кезеген жүйкелер арқылы реттейді. Барлық вегетативтік жүйкелер
жүйкелер екі нейроннан тұрады. Симпатикалық жүйкенің бірінші
симпатикалық түйінге келіп аяқталады. Бұл түйіндегі екінші ней-
талшықтары – жүрек еттерінің жиырылу күшін реттейді.
89
ды. Оның түйінге дейінгі ұзын (преганглийлік) өсінділері жүрек-
тегі жүйке түйіндеріне келіп аяқталады. Жүрек түйіндерінде
орналасқан екінші нейрондар өсінділері оң жақтан Кис-Фляк,
ал сол жақтан Ашофф-Тавар түйіндерінде аяқталады. Қарынша
ет
теріне кезеген жүйке жетпейді. Оң кезеген жүйке жүрек
жұмысының ырғағын, ал сол кезеген жүйке Ашофф-Тавар түйі-
нінің өткізгіштігін реттейді.
Кезеген жүйкенің жүрекке əсерін алғаш рет неміс ға
лым-
дары ағайынды Веберлер зерттеген. Иттер мен қояндарға жүр-
гізілген тəжірибелердің негізінде олар кезеген жүйкеге күшті
тітіркендіргішпен əсер еткенде жүрек жұмысының тоқтап қала-
тынын, ал əлсіз тітіркендіргіштің əсерінен жүрек ырғағының
баяу лайтынын дəлелдеді. Демек, кезеген жүйке жүрек жұмысы на
теріс əсер етіп, оның қызметін баяулатады (27-сурет).
Неміс ғалымы Энгельманның жіктеуіне сəйкес кезеген
жүйке жүрекке бес түрлі əсер етеді. Оны тітіркендіргенде жүрек
жұмысының ырғағы баяулайды (теріс хронотропты əсер – “хро-
нос” - латын тілінде уақыт деген мағына береді), жүрек еттерінің
жиырылу күші əлсірейді (теріс инотропты əсер, “инос” - талшық
деген мағына береді), қозғыштығы төмендейді (теріс батмо-
тропты əсер, “батмос” - табалдырық деген мағына береді),
өткізу жылдамдығы баяулайды (теріс дромотропты əсер, “дро-
мос” - жол деген мағына береді), теріс тонотропты əсер – жүрек
етінің тонусы төмендейді. Кезеген жүйкенің əсерінен жүрек
етінің рефрактерлік кезеңі қысқарып, мембраналық потенциал
өседі, гиперүйектену процесі байқалады. Кезеген жүйкені ұзақ
Достарыңызбен бөлісу: