Шартты рефлекстерді зерттеуді И. П. Павлов 1900 жылдан
бастаған. Алғашқы кезде ол иттің қасында отырып, тамақ беруді,
тітіркендіргішпен əсер етуді өз қолымен атқарған. Бірақ мұндай
И. П. Павлов үлкен ми жарты шарлары қыртысының əрекетін
акциялары арқылы зерттеген. Шартты тітіркендіргіш ретінде
əр түрлі бейтарап тітіркендіргіштер - қоңырау, жарық, т.б. қол-
бағдарлауға мүмкіндік беруінде. Сілекей көп бөлінсе, қозудың
шартты рефлекстік əрекетін бақылауға мүмкіндік береді.
617
Малдың жоғары дəрежелі
жүйкелік қызметін зерттеуде
қазіргі уақытта кезінде В. М.
Бехтеров пен В. П. Протопов
иттің шартты рефлекстік əре-
кетін бақылау мақсатында қол-
данған қимыл-қорғаныс тəсілі
кеңінен қолданылады. Үй жа-
нуарларының сі ле кей бөлуін-
де көптеген ерекшеліктер бар,
сондықтан И. П. Пав лов тың
клас сикалық сілекей бөлу тəсі-
лін пайдалану нəтиже бер
мейді. Осымен байланысты жылқы
мен ірі қарада шартты рефлекс қалыптастыру мақсатында
қимыл-қорғаныстық тəсілі қолданылады. Бұл жағдайда шарт-
сыз рефлекс ретінде ин дукциялық токпен əсер еткенде малдың
аяғын бүгу реакциясы алынады. Токпен тітіркендіру үшін
малдың алдыңғы сирағының жүнін қырқып, теріні ас тұзының
ерітіндісімен дымқылдайды да, сол жерге индукциялық катуш-
камен жалғастырылған электрод бекітіледі (233-сурет). Əрбір
ауырсыну əсері қорғаныстық реакция тудырып, мал аяғын бүгіп,
көтереді. Аяқтың қимылын ауа үрленген арнаулы тіркегіш құрал
арқылы кимографқа жазып отырады. Шартты сигнал ретінде
əртүрлі дыбысты, заттың бейнесін, т.б. қолдануға болады.
Жануарлардың жоғары дəрежелі жүйке қызметін зерттеу үшін
қимыл-қоректік тəсіл кең қолданылады. Бұл əдіс жануарлардың
табиғи тіршілік əрекеттеріне сай келеді. Мал бөлмеде байланбай
бос ұсталады. Шартты сигнал ретінде қоңырау, электр шамының
жарығы, метрономның дыбысы, т.б. пайдаланылады. Шартсыз
тітіркендіргіш ретінде астауға азық салынады. Шартты жəне шарт-
сыз тітіркендіргіштер əсері бірнеше рет тіркес қайталанғаннан
кейін шартты рефлекс қалыптасып, мал сигналдан кейін астауға
өзі барады.
Достарыңызбен бөлісу: