Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет460/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   542
230-сурет. Шартты рефлекстің қос бай-

ланысты доғасының схемасы: 

А, Ə – 

қас  қағу  жөне  қоректік  рефлекстердің  қыр  -

тыстық орталықтары; Б, В – сол реф лекс-

тер дің түбір асты орталықтары; І, І' – аф-

ференттік нейрондар, 2, 2' – аралық нейрон-

дар, 3, 3' – эфференттік нейрондар, 4, 5, 4' 

, 5' – афференттік нейрондардың синапстық 

байланысы, б – кері байланысты қамтамасыз 

ететін аралық нейрон мен табиғи (бейтарап) 

тітіркендіргішті қабылдайтын афференттік 

нейрон арасындағы синапс. І–ІІ – тура жəне 

кері шартты байланыстар




615

Уақытша байланыстың тұйықталуының физиологиялық не гі-

зінде жүйке орталықтарының басымдылық, даңғылдану, жинақ-

тау қасиеттері де жатады. Шартты рефлекстердің қалып тасуы 

барысында ми қыртысындағы шартсыз рефлекс орталығында 

туындаған қозу ошағы доминантты сипатқа ие болады. Ол 

шартты сигнал əсерімен пайда болған əлсіз қозу ошағынан 

импульстерді өзіне тартады. Орталықта шартсыз рефлекспен 

байланысты импульстер жинақталады да, оның қозғыштығы мен 

лабильділігі арта түседі. Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіш-

тер əсері қайталанған жағдайда орталықтың қозғыштығы мен 

лабильділігінің деңгейі жоғары шекке көтеріліп, қозған екі 

орталықтың арасы тұйықталады. Сондықтан қозу импульсі шарт-

ты рефлекс орталығынан шартсыз рефлекс орталығына ешбір 

кедергісіз өтеді де, тиісті рефлексті тудырады.

Шартты жəне шартсыз тітіркендіргіштер қабаттаса əсер ет-

кен кезде жүйке орталықтарының айналасындағы пресинапстық 

мембрана ұштары мен нейроглиялық торшалар мембранасын-

да ұзаққа созылған үйексіздену жүреді. Глиялық торшалардың 

негізгі қызметі - миелиндену процесін қамтамасыз ету. Бұл про-

цесті үйексіздену жандандыра түседі. Нейрон өсіндісінің пре-

синапстық аймағы глиялық торша өсінділерінде тұйықталады да, 

үйексіздену нəтижесінде миелинмен қапталып, қозуды өткізуге 

қолайлы жағдай туындайды. Синапсқа жеткен қозу импульсі 

көп мөлшерде медиатордың бөлінуін қамтамасыз етеді де, 

постсинапстық мембрананың үйексіздену деңгейі жоғары шегіне 

жетеді. Бұл қозудың синапс арқылы өтуін қамтамасыз етеді. Ал 

пайда болған миелин қабығының қабаттары қалыңдаған сайын 

бұл байланыс нығая түседі (231-сурет).

Уақытша байланыстың қалыптасу механизміне П.К.Анохин 

басқаша түсініктеме берген. Оның пікірінше, шартты жəне шарт-

сыз тітіркендіргіштер қабаттаса əсер еткен кезде рибонуклеин 

қышқылы молекуласының орналасу тəртібі өзгеріп, РНК қодының 

ауытқуына байланысты аксоплазмада 

белгілі жүй 

ке импульстеріне сезімтал 

ерекше белок молекулалары пайда бола-

ды. Осы молекулалар қозған екі орталық 

арасындағы бай ланыстың «сақтаушысы» 

қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет