Оқулық. Алматы: «Нур-пресс», 2005. 90 с



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата09.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8726
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Психопатиялық  ағымның  негізін  қалаушы  неміс  психиатры  Курт 

Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж.) психопаттардың он типін бөліп, оның кем 

дегенде  жетеуі  қылмыс  жасауға  бейім  деп  есептейді.  Келесі  бір  неміс 

психиатры  Кречмер  Эрнест (1888-1964) антропологиялық  көзқараспен 

де  қабыса  кететін  психикалық  жағынан  гөрі  сыртқы  жағы  көзге  түсетін  

психопаттардың  төрт  типін  келтіреді.  Ю.М.Антонянның  ойынша 

 

5

 Êàèðæàíîâ Å.È. Ïðè÷èííîñòü â êðèìèíîëîãèè. À., 2002. Ñ. 38. 


 

 

37



                                                          

зорлықшыл  қылмыскерлердің  арасында  психопаттардың  үлесі 30%-ті 

құрайды.

6

Психоаналитикалық  ағымның  негізін  қалаушы  австриялық 

психолог  Зигмунд  Фрейд (1856-1940). Оның  айтуынша  адамның  екі 

негізгі  қоғаушы  инстинкті  бар:  бірі - өзін  өзі  қорғау  инстинкті,  екіншісі - 

жыныстық инстинкт (либидо). Алғашқысы тіршілік иесінің өзін ғана қорғау 

үшін  болса,  соңғысы  сол  эволюциялық  түрді  қорғау  үшін  қажет. 

З.Фрейдтің  өзі  сананы  екі  деңгейге  бөледі  және  санадан  да  жоғарғы 

нәрсені атап өтеді. Сананың астыңғы бөлігі, яғни бейсана құбылыс ''ол'' 

деп,  ал  сана ''эго'' (мен)  деп  аталады.  Ал  оларда  да  жоғары  тұрған 

қоғамдық  тәртіпті ''Жоғары  эго''  деп  атайды.  Либидо  бейсана  деңгейде 

(ол)  пайда  болып,  эгоға  көтеріледі.  Ал  либидоның  жасағысы  келген 

әрекетіне Жоғарғы эго рұқсат бермейді, осы кезде қайшылық туындайды 

және қайшылықтың орын алатын жері - эго. Осыдан ''Былай тартсаң, өгіз 

өлетін,  былай  тартсаң,  арба  сынатын''  жағдай  туындайды (7-суретті 

қараңыз). 



 

 

 



 

 

 



 

7-сурет.  З.Фрейдтің  психоанализі  бойынша  сана  деңгейлері 

мен  қоғамдық  тәртіптегі  инстинкттердің  жүзеге  асуы  мен 

мұқтаждықтарды сублимациялау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ÝÃÎ - Ìåí

ÎË - Áåéñàíà

Æûíûñòûº èíñòèíêò 

(ëèáèäî) 

´çií ¼çi ºîð¹àó 

Æî¹àðû ÝÃÎ - ²î¹àìäûº ò¸ðòiï 

 

Яғни,  оны  қанағаттандырсаң  қоғамдық  тәртіпті  бұзып  қылмыс 

жасайсың,  қанағаттандырмасаң  сананың  қызметі  бұзылып  аномалияға 

алып келеді. 



 

̽ºòàæäûºòàðäû ñóáëèìàöèÿëàó 

 

6



 Êðèìèíîëîãèÿ (Ïîä ðåä. Â.Í.Êóäðÿâöåâà, Â.Å.Ýìèíîâà). Ì., 1999. Ñ.142. 

 

 

38



                                                          

Сондықтын  да,  автор ''мұқтаждықтарды  сублимациялау''  жолын 

ұсынады,  яғни  келіп  тұрған  жағымсыз  энергияны  қоғамдық  тәртіпке 

қайшы  емес,  қайта  қоғам  өзі  қолпайштайтын  бағыттарға,  арналарға 

бұрып жіберу. Спортқа, көркем өнерге, ғылымға т.б. жолдарға. Мысалға, 

жануар  инстинкті  ұрып-соғуға  итермелесе,  онда  спортпен  айналыс. 

Аталған  мұқтаждықты  қылмыстық  жолмен  қанағаттандырсаң,  түрмеге 

қамайтын  болса,  спорт  арқылы  қанағаттандырсаң,  түрмеге  қамамақ 

түгілі, қолпаштап, алақанға салып жүреді: чемпион боласың! 

 

Басқаша әсірелеп айтқанда, ''Ол'' дегеніміз асау ат сияқты, ал ''Эго'' 

-  оны  үйретуші  шабандоз,  ал ''Жоғары  эго'' - аттың  жүруге  тиісті  жолы. 

Жабайы  жылқы  өз  бетінше  шапқысы  келеді,  жол  жалғыз-ақ,  ал  адам 

үстінде тізгінге ие бола алмай дал болады.

 

Бірақ  З.Фрейдтің  бұл  айтқандары  қылмыскерлірді,  әсіресе, 

зорлықшыл  қылымскерлерді  ақтап  алғандай  болды.  Себебі,  біреуді 

зорлап тастап, ''мен емес кінәлі, бәріне ''ол'' кінәлі, сол мені қысталаған'' 

деп  айтуы  әбден  мүмкін.  Осыған  байланысты  З.Фрейдттің  де 

сыншылары  жетіп  артылады.  Қарсыластары  санаға  бағынбайтын  деп 

жүрген  инстинкті  әуел  бастан  тәрбиелеуге  болатындығын,  Фрейд 

либидоның күшін соншалықты арттырып көрсететіндігін айтты. Фрейдке 

қарсылар ''жабайы  жылқыны''  құлыншақ  кезеңінен  жүгендеуді  ұсынады. 

Фрейдтің  либидосы  теологиядағы ''нәпсі''  ұғымымен  де  қабысады.  Сол 

сияқты фрейдтің Эдип комплексіне байланысты пікіріне қатысты дау да 

біртөбе  болып  келеді.  ''Эдип  комплексі'' -  фрейдизмнің  негізгі 

ұғымдарының  бірі.  Оның  мәнісі - әрбір  балада  ерте  балалық  шағында 

қарама  қарсы  жыныстағы  ата-анасына  жыныстық  әуестіктен,  өзінің 

жынысынджағы  ата-анасының  бірінің  өлімін  тілеуден  тұратын  бейсана 

сезімдердің  комплексі  туындайды-мыс.  Бұл  термин  құдайлардың 

қалауымен өз әкесін өлтіріп, шешесі екендігін білмей оған үйленген көне 

грек  аңызының  кейіпкерімен  байланысты.  З.Фрейд  бойынша  қыздарда 

аңыз  бойынша  әкесі  үшін  өш  алып  шешесін  өлтірген ''Электраның 

комплексі''  болады.  Кейіннен  адам  өсе  келе  өзінің  осы  жыныстық 

әуестіктері  үшін  ары  алдында  азап  шегеді.  Осыдан  барып,  бейсана 

деңгейде конфликтіге алып келетін кінәлілік сезмі пайда болады-мыс.



7

Дегенмен З.Фрейдтің ғылымға қосқан тағы бір үлесін айналып өтуге 

әсте  болмайды - ол  ең  алғаш  рет  ғылымға,  соның  ішінде  психология 

ғылымына  бейсана  құбылысты  енгізуі.  Бейсана  құбылыстарды  зерттеу 

криминология үшін де өз пайдасын тигізеді.

 

 

в) Социологиялық теориялар негізінен ХҮІІІ - ХІХ ғ.ғ. аралығында 

қалыптасты. 



 

Утопиялық  социализмнің  негізін  қалаушылар  Томас  Мор (1478-

1535)  біреулердің  кедейшілігі  мен  екіншілердің  паразиттік  өмірінің 

қылмыстылықпен  бірлікте  екендігін  атаса,  Томазо  Кампанелла  (1568-

1639)  да  осы  текте  көзқараста  болып  қоғамды ‘’әділдік  пен  теңдік’’ 

 

7



 Äæåêåáàåâ Ó.Ñ., Ðàõèìîâ Ò.Ã., Ñóäàêîâà Ð.Í. Ìîòèâàöèÿ ïðåñòóïëåíèÿ è óãîëîâíàÿ 

îòâåòñâåííîñòü. À., 1987. Ñ.55. 

 

 

39



принципіне  сүйеніп  қайта  құрмаса,  ештеңе  өзгермейтіндігіне  меңгейді. 

Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың 

себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.



 

Социал-утпоистер  Сен-Симон  (1760-1825),  Ш.Фурье  (1772-1837)



Роберт  Оуен  (1771-1858) - жеке  меншіктің  пайда  болуы  мен 

әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.



 

Неміс  криминалисті  Ф.Лист  (1851-1919)  тек  қана  эконмомикалық 

факторлар  ғана  емес,  қылмыстылыққа  соғыс,  алкоголизм,  кейбір 

дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес 

қосатынына назар аударды.

 

К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы 

күрес,  кедейшілік  және  осының  шиеленісуі  нәтижесінде  туындайтын 

антогонистік  көзқарасты  қылмыстылықтың  себептеріне  саяды.  Осы 

идеяларды  әрі  қарай  жалғаушы  болғанмен  де  В.Лениннің  (1870-1924) 

өзіндік ‘’тума  дақтар’’ (родимые  пятна)  теориясы  да  бар,  яғни  тума 

дақтар  адам  денесінде  емес,  санасында.  Қанша  жаңа  қоғамдық 

қатынастарға  икемделем  десе  де  адам  бұрынғы  феодализм  немесе 

капитализм  кезінде  қалыптастырған  көзқарастары  мен  мінез-құлқынан 

арыла алмай қалады..

 

Француз  социологы  және  философы  Э.Дюркгеймнің (1858-1917)- 

‘’аномия’’  теориясына  сәйкес ‘’Әуелгі  құдайлар  өліп,  кейінгі  құдайлар 

тумаған  кезде’’  аномия  болады  да  қоғамды  біріктіріп  тұрған  идеялар, 

нормалар бұзылады, біріккен топтар ыдырай бастайды, өйткені адамның 

ішкі рухы нық емес. Мысалға, осындай күйді біздің қоғамымыз өмір бойы 

коммунизмге  жетеміз  деп  ұрандап  келіп,  бір-ақ  сәтте  оның ‘’өліп’’ 

қалғанын  көргенде,  қоғам  енді  қай ‘’құдайға’’  табынарын  білмегенде 

болды десе болады.

 

Осы теорияның американдық нұсқасын жасаушы - Р.Мертон мұндай 

кезде  адамның  не  қоғамға  қарсы  бүлік  жасайтынын,  не  өзі  өмірден 

кететінін (өзіне қол салатындығын) айтады..



 

Американ 

ғалымы 

Эдвин 

Сатерланд 

(1883-1950) 



‘’дифференцияциялық  байланыс’’  теориясын  қалыптастырды.  Оған 

сәйкес  қылмыс - қылмыстық  тәртіпке  үйретудің  нәтижесі:  заңды 

сақтағаннан  гөрі  заңды  бұзғандағы  бағалау  жоғары  болғанда  орын 

алады. Мысалға, бәрі қылмыскер болып кетпесе де мектептегі ауытқып 

кететін  мінез-құлықты  қалыптастыруға  да  осындай  көзқарас  әсер  етеді. 

Айталық, оқушы 8-сыныпқа шейін үздік оқып келеді, бірақ ‘’өтпелі кезең’’ 

уақытында  онсыз  да  оның  үздік  мінез-құлқына  үйренген  сыныптастары 

қоршаған  ортасы  бәлендей  назар  аудара  қоймайды.  Ал  осы  кезеңде 

оның өз орнын анықтауға деген ұмтылыс айқын аңғарылады. Сөйте келе 

ол  сабақты  арасында  ғана  оқып  келуге  әуестенеді,  не  болмаса,  екі 

сыныптың  немесе  мектептің  ұлдары  шекісіп  қалғанда ‘’талповой’’ 

төбелесті  бастап  кеп  жібереді.  Ал  келесі  күні  оның  құрдастардың 

арасында ‘’крассавчик’’ екендігі  туралы сөз тарайда және ондай бағалау 

бұған  ұнай  түседі.  Не  болмаса  сыныпта  кейкілжіңге  келген  мұғалімді 

тыңдамай, далаға рұқсатсыз шығып кетеді: ‘’крассавчик’’.

 


 

 

40



Тағы  бір  американдық  болып  аталатын  социологиялық  теорияның 

бірі  ‘’субмәдениет’’  теориясы.  Қоғамдағы  өмір  сүретін  жекелеген 

топтардың 

да 


мәдени 

қалыптасқан 

байланыстары, 

құндылық 

иерархиясы  бар.  Олар  қоғамдағы  мәдениеттен  айырмашылығы  да 

болуы  мүмкін.  Ондай  кезде  қалыптасқан  құндылықтарды  қабылдамай, 

өз  топтарының  құндылығын  (иерархиясымен  қоса)  мойындайды.  Нағыз 

‘’байкердің’’ немесе ‘’рэпердің’’ образы, шайка мүшесінің бейнесі, ‘’вор в 

законе’’  бейнесі  т.б.  қоғам  мүшелерне,  әсіресе,  жасөспірімдерге  ықпал 

етпей қоймайды.  Осы аталған теория кеңес мемлекеттерінде пайда боп, 

өрістеген ‘’референттік топтар’’ теориясымен жанасады. Адам қоғамды 

өмір  сүру  барысында  бірнеше  топқа  мүше  болады,  бірақ  олардың 

маңызы  ол  үшін  бірдей  емес.  Тұлға  онымен  тығыз  байланыста  екенін 

сезініп,  өз  мінез-құлқын  бағалауға  келгенде  қай  топтың  көзқарасымен 

салыстыратын  немесе  келістіретін  болса,  сол  референттік  топ  болып 

табылады. 

Оның 

ақпараттық, 



нормативтік 

және 


құндылық-

бағалаушылық  функциялары  бар.  Қоғам  мүшелері  тек  дамыған,  үлгі 

боларлықтай  топтарға  ғана  емес,  сонымен  қоса,  артта  қалған,  қоғамға 

қарсы  топтарға  да  еліктейді,  онымен  снасады,  оны  үлгі  тұтады. 

Референттік топтар тек қана нақты өмір сүретін емес, абстрактілік идея 

да бола алады. 



 

 

 



3.  Қылмыстылықтың  себептерін  топтастыру.  Әр  түрлі  критерий 

бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады. 



 

а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:

 

1) 

барлық  қылмыстардың  (жалпы  қылмыстылықтың)  себептері 

(философиядағы ‘’жалпы’’ категориясына сәйкес келеді);

 

2) 

қылмыстылықтың  жекелеген  түрінің  себептері  (мысалға, 

меншікке  қарсы  қылмыстардың  немесе  кәмелетке  толмағандар 

қылмыстылығының 

себептері, 

бұл 


философиядағы ‘’ерекше’’ 

категориясына сай келеді);



 

3) 

жекелеген  қылмыстардың  себептері  (мысалға,  ұрлықтың 

себептері, бұл методологияның ‘’бөлек’’ категориясына сай). 

 

Бірақ  мұның  өзі  де  жеткіліксіз,  өйткені  өмірде  ‘’бөлек’’  категориясы 

өмір сүрмейді, ол тек ‘’жалғыз’’ категориясы арқылы өмірде орын алады. 

‘’Жалғыз’’  ол ‘’бөлектің’’  нақты  өмірдегі  көрінісі.  Бұл  категориялардың 

арақатанасын  мынандай  мысалмен  түсіндіруге  болады.  Мысалға,  сізге 

біреу ‘’адам’’  десе,  сіз  тек  қана ‘’Мұратты’’  елестетсеңіз,  бұл  елестету 

деп  аталады,  ал  егер  де ‘’адам’’  дегенде  барлық  екі  көзі,  екі  аяғы,  екі 

қолы  және  құлағы  бар  және  сөйлей  алатын  тіршілік  иесін  елестетсеңіз 

ол  ұғым  деп  аталады.  Бірақ  та  сол  адамыңыз  нақты ‘’Мұраттарсыз’’, 

‘’Қанаттарсыз’’, ‘’Сидор’’-‘’Сергейлерсіз’’  өмір  сүрмейді.  Демек,  ұғым 

(‘’барлық  адам’’)  бөлек  бөлса,  елестету  (тек  қана ‘’Мұрат’’)  ол  жалғыз 

деген  категория.  Сол  сияқты  ұрлықтың  себебі  дегеніміз  әлі  де  ‘’бөлек’’ 

категориясын  білдіреді,  ал  оның  әлі  де  Иванның  Сидордың  сиырын 

ұрлау  себебі,  Жанаттың  Талғаттың  ақшасын  ұрлау  себебі (‘’жалғыз’’) 

т.б. сияқты өмірдегі нақты көріністері бар. Тағы бір айта кететін жәйт - ол 


 

 

41



барлық қылмыстардың себептеріне байланысты. Олар әр қилы және әр 

тектес  екендігі  аян,  дегенмен,  әркімнің  көкейінде ‘’осы  себептердің 

барлығын  бір  біріне  кіріктіріп  келгенде  барлық  қылмыстардың  жалғыз 

ғана  себебі  шығар  ме  екен?’’-  деген  заңды  сұрақ  тұрары  анық.  Ондай 

‘’мынау’’  деп  айтарлықтай,  әлбетте,  себеп  жоқ.  Дей  тұрсақ  та, 

абстрактілік  ойлай  арқылы  бір  нәтижеге  қол  жеткізе  аламыз - ол 

қоғамдағы  қайшылық.  Біз  жоғарыда  қылмыстылықтың  анықтамасын 

берген  уақытта  тоқталып  өткендей,  қылмыстылық  атты  құбылыс  тек 

қана  тапқа  бөлінетін,  қайшылығы  бар  (антогонистік-антогонистік 

еместігіне  қарамастан)  қоғамға  ғана  тән  құбылыс  екендігін  айтқанбыз, 

демек  қылмыстылықтың  да  жалғыз  ғана ‘’себебі’’  ол  қоғамдағы 

қайшылық, 

қоғам 

мүшелерінің 



көзқарасарының, 

мүдделерінің, 

мұқтаждықтарының қайшылығы, үйлесімге келмеуі.

 

 

ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:

 

1) себептер; 

2) жағдайлар.  

Олардың  ең  басты  айырмашылығы  әсер  ету  пәрменінде:  себеп - 

салдарды  туындатады,  ал  жағдай - туындатпайды,  бар  болғаны  оның 

туындауына  жәрдемдеседі,  қолтықтап  демейді.  Себептерсіз  құр  өздері 

қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.

 

 

б) адам санасы мен еркіне бағыныштылығына қарай:

 

1)  объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын); 

2)  субъективтік  себептер  (адам  санасы  мен  еркіне  тікелей 

бағынышты);



 

3)  объективтік-субъективтік  себептер  (объективтік  өмірдің  де, 

субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).



 

 

в) 

мазмұнына 

қарай 

әлеуметтік-экономикалық, 

әлеуметтік-

психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.



 

Әдебиеттер: 

 

1. Вицин С.В.  Системный подход и преступность. М. 1980. 

2. Гришаев  П.И.  Структура    причин  преступности.  Классификация 

причин и условий  преступности. М., 1984. 

3. Долгова  А.И.  Взаимодействие  и  причинность  в  криминологии// 

Вопросы борьбы с преступностью.// вып. 34. М. 1981. 

4. Долгова  А.И.  Взаимодействие  и  причинность  в  системе    научного 

детерминического подхода к изучению преступности// Вопросы борьбы с 

преступностью// Вып.35 М.,1981. 

5. Дубинин  Н.П.,  Карпец  И.М.,  Кудрявцев  В.Н.  Генетика.  Поведение. 

Ответственность. М., 1984. 

6. Кузнецова  Н.Ф.  Проблемы    криминологической    детерминации.  М., 

1984. 

7. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968. 



 

 

42



8. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968 . 

9. Кудрявцев В.Н. Причинность правонарушений. М., 1976. 

10. Номоконов  В.А.  Преступное    поведение:  детерминизм  и 

ответственность. Владивосток, 1989. 

11. Қайржанов Е.І. Маскүнемдік – қылмыс көзі. А., 1993. 

12. Каиржанов Е.И. Причинность в криминологии. А., 2002. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

43



                                                          

4-тақырып: Қылмыскердің тұлғасы 

 

1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы. 2. Қылмыскер 

тұлғасының типологиясы.

 

 

1. 



Қылмыскер 

тұлғасының 

түсінігі 

мен 

құрылымы

Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын 

және  оның  қылмыстық  мінез-құлқына  ықпал  ететін  әлеуметтік-

демографиялық,  әлеуметтік-психологиялық,  адамгершілік,  құқықтық 

қасиеттердің,  белгілердің,  байланыстардың,  қатынастардың  жиынтығы. 

Ол адамның  әлеуметтік беті. Осы жерде Қаз дауысты Қазыбек бидің 



 

''Ерден ердің несі артық?



 

Ептестірген сөзі артық,



 

Малдан малдың несі артық?



 

Бір-ақ асым еті артық,



 

Жерден жердің несі артық?



 

Бір-ақ  уыс  шөбі  артық'',-  деген  аталы  сөзін  еске  алсақ  болады, 

адамнан  адамның  артығы - қасиетінде  ғана,  олар  да  өз  кезегінде  туа 

бітті  немесе  әлеуметтік  ортадан  алған  белгісі  болуы  мүмкін.  Айта 

кетерлігі,  қылмыскер  тұлғасы  мен  қылмыс  субъектісін  шатастырып 

алмау.  Қылмыстың  жалпы  субъектісі  үшін  бар  болғаны  адам  болуы, 

жасы  толуы  және  есі  дұрыс  болуы  деген  сияқты  үш  белгі  жеткілікті,  ал 

қылмыскер  тұлғасын  сипаттау  үшін  оның  бала  күнінен  бастап  бойына 

сіңірген  барлық  қасиеттерін  адақтап  шығу  керек.  Тіпті,  қылмыс 

субъектісінің  тұлғасы  десек  де  қателеспейміз.  Біреуді  бойы  ұзын  деп 

жақсы  көрсеңіз - ол  биологиялық  қасиеті,  енді  береуді  ақылды  деп 

сыйласыңыз - ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті. 



 

Қай  ортада  сыйлы-сыйсыз  болу  да  адамның  белгілеріне, 

қасиеттеріне  байланысты.  Бір  ортада  сұраныс  пен  қадірлеуге  ие  белгі 

келесі  ортаға  қажеті  шамалы.  Мысалға,  мектепте  бақылау  жұмысы 

үстінде  ақылды  бала  сыйлы,  өйткені  оның  есепті  тез  шығара  алатын 

қасиеті  бар,  ал  жоғары  сыныптың  балаларымен  есеп  айырысқанда 

басбұзар баланың сыйы артады, оған білімнің қажеті жоқ, тек төбелесе 

білу керек. 



 

Өмірде  мынау  қылмыскердің  тұлғасының  қасиеті  деп  шодырайып 

шығып  тұрған  қасиет  болмайды,  ол  қарапайым  өмірде  нақты  адамның 

белгілі  бір  қасиеті,  тек  оны  біз  сырттай  ғана  мына  қылмыскердің 

тұлғасын сипаттайтын ''бәлен'' деген қасиеттері бар деп бағалаймыз. 

 

 Осыған орай қылмыскердің тұлғасының құрылымына тоқталу ләзім. 

Қылмыскердің  тұлғасы  оның  анықтамасымен  тығыз  байланысты. 

Құрылымға  байланысты  мәселе  тек  тұлғаны  сипаттаушы  қасиеттерді 

топтастыруда ғана. Осыған қатысты да әр автор өзінше кесте жасайды. 

Мысалға, 

Н.Ф.Кузнецова

8

 

қылмысертің 



тұлғасының 

құрылымын 

былайша түзеді: 

 

 

 



 

 

44



 

Қалай?

 

Кім?

 

Неліктен?

 

Әлеуметтік 

рөлдік 

қасиеттері

 

Әлеуметтік-

демографиялық 

қасиеттері

 

Әлеуметтік-

психологиялық 

қасиеттері

 

Қылмыске


р

 

Құқық 


бұзушы

 

Еңбеккер


 

Отағасы


 

Белгілі  бір 

топтардың 

мүшесі


 

Жынысы


 

Жасы


 

Білімі


 

Әлеуметтік  тапқа 

жатуы

 

Материалдық 

жағдайы

 

Азаматтығы



 

Жан саулығы



 

Құқықтық 

психология

 

Еңбек психологиясы



 

Тұрмыстық 

психология

 

Адамдармен  қарым-

қатынас 

психологиясы



 

Өзін өзі бағалау



 

 

  Яғни,  әлеуметтік  рөлдік  қасиеттері ''Қалай  қылмыс  жасады?''-

дегенге  жауап  берсе,  әлеуметтік-демографиялық  қасиеттері ''Кім 

қылмыс  жасады?''-дегенге,  ал  әлеуметтік-психологиялық  қасиеттері 

''Неліктен қылмыс жасады?''-деген сұраққа жауап береді.



 

Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау 

ойды Б.В.Волженкин білдіреді:

 

1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері; 

2) барлық  қылмыскерлерге  тән,  бірақ  қарапайым  азаматтардан 

өзгеше белгілері;



 

3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері.

9

 

Ю.М.Антонян  қылмыскер  тұлғасын  құрайтын  қасиет-белгілердің 

жалпы схемасын былайшы көрсетеді:

 

 

Мінездік қасиеттер және өзге 

де психологилық ерекшеліктер

Адамгершілік ерекшеліктері 

мен бағдарлары, адамгершілік 

ұстанымдары



 

Кәсібилігі, Іскерлігі,  білімі



 

Өзі 


туралы 

ойы, 


өзіне 

көзқарасы



 

Қоршаған  орта  туралы  ойы, 

оған деген көзқарасы 

 

Жынысының, 

жасының, 

денсаулық 

жағдайының 

әлеуметтік аспектілері



 

Биологиялық фундамент (іргесі)



 

 

Ал  А.Б.Сахаров  пен  Ю.Д.Блувштейндікі  бірсыдырғы  болып  келеді. 

А.Б.Сахаров  үшке  бөлсе  (әлеуметтік-демографиялық;  әлеуметтік-

психологиялық;  әлеуметтік-биологиялық),  Ю.Д.Блувштейн  тұлғаны 

құраушы  қасиеттерді  беске  жіктейді:  демографиялық;  әлеуметтік; 

құқықтық; психологиялық; биологиялық (медициналық та осыған кіреді).



 

                                                           



9

 Âîëæåíêèí Á.Â. Îáùåñòâåííàÿ îïàñíîñòü ïðåñòóïíèêà è åå çíà÷åíèå äëÿ óãîëîâíîé 

îòâåòñâåííîñòè è íàêàçàíèÿ. Àâòîð. äèññ… ê.þ.í. Ë., 1964. 

 

 

45



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет