Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүрек қызметінің гуморальды жолмен реттелуі



Pdf көрінісі
бет68/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Жүрек қызметінің гуморальды жолмен реттелуі қан мен 

лифа құрамындағы түрлі биологиялық белсенді заттардың əсе-

рімен жүреді. Венгр ғалымы О. Леви 1922 жылы қозу процесі 

кезінде жүрек жүйкелерінің ұшында ерекше химиялық зат-

тар – “медиаторлар” түзілетінін дəлелдеді. Кезеген жүйке ұш-

тарында ацетилхолин, ал симпатикалық жүйке ұштарында - сим-



патин (норадреналин) бөлінеді. Олар қозу толқынының жүйке 

талшықтарынан жүрек еттеріне өтуін жеңілдетеді, өздерін 

бөлген жүйкенің əсерін қайталайды, шектеулі ғана белсенділік 

көрсетеді. Қанға сіңсе ацетилхолинді холинэстераза ферменті

ал норадреналинді - аминоксидаза ферменті ыдыратады. Бұл ме-

диаторлар жүрек жұмысына миокардтағы иондар концентрация-

сын өзгерту арқылы əсер етеді.

Жүрек жұмысына түрлі гормондар да əсер етеді. Бүйрек үсті 

безінің боз затының гормоны – адреналин, жүрек етінің жиы-

рылу күшін арттырып, жүрек жұмысының ырғағын жиілетеді, 

жүректің тамырларын кеңітіп, оның қоректенуін жақсартады.

Қалқанша без гормоны - тироксин, жүректің симпатикалық 

жүйке əсеріне сезімталдығын арттырып, оның қозғыштығын 

жоғарылатады, жұмысын жиілетеді. Глюкагон мен кортикосте-



роидтар да жүрек еттерінің жиырылуын күшейтеді.

Жүрек қызметін реттеуде кальций, натрий, калий иондарының 

да маңызы зор. Калий иондарының артық мөлшері Кейт-Фляк 

түйінінің пейсмекер торшаларының қозғыштығын басып, жүрек 




92

жұмысын тоқтатады. Кальций иондары жүректің қозғыштығын 

арттырып, миокардтың өткізгіштігін жоғарылатады, жүрек 

жұмысын күшейтеді. Бұл иондар қозу толқынының таралуын 

қамтамасыз етеді. Жүрек жұмысына оттегінің жетіспеуі, Н

+

 жəне 



НСО

3



 иондарының көбеюі жағымсыз əсер етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет