Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет454/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20.3. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті зерттеу əдістері

Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың 

мінез-қылығын бақылау əдісі кең қолданылады. Бірақ бұл əдістің 

айтарлықтай кемшіліктері болғандықтан, оны басқа əдістермен 

қатар пайдаланғанда ғана дəйекті деректер жинақтауға болады.

Зерттеулерде ми қыртысын тітіркендіру əдісі де кеңінен пай-

даланылады. Ол үшін наркоз берілген малдың миын ашады да, ми 

қыртысының белгілі аймағына электр тогымен немесе химиялық 

заттармен əсер етіп, туындаған реакцияларды бақылайды. Осы 

əдісті қолдану нəтижесінде 1870 жылы Г. Фритч пен Э. Гитциг 

иттің ми қыртысында қозғағыш аймақтың шоғырланған жерін 

анықтаған. Кейінірек тітіркендіру əдісін қолдану нəтижесінде 

басқа жануарлардың ми қыртысындағы қозғағыш аймақтың ор-

наласу ерекшеліктері де анықталған.

Соңғы жылдары тəжірибе нəтижесіне наркоздың əсерін жою 

мақсатында арнаулы созылмалы тəжірибелер қолданылады. Ол 

үшін бас сүйекті тесіп, миға электродтар орнатады. Зерттеуді опе-

рация жарасы жазылғаннан кейін бастайды.

Ми қыртысының жеке бөлімдері мен аймақтарының қыз-

меті жайлы мағлұматтарды оның жеке аймақтарын сылып та-

стау тəсілі арқылы да жинақтауға болады. Операциядан кейін 

ми қыртысының алынып тасталған аймағымен байланысты 

қызметтер не жойылады, не бұзылады. Осы тəсілмен ми қыр-

тысының шүйде бөлімімен көру, самай бөлімімен есту қызмет-

терінің байланысты екені анықталды. Эволюциялық даму са-

тысында жануар неғұрлым жоғары орналасса, соғұрлым ми 

қыр тысын сылып тастаудың салдары ауырырақ болады.

Қазіргі кезде үлкен ми жарты шарлары қыртысының биотогын 

жазу əдісі кеңінен қолданылады. Ми биотогын тіркеу əдісін элек-

троэнцефалография, ал биотокты бейнелейтін қисық сызықты 

электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Ми биотогын өте 

сезімтал құрал - электроэнцефалографпен жазады. ЭЭГ жазу 

үшін қос үйекті (биполярлы) тəсілмен ток тартқанда екі электрод 

та бас терісінің екі жеріне жабыстырылады да, ми қыртысының 



607

екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмасын тіркейді. 

Сыңар үйекті (монополярлы) тəсілмен ток тартқанда белсенді 

электрод құлақ қалқанының ұшына бекітіледі. 

Бас сүйек құрылысының ерекшеліктеріне байланысты əр 

түлік малда электродтар əрқалай бекітіледі. Мысалы, ірі қараның 

бас терісі қалың, тері шелінің мықты дамуына жəне маңдай-

кеңсірік қойнауының (синусының) орналасу жағдайына байланы-

сты теріге жабыстырылған электродтарға биотокты жазған кезде 

кедергі көп болады. Осыны ескеріп А. Н. Голиков пен Е. И. Лю-

бимов (1969) электродтарды сиыр миының қатты қабығына біте 

жабыстырып орнату тəсілін ұсынды. Бұл тəсілді қолдана отырып, 

əртүрлі физиологиялық күйдегі мал миының түрлі аймақтарынан 

ток тартуға болады.

Ми қыртысының əртүрлі бөлігінің электроэнцефалограм-

масының өзіне тəн ерекшеліктері болады. Электр потен 

циал-

дарының жиілігі мен тербелістері малдың физиологиялық жағ-



дайына байланысты ауытқып отырады. Тыныштық жағдайда 

малдың көзін жауып қойса сирек, биік амплитудалы тербелістер 

байқалады (альфа-ырғақ). Малдың көзі ашық, сергек тұрғанда 

альфа-ырғақ жойылып, жиі, кіші амплитудалы тербелістер бай-

қалады (бета-ырғақ). Мал қалғып, ұйқыға көшсе, өте сирек жəне 

үлкен амплитудалы тербеліс - тета- жəне дельта-ырғақ тіркеледі 

(228-сурет).

Ми қыртысының қызметін 

зерттегенде  жасанды тудырыл-

ған потенциялдарды тіркеу тəсілі 

қолданылады. Тудырылған по тен-

циалдар деп түрлі рецепторлар-

ды тітіркендіргенде ми қыртысы 

беткейінде байқалатын электрлік 

реакцияларды айтады.

Тудырылған потенциалдар 

алғашқы жауап (АЖ) жəне соңғы 

жауап (СЖ) болып екі топқа 

бөлінеді.  Алғашқы жауап ар-

наулы афференттік жолды тітір-

кен 


діргенде ми қыртысының се-

зім тал аймақтарында тіркеледі. 

Бұл шоғырланған процесс, тек 

проек циялық аймақта байқалады. 



Соңғы жауап ми қыртысының 

ассоциативтік аймақтарында тір-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет