576
19.3.3. Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі
Ортаңғы ми сопақша ми мен көпір сияқты ми сабағының құ-
рылымы болып табылады. Ол көпір мен аралық мидың арасында
жатады, сегменттік сипаттан толық айрылады.
Сүт қоректі жануарларда ортаңғы ми дорсальдық жəне ба-
зальдық (негіздік) бөліктерден құралған (210-сурет).
Дорсальдық бөлікте төрт төмпешік орналасады. Бұл құ-
рылымдарда есту мен көрудің бағдарлау рефлекстерінің ор-
талық
тары орын тебеді. Алдыңғы екі жұп төмпешіктерде кө-
рудің бағдар
лау рефлекстерінің, ал артқы жұп төмпешіктерде
ес
тудің бағдар
лау рефлекстерінің орталықтары орналасады.
Осы орталықтар дың қатысуымен көз, құлақ жəне бас бейнелер
көрінген немесе дыбыс шыққан жаққа бұрылады.
Ортаңғы мидың базальдық бөлігін оның сабақтары құрайды.
Əрбір сабақ үш бөліктен - бүркемеден, қара төсеміктен жəне
табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро мен шығырлық,
көзқимылдық жүйкелер ядролары орналасады. Демек, ортаңғы
мидан ІІІ жəне ІV ми жүйкелері басталады. Бұл жүйкелер көз
алмасының еттерін жүйкелеп, көз қимылдарының үйлесімділігін
қамтамасыз етеді.
Қызыл ядро - дене қимылын реттейтін маңызды құрылым.
Рубро-жұлындық жол арқылы
ол жұлынның мотонейрондары-
мен байланысады. Қызыл ядро
үлкен ми жарты шарларының
қозғағыш аймақтарының қыртыс асты түйінен, мишық ядрола-
рынан жəне қара төсемік нейрондарынан қоздырғыш сигнал-
дар алады. Өз кезегінде ол сопақша ми орталықтарының (Дей-
терс торшаларының) қызметін тежей реттеп отырады. Оның
қатысуымен дененің кеңістіктегі қалпына қарай бұлшық ет тону-
сы өзгеріп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-
теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын
рететейді (211-сурет).
Жалпы алғанда, тонустық (дене қалпын сақтау) рефлекстер
Достарыңызбен бөлісу: