Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет67/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

27-сурет. Жүрек қызметіне кезеген (А) жəне симпатикалық (Ə) жүйкенің 

əсері: 


1 - кардиограмма; 2 - жүйкелерді тітіркендірген мезгіл


90

тітіркендірсе, жүрек оның ықпалынан шығып кетеді де, жұмысын 

жиілетеді. Оң кезеген жүйке көбіне, Кис-Фляк түйініне, ал сол 

жүйке - Ашофф-Тавар түйініне əсер етеді.

Жүрекке симпатикалық жүйкенің əсерін орыс ғалымы Цион 

(1865), кейінірек И. П. Павлов (1887) айқындаған. Симпатикалық 

жүйке жүрекке оң əсер етеді. Қозу толқыны жүрекке симпатика-

лық жүйке арқылы тараса, онда жүрек жұмысының ырғағы 

жиілейді, жүрек етінің жиырылу күші артады, қозғыштығы жо-

ғарылайды, өткізгіштігі шапшаңдайды, тонусы артады. Демек, 

симпатикалық жүйке де жүрекке бес түрлі оң əсер етеді. Айта 

кетер жай, əрбір əсер арнаулы жүйке талшықтарының əрекетінен 

туындайды, аталған барлық əсерлерді қамтамасыз ететін əмбебап 

талшық болмайды.

И. П. Павлов зерттеулеріне сəйкес жоғарыда аталған əрбір 

əсерді реттейтін арнаулы жүйке талшықтары болады. Ғалым 

сим  

патикалық жүйкенің бір талшығын тітіркендіре отырып, 



оның жүрек ырғағын өзгертпей, тек қана жүрек етінің жиырылу 

күшін арттыратынын байқаған. Кейінірек дəл осындай тек қана 

жүректің жиырылу күшін əлсірететін талшықтың кезеген жүйке 

құрамында болатыны да анықталды. Жүректің жиырылу күшіне 

ғана ықпал етіп, басқа көрсеткіштерін өзгертпейтін осындай 

жүйке талшықтарын И. П. Павлов трофикалық (нəрлендіргіш) 



жүйкелер  деп атады. Оның пікірінше, мұндай жүйкелер орган-

дардағы зат алмасу процесін реттейді.

Жүрек жұмысын реттейтін жүйкелердің орталықтары əлсіз 

қозу жағдайында (тонуста) болады. Кезеген жүйкелерді қиып 

тастаса, жүрек қағысы жиілейді, ал симпатикалық жүйкелерді 

қиғаннан соң ол айтарлықтай сирей қоймайды. Демек, пара сим-

патикалық жүйкелердің тонусы симпатикалық жүйке тонуста-

рынан басымырақ. Қалыпты жағдайда парасимпатикалық жəне 

симпатикалық жүйке орталықтарының арасында үйлесімді байла-

ныс қалыптасқан. Олардың біреуінің қозуы күшейсе, екіншісінің 

қозуы - бəсеңдейді. Егер кезеген жүйкенің тонусы ұзақ уақыт 

күшейсе, жүрек қағысы сирейді. Бұл құбылысты брадикардия 

деп атайды. Кезеген жүйкенің тонусы əлсіресе, жүрек лүпілдейді 

(қағыс жиілейді), немесе тахикардия байқалады.

Кезеген жүйкелердің тонусы туа байқалмайды. Жаңа туған 

төлдерде ол сезілмейді де, тек қаңқа еттері қызметтерінің дамуы-

на байланысты қалыптасады. Демек, жүйке тонусының қалып-

тасуында еттерде орналасқан əртүрлі сезімтал жүйке ұштарынан 

келетін қозу толқындарының маңызы зор.



91

Жүрек жұмысы рефлекс түрінде де реттеледі. Мысалы, қан 

тамырларындағы сезімтал жүйке ұштары қан қысымының ауыт-

қуларынан тітіркеніп, тек тамырлар тонусына əсер етіп қана 

қой май, жүрек ырғағын да өзгертеді. Қан қысымы жоғарыласа, 

жүрек ырғағы баяулайды, ал төмендесе, жиілейді. Ішкі органдар 

рецепторларын күшті тітіркендірсе (мысалы, ішектегі сезімтал 

жүйке ұштарын), онда жүрек жұмысы тежеледі. Бұл құбылысты 



Гольтц рефлексі деп атайды.

Жүрек қызметі дене жұмысының, тіршілік ортасы темпера-

турасының, əртүрлі эмоциялардың, т.б. əсерінен де өзгереді. Бұл 

өзгерістердің барлығы орталық жүйке жүйесінің қатысуымен 

рефлекс жолымен жүреді.

Жүрек қызметін реттеуде сопақша ми орталықтарымен қатар

гипоталамус, лимбика жүйесі, ми қыртысындағы орталықтар да

қатысады. Жүрек жұмысына шартты рефлекстің қалыптасуы оны

реттеуге үлкен ми жарты шарларының қатысатынының айғағы. 

Жарыс алдында бəйгі аттарының жүрек жұмысының жиілеуі 

шартты рефлекстің белгісі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет