Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүйке орталықтары қызметіндегі үйлесімдік



Pdf көрінісі
бет421/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

18.8. Жүйке орталықтары қызметіндегі үйлесімдік

Биологияның негізгі заңы - организм мен орта үйлесімін сақ-

тау үшін организм қоршаған ортаның құбылмалы жағдайлары на 

үздіксіз бейімделіп отыруы керек. Бұл орталық жүйке жүйесінің 

күрделі əрекетінің нəтижесінде, оның əртүрлі функцияларды 

рефлекстік жолмен жарастыруы арқылы атқарылады.

Орталық жүйке жүйесі əртүрлі жүйке орталықтарының күрделі 

200-сурет. Аксонның пресинапстық тар 

ма-


ғындағы тежегіш синапстар: 

Н – аф 


ференттік 

импульстермен қозатын нейрон, Т – жүйке ұшының 

пресинапстық тар мақтарында тежегіш синапс құратын 

нейрон; 2 - тежегіш нейрон (Т) белсенділігін тудыра-

тын афферентгік талшықтар



556

бірлестігі болып табылады. Организмнің түрлі сыртқы əсерлерге 

жауабы осы орталықтардың үйлесімді əрекетінің нəтижесі. Со-

нымен қатар организмнің рефлекстік реакциясының мазмұны, 

бір жағынан, сыртқы əсердің сипатымен, екінші жағынан, 

орталық жүйке жүйесінің физиологиялық күйімен, оның жеке 

орталықтарының функционалдық арақатынасымен анықталады. 

Мағыналы, мақсатты жауап реакция жүйке орталықтары қызметін 

үйлестіру нəтижесіне ғана туындайды. Ал енді осы күрделі 

физологиялық процесс - жүйке орталықтары қызметін үйлестіру, 

қалай атқарылады?

Құрылымы жағынан жүйке орталығы ядродан жəне “ша-



шырыңқы бөліктен” тұрады. Орталықтың ядролық бө лігі мор-

фологиялық жəне функционалдық тұрғыдан жақсы маман данған 

торшалардан құралады. Ал, оның екінші бөлігі - шашыраңқы 

орналасқан, нашарырақ маманданған торшалар жиынтығы. Осы-

мен байланысты жүйке орталығы деген термин анатомиялық 

емес, физиологиялық ұғым. Жүйке орталықтары бір-бірімен ара-

лық нейрондар арқылы байланысады. Осы аралық нейрондар 

əртүрлі орталықтар қызметін үйлестірудің морфологиялық негізі 

болып табылады да, орталық жүйке жүйесінің сыртқы əсерлерге 

біртұтас жауап реакциясын қамтамасыз етеді.

Орталық жүйке жүйесінің үйлесімді əрекетінің тағы бір 

морфологиялық негізгі - сезімтал нейрондар санының қозғағыш 

нейрондар санынан көп болуы. Осының нəтижесінде əрбір 

эфференттік жол синапстық құрылымдар арқылы көптеген 

сенсорлық нейрондармен байланысып, нейрондар жиынтығының 

ортақ жолы болып шығады. Демек, организмнің əрбір нақтылы 

əрекеті əртүрлі рецепторлардың тітіркенуі нəтижесінде іске 

қосыла береді. Бірақ əркез ортақ шығар жолға импульстер тек 

бірлі-жарым сезімтал нейрондардан ғана келіп түседі. Оның 

себебі дəл сол мезетте биологиялық мəні төмен импульстерді 

тудыратын басқа нейрондар қызметі орталық жүйке жүйесінде 

туындайтын тежелу процесінің нəтижесінде тиылады. Соны-

мен, жүйке орталықтары қызметіндегі үйлесімдік орталық жүйке 

жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады.

Орталық жүйке жүйесі қызметін үйлестіруде жүйке орта-

лықтарының физиологиялық қасиеттерінің - қозу процесінің 

мысқалдап (біртіндеп) күшеюінің жəне тежелу процесін тудыру-

ға икемділігінің маңызы зор. Аталған қасиеттердің арқасында 

орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу процестерінің арасын-



557

да тиімді арақатынас қалыптасып, əртүрлі əсерлерге организм 

қайтаратын жауапта реттілік, жүйелілік пайда болады. 

Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу процестері əрі 

ауқымдық əрі мерзімдік арабайланыста болады. Ауқымдық ара-

байланыс арқылы орталық жүйке жүйесінің əртүрлі бөлімдерінің, 

түрлі жүйке орталықтарының арасындағы үйлестік қалыптасады. 

Мерзімдік арабайланыс арқылы ОЖЖ-нің нақтылы бір бөлімінің, 

белгілі бір орталығының қызметі өзгеріп отырады.

Қозу жəне тежелу процестерінің арасындағы ауқымдық ара-

байланыс екі: иррадиация (жайылу) жəне индукция (əсерлестік) 

түрде байқалады. Иррадация деп орталық жүйке жүйесінде 

сыртқы тітіркендіргіштің əсерінен пайда болған реакцияның 

таралып, жайылуын айтады. Қозу процесі де, тежелу процесі 

де əлсірей өше жайылады. Демек, бастапқы реакция ошағынан 

алыстаған сайын жүйке процесінің күші əлсірей түседі.



Индукция деп ОЖЖ-дегі əрекетті орталықтан тыс аймақтарда 

қарама-қарсы сипатты процестің дамуын айтады. Мысалы, 

сыртқы тітіркендіргіш əсерімен белгілі бір орталықта қозу ошағы 

пайда болса, ОЖЖ-нің іргелес, тіпті, алшақ аймақтарында теже-

лу процесі туындайды. Егер тежелу ошағының əсерінен іргелес 

аймақтарда қозу ошағы пайда болса, онда бұл құбылысты оң 

индукция деп атайды. Қозу ошағы іргелес аймақтарда тежелу 

процесін тудырса, оны теріс индукция деп атайды.

Орталық жүйке жүйесі қызметін үйлестіруде аталған ау-

қымдық құбылыстардың маңызы зор. Бірақ олардың əрқайсысы 

белгілі бір жағдайда ғана байқалады. Мысалы, əрекетті жүйке 

орталықтарында қозу немесе тежелу күші орташа деңгейде болса, 

онда орталық жүйке жүйесінде индукция құбылысы байқалады. 

Ал қозу немесе тежелу процесі əлсіз болған жағдайда иррадиация 

құбылысы орын алады.

Иррадиация процесі орталық жүйке жүйесінде күшті қозу 

немесе тежелу ошағы пайда болған жағдайда да байқалады. Де-

мек, иррадиация құбылысы орталық жүйке жүйесіндегі жүйкелік 

процестердің туындауының, таралуының негізгі түрі болып та-

былады.


Сонымен, орталық жүйке жүйесінде сыртқы тітіркендіргіштер 

əсерімен пайда болған қозу жəне тежелу ошақтары иррадиация 

жəне индукция заңдылықтарына сəйкес əсерлесіп отырады. Де-

мек, кез келген үйлесімді əрекет, нақтылы рефлекс орталық жүй-

ке жүйесіндегі қозу жəне тежелу процестерінің өзара ықпалы 

нəтижесінде қалыптасады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет