лығы орналасады. Жұлын арқылы сопақша ми тері жəне қаңқа
еттері рецепторларымен байланысады. Сопақша ми қаңқа еттері
572
рецепторлары, лабиринт рецепторла-
ры арқылы толып жатқан əсерлерді
қабылдайды да, көптеген күрделі
рефлекстерді қамтамасыз етеді. Ол
əртүрлі органдардың қызметін реттеу
арқылы организмнің ішкі ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді, вегетативтік қызметтерді, қаңқа
еттерінің тонусын реттейді, бұлшық еттің, ең алдымен, жазғыш
еттердің, тонустық жиырылуын қамтамасыз етіп, дене салмағын
көтеруге, тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
Бұлшық ет тонусын реттеуде сопақша мидағы Дейтерс
торшаларының маңызы зор. Егер сопақша ми мен ортаңғы ми ара-
сын тіліп, Дейтерс торшаларының қызыл ядромен байланысын үзіп
тастаса, жануарларда децеребрациялық сіреспе (ми сіреспесі) деген
атпен белгілі құбылыс байқалады. Бұл жағдайда еттердің тонусы
күрт жоғарылайды да, жануарлардың денесі керіліп, аяқтары сіресе
жазылады, басы кекшиіп, құйрығы қайқая көтеріледі. Мұндай мал-
ды аяғына тұрғызып қоюға болады, бірақ оның кеңістіктегі кейпі
дұрыс жағдайда болмайды. Оны бүйіріне не арқасына жатқызып
қойса, аяқтары сіресіп, серейген күйінде қалады.
Децеребрациялық сіреспе Дейтерс торшаларын бұзғаннан соң
немесе ми мен жұлынның байланысын жойып, олардың арасын
тіліп тастағаннан кейін тиылады. Оның себебі Дейтерс торша-
ларынан тараған импульстер жазғыш еттердің тонусын шектен
тыс күшейтеді. Ал қызыл ядро Дейтерс торшаларының əрекетін
бəсеңдетіп отырады. Дененің жазғыш еттері рецепторларынан,
вестибулалық (сағалық) мүшелерден келген импульстер Дейтерс
торшаларының қозғыштығын күшейтеді. Сол себепті жазғыш ет-
терге новокаин ерітіндісін ексе немесе жұлынның үстіңгі түбірін
қиса, лабиринтті бұзса, децеребрациялық сіреспе тиылады. Дей-
терс ядросының белсенділігін мишық, қыртыс асты түйіндер,
үлкен ми жарты шарлары бəсеңдетеді.
Сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организм-
нің қимыл əрекетін (жүру, тұру) қамтамасыз етуде маңызды рөл
атқарады. Сопақша ми мен жұлыны сақталған жануарлар тек
Достарыңызбен бөлісу: