі ол 

біртұтас құрылым. Организмнің түрлі əсерлерге жауабы бүкіл 

ОЖЖ-нің үйлесімді қызметінің нəтижесінде атқарылады.

Эволюциялық даму барысында ОЖЖ-нің бөлімдері жануар-

лардың тіршілік ерекшеліктеріне, сыртқы орта жағдайына бай-

ланысты дамып жетілген, олардың қызметтері жіктеліп, жоғарғы 

бөлімдерінің үйлестіруші маңызы арта түскен де, ми мықтырақ 

дами бастаған. Əртүрлі жануарларда ми мен жұлын массасының 

арақатынасы орта шамамен мына көрсеткіштермен сипатталады.

Балықтар     – 0,3:1 

 

 

Сүтқоректілер: 



Қос мекенділер    – 0,8:1   

 

кемірушілер – 1,8:1



Бауырымен жорғалаушылар – 1,0:0 

тұяқтылар    – 2,5:1

Құстар      – 1,6:1   

 

 



жыртқыштар– 3,5:1

 

     иттер 



– 

5,0:1 


 

     маймылдар 

– 

15:1 


 

 

 



 

 

 



адам      – 45:1

Орталық жүйке жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін жал-

пы ортақ механизмдер мен принциптердің болуына қарамастан, 

оның əрбір жеке бөлімдеріне тəн өзіндік функциялық ерек ше-

ліктер болады. Сондықтан қалыпты жағдайда ОЖЖ-нің жеке-

жеке бөлімдері организмнің белгілі бір əрекетін реттейтін құры-

лымдарға айналады.

ОЖЖ-нің жеке бөлімдеріне тəн ерекшеліктер олардың құ-

рылысы мен физиологиялық қасиеттеріне байланыста қалып-

тасады. Қазіргі деректерге қарағанда, жүйке жүйесінің фило- 

жəне онтогенездік тұрғыдан кешірек пайда болған жаңа 

бө лімдері торшалық құрылымы мен жүйке орталықтарының 

ара лық байланыстарының сипаты жағынан өте күрделі келеді. 

Осымен байланысты əртүрлі деңгейде орналасқан нейрондардың 

физиологиялық қасиеттері де бірдей емес деп болжауға бола-

ды. Демек, жүйке жүйесінің эволюциясы нəтижесінде оның 

бөлімдерінің құрылысы мен физиологиялық қасиеттері жетіліп, 

бір жағынан терең мамандану процесі жүрсе, екінші жағынан 




561

жүйке орталықтарының аралық байланысы күрделеніп, ОЖЖ-

нің қызметінде біртұтастық қасиет пайда болған. Өз кезегінде, 

ОЖЖ-нің жеке бөлімдерінің қызметі жəне олардың өзара əсері 

деңгейлік принциппен құрылған. Орталық жүйке жүйесінің 

бөлімі неғұрлым кешірек пайда болса, соғұрлым оның құрылысы 

мен қызметі күрделілене түседі жəне оның басқа бөлімдерге 

реттеуші əсері артады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет