Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі



Pdf көрінісі
бет458/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20.6. Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі

Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда 

болады дедік. Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты 

(бейтарап), көзделген реакцияны өздігінен тудырмайтын тітір-

кендіргіштер əсері шартсыз, нақтылы əрекетті (шартсыз реф-

лекстік процесті) тудыратын тітіркендіргіштердің алдын алу 

керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше тамақ беру қажет. 

Егер əсер керісінше, болса (алдымен шартсыз, соңынан шартты 

тітіркендіргіш əсер етсе), шартты рефлекс қалыптаспайды.

Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның 

алғашқысы - жайылу (генерализация), екіншісі - нақыштану са-

тысы.

Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет қо сар-

лана қайталанса, алдымен малда бағдарлау, байыптау əрекеті,

 И. П. Павловтың айтуынша «бұл не?» реакциясы, байқалады. Бұл 

кезде малдың қимыл-əрекеті тежеліп, ол басын тітіркендіргіш 

көзі орналасқан жаққа бұрып, құлағын тікірейтеді, оның тыны-

сы мен жүрегінің қағысы өзгереді. Ал рефлекс қалыптаса, беки 

келе аталған реакциялар əлсірей бастайды да, жойылып кетеді. 

Шартты рефлекстің қалыптасуының алғашқы сатысында байып-

тау əрекеттерінің маңызы зор болады, олар орталық жүйке жүйесі 

торшаларының белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 

Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет тіркес 

əсер еткеннен кейін сигналға алғашқы жауаптар байқала бастай-

ды. Бұл кезде рефлекс тиянақты болмайды. Реакция тек шартты 

тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де ту-

ындай береді (жайылу сатысы). Тітіркендіргіштер əсері тіркес 

қайталанып отырса, шартты рефлекс бекіп, нығайып, тек шартты 

сигналға ғана жауап қайтарылады (нақыштану сатысы).



Шартты рефлекс ми қыртысындағы қатар қозған екі ор-

талықтың – шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер орта-

лықтарының арасында уақытша байланыстың пайда болуы 

нəтижесінде қалыптасады.


613

Шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексін қалып-

тастыру қүшін тəжірибені мына тəртіппен жүргізеді. Алдымен 

шам жағылады да, 10-15 секундтан кейін итке тамақ береді. 

Шартты, бейтарап тітіркендіргіш - шамның жарығы, көз рецеп-

торын қоздырады да, қозу импульсі афферентік жолмен қыртыс 

асты орталықтар арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі 

көру орталығына беріледі (229-сурет, І). Көру орталығымен 

қатар ізінше ми қыртысындағы шартсыз тітіркендіргіш əсерін 

қабылдаған ас қорыту орталығы да қозады (229-сурет, ІІ). Оның 

себебі шартсыз тітіркендіргіш (азық) əсерімен ауыз қуысындағы 

сезімтал жүйке ұштары (2) тітіркеніп, импульс сопақша мида 

орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі де, одан орталықтан 

тепкіш жүйкелер арқылы сілекей бездеріне бағытталып, сілекей 

бөлінеді, шартсыз сілекей бөлу рефлексі атқарылады. Бұл реф-

лекс атқарылғанда қозу толқыны тек сопақша миды ғана қамтып 

қоймай, өрлеу жолымен ми қыртысына дейін көтеріледі де, 

ондағы жоғары ас қорыту орталығы да қозады. Сонымен үлкен 

жарты шарлар қыртысында бір мезгілде екі орталық - көру жəне 

ас қорыту, қатар қозады. Тағы бір жайт, шартсыз тітіркендіргіш 

(азық) шартты сигнал - шам жарығымен салыстырғанда, күштірек 

қозу ошағын тудырады. Күшті қозған орталық əлсіздеу қозған 

орталықтан қозуды өзіне тартады да, соқпақтану процесі жүріп, 

екі орталық арасында байланыс пайда болады.

Егер шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер əсері бірнеше 

рет тіркес қайталанса, қозу импульсі көру орталығынан ас 

қорыту орталығына жақсырақ өте бастайды. Бір бағытта өткен 

қозу орталықтар арасында із қалдырады. Ақырында шам 

жағылғаннан кейін ит сілекей бөле бастайды. Бұл шамның 

жарығына шартты сілекей бөлу рефлексінің қалыптасқанының 

белгісі. Енді торлы қабық рецепторларынан көру орталығына 

бағытталған көру импульсі даңғыл жол-

мен ас қорыту орталығына беріледі де, 

одан төмендеу жолы арқылы сопақша 

мидағы сілекей бөлу орталығына тарай-

ды. Бұл орталықтан қозу импульсі сілекей 

бездеріне бағытталып, олар сілекей бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет