2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. Қылмыскер тұлғасын,
жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.
а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:
1) әлеметтік - демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына
қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.
2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар,
қызметкерлер,
оқушылар,
жұмыссыздар,
зейнеткерлер,
жеке
кәсіпкерлер т.б.
3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала
тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.
4) қылмыстық әрекетінің қарқыныдылығы мен сипатына қарай:
қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта
қылмыс жасаушы.
5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас
күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.
ә) тұлғалық-мотивациялық қасиеттеріне қарай:
1) аса қауіпті қылмыскерлер;
2) зорлықшыл қылмыскерлер;
3) пайдакүнем қылмыскерлер;
4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;
5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;
6) абайсызда қылмыс жасаушылар.
б) Жасаған қылмысының түріне қарай: 1) ұрылар; 2)
қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады.
Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың
өзін де жеке қасиеттері мен ''мамандығына'' қарай былай деп бөледі:
1. ''Медвежатниктер''- сейфті не өзге құлыпты ашып ақша
ұрлайтындар;
2. ''Қалташылар'' - қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;
3. ''Үйшілер'' - пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып
ұрлайтындар;
4. ''Дүкеншілер'' - дүкендерге түсетіндер;
5. ''Айдаушылар'' немесе ''Қуып кетушілер'' - автокөлікті талан-
тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;
6. ''Клюквеншілер'' - антиквариат болып табылатын құнды заттарды
ұрлаушылар және тағы да басқалар.
7. Осыларға біздің ''Барымташыларды'' да (мал айдап кетушілер)
қосуға болады.
Мал ұрлаудың да ''өнері'' сан-қилы. Мысалға, сиырды жеңіл
автокөлікке мінгізіп те ұрлайтындар бар. Жигулидің ішінде сиыр кетіп
бара жатыр деп ешкім де ойламайды. Оны жасау жолы - сиырдың
тілінен қысқашпен қысып қайда жетектесе де жүре береді екен. Не
болмаса, кез-келген мүйіз зат ыстыққа балқығыш болатыны айқын.
46
Осыны пайдаланып ұрлап әкелген сиырдың мүйіздеріне жаңа піскен
ыстық нанды ''кигізіп'', біраздан соң, мүйіздің өсу бағытын өзгертіп тастай
алатындар бар деген сөз бар. Иесі қанша қуып келсе де, сиырының
мүйізінің мезетте ''прическасы'' өзгеріп кете қояды дегенге сенбейді. Осы
жерде ұрылардың мықты психолог болатынын да ескерген жөн.
Мысалға, бір ұры арбаның бетін жауып алып құрылыс ауласынан шығып
бара жатқан жерінен ұсталыпты, жапқышын ашып қараса, ештеңе жоқ.
Келесіде де тағы осылай ұсталыпты, ұры екеніні білетін адамдар
арбаның бетін ашып көрсе, тағы да ештеңе жоқ. Тағы да бір рет осылай
қайталаныпты, сөйтсе, ол арба ұрлап жүр екен. Арбаның бетіп жауып
бара жатқан соң, адамның назары арбаға емес, оның ішіндегі затқа
ауады. Не болмаса, дәл осындай психологиялық трюк ертеректегі ет
комбинаттарынан қой ұрлағанда болған. Мысалға, түнгілік ет
комбинатына сойылуға келіп тұрған қойлардың бірінің аяғын байлап, үш
аяқты мотоциклдің жапсарындағы арбасына салып, басын ғана
шығарады да, қалған бөлшегін орап тастайды. Және жәй ғана басын
шығармай, оған каска кигізіп қояды. Ешқандай да МАИ қызметкері қойды
каска киіп бара жатыр деп ойламайды және түнгі жарық алдамшы екенін
ескеру керек.
Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық
жәйт, ол - оның ұрлыққа әуестігінен туындаған психологиялық
тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғн ұрламаса,
тұра алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі
ләззәт береді. Ел арасында өмір бойы барымтамен айналысып, қолдан
күші кетіп, жүруден қалған ұрының, өзіне қажет емес кемпірінің пышағын,
сарайдағы етті ''ұрлап'' алып кемпірін зар қақсататын шалдар туралы да
аңыз іспеттес оқиғалар кездеседі.
''Қалташылар''
қылмыс
жасау
тәсіліне
қарай
былайша
топтастырылады:
а) ''технарлар'' - арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып,
киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық жасайтындар;
ә) ''ширмачтар'' немесе ''қалқаншылар'' - әртүрлі заттармен (сөмке,
гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;
б) ''балықшылар'' - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің
көмегімен жасайтындар,
в) ''хирургтар'' - пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын
жерлерде ұрлық жасайтындар;
г) ''шымшуырлар'' - арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді
тіліп ұрлайтындар;
д) ''сілкушілер'' немесе ''сырғытушылар'' - мылқаулардың арасында
көп тараған бір затты нақты дәл қимылымен итеріп жіберу арқылы
ұрлайтындар. Мысалға, кеңестік мемлекетте ет комбинаттарында
бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы
дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру
жолымен ет ұрлайтындар болған.
47
ж) ''сөмкешілер'' - арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат
ұрлайтындар.
в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай:
1) ''кездейсоқ қылмыскерлер'' - алғаш рет кішігірім ауырлықтағы
қылмыс жасағандар;
2) ''ситуативтік қылмыскерлер'' - сыртқы жағымсыз жағдайлардың
ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;
3) ''тұрақсыз қылмыскерлер'' - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін
өзге құқық бұзушылық жасағандар;
4) ''кәнігі қылмыскерлер'' - бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап,
бұрын сотталғандар;
5) ''аса қауіпті қылмыскерлер'' - бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс
жасағандар.
г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:
1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері:
құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамқа қарсы бағыты және
криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер,
аса қауіпті рецидивистер).
2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз
және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен
болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны
өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.
3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес
келетін қылмыскер.
4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды
реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана
немесе абайсызда қылмыстар жасайды.
5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық
санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс
жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.
д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:
1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып
немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.
2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші, көп уақыт
пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың
басшылары да кіреді.
3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке
қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды
емес.
4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.
48
Әдебиеттер:
1. Антонян Ю.М. Изучение личности преступника. М., 1982.
2. Антонян Ю.М. Психологическое отчуждение личности. Ереван,
1987.
3. Антонян Ю.М., Гульдан В.В. Криминальная патопсихология. М. 1991
4. Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация
преступного поведения. Горький, 1974.
5. Личность преступника. М., 1975.
6. Сахаров А.Б. Личность преступника и причины преступности в
СССР. М., 1960.
7. Теоретические проблемы личности преступника. М., 1979.
8. Психологическое изучение личности преступника. М. 1979.
49
5-тақырып: Криминологиядағы виктимология
1.Виктимологияның түсінігі; 2. Виктимологияның пәні;
3. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері;
4. Жәбірленушілерді топтау; 5. Виктимизация.
1. Виктимологияның түсінігі. Атам заманнан ғылым пайда болғаннан
бастап онда екі түрлі процесс жүріп жатыр. Бірі - диференцияция
(бөліну) және интеграция (бірігу). Әуелгіде мифологиядан соң тек
философия ғана ғылым болып қалыптасты. Ол әрі дами келе
диференцияцияға ұшырады, яғни екі негізі бағытқа (жаратылыстану
және қоғамтану) ажырады. Жаратылыстану - астрономия, физика,
химия, биология, ботаника т.б. деп бөлінсе, қоғамтану - тарих,
социология, құқық, филология т.б. деп бөлшектенді. Тіпті олардың
әрқайсысынан да жаңа ғылым салалары бөлініп шықты. Мысалға,
құқықтың өзі де конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік т.б.
деп бөлінсе, азаматтық құқықтың өзінен де кәсіпкерлік, міндеттемелік
т.б. деп, экологиялық - жер, су, атмосфералық құқық деп бөлшектеніп
кетті.
Бұл дифиренцияция құбылысы бөліну қызық болғандығы үшін
жүрмейді, оның зерттеу пәні мен зерттеу әдісі ажырай бастағанда,
неғұрлым нақтылана бастағанда және оған идеялардың, білімдердің,
көзқарастардың қоржыны жеткілікті болғанда жүзеге асады.
Дәл сол сияқты ғылымда интеграция процесі де жүріп жатады, оның
қажеттілігі жалғыз ғылым біржақты кететіндіктен өзі толық шешуге
қабілетті болмағандықтан өзге ғылымдармен біріге отырып шешу керек
болғанда туындайды. Мысалға, жаратылыстанудан - физикалық химия,
биологиялық химия, гендік инженерия, кибернетика т.б.; құқыққа қатысы
бар ғылымдардан - құқықтық психология, құқықтық статистика, құқық
социологиясы т.б. ғылымдар осындай бірігуден туындаған ғылым
салалары. Осындай гәпті криминология ғылымы бойынша да айтуға
болады. Криминология ғылымдардың интеграциясы нәтижесінде
дүниеге келді, ол құқық, социология, психология, биология, статистика,
асторномия т.б. ғылым салаларының тоғысуынан туындады. Бірақ,
дүниеге жаңа ғана келіп, буыны бекімей жатып, өзінің құрсауынан жаңа
бір ғылым саласын қанаттандырмақшы (диференцияция). Ол -
виктимология. Виктимология латынша vіctіma (құрбан) және грекше -
logos (ілім) деген екі сөзден тұрады, яғни құрбан туралы ілім дегенге
келеді. Бірақ осы ілімнің табиғаты туралы ғылымда пікіралуандығы да
жоқ емес. Бұл туралы үш түрлі көзқарас бар:
1) Виктимологияны
криминологияның
саласы
деп
есептейтіндер;
2) Виктимологияны криминологиямен қатар өмір сүретін
салааралық ғылым деп санайтындар;
3) Виктимологияны жалпы барлық құбылыстардың құрбандары
туралы ғылым деп санайтындар.
50
Осы көзқарастардың қай қайсысы болса да заңды және өмір сүруге
құқығы бар. Мысалға, оны криминологияның ғана саласы деп есептейтін
алғашқы пікірдің қалыптасуы виктимологияның дәл қазір тек қана
криминологияның құрылымында (және өзге ешқандай да ғылымға
қатысы жоқ) тұруымен түсінідіріледі. Әлбетте, тақыр жерден ғылым
пайда болмайды, ол өзге ілімнің қоластынан белгілі бір қажеттіліктер
туындағанда бүр жарып шығады. Сол сияқты виктимология саласының
пайда болуы да қылмыстылықтың себебін анықтау мен оның алдын алу
үшін
тек
қылмыскерлерді
емес,
оның
құрбандарын,
яғни
жәбірленушілерді де зерттеу қажеттілігінен туындаған. Оның негізін
қалаушы неміс ғалымы Ганс фон Хенттинг (1948 жылы ‘’Қылмыскер
және оның құрбандары‘’ деген еңбек жариялаған). Осыған қарағанда
виктимология ілімінің мамандары криминолог ғалымдардың ішінен
шығатындығы да заңды да. Бірақ бұл уақытша құбылыс, ғылым бір
орында тұрмай оның жинақтаған көзқарастары мен идеялары
қордаланып тек қана қылмыс құрбандарымен ғана шектелмей өзге де
құбылыстардың құрбандары туралы да жүйелі білім жинақталып,
күндердің бір күнінде виктимологияның криминологиядан бөлініп шығу
қажеттігі де туындайды. Осы кезде жоғарыда айтқан үшінші көзқарас та
екінші көзқарас та жүзеге асады. Бірақ осыған бола дәл қазір осы үш
пікірді текетірестіріп, қызылкеңірдек болудың қажеті жоқ. Ғылым
аспаннан түспейді, алдымен оның алғышарты пайда болады, содан соң
ол әлі нақты кесіп айтар ережесі жоқ болжал күйіндегі теорияға
айналады, содан соң ілімге, содан соң нақты бұлтартпас ережелері бар
ғылым саласына айналады. Виктимология да осы жолдан заңды түрде
жүріп келе жатыр. Түптің түбінде, өз алдына бөлек ғылым болатыны аян.
Сол кездерде виктимология кем дегенде мынандай салалардан тұруы
әбден ықтимал:
• криминалдық
виктимология
немесе
криминологиядағы
виктимология (қылмыс құрбандарын зерттейтін сала);
• травмалдық виктимология - криминалдық емес травмотизмді
зерттейтін сала;
• психиатриялық виктимология - психикалық ауытқығандарды
олардың өздері қосқан үлесті ескере отырып, зерттейтін сала;
• катастрофалардың, экологиялық және табиғи апаттардың
виктимологиясы;
• техникалық қауіпсіздік виктимологиясы (еңбек қауіпсіздігін, өрт
қауіпсіздігін т.б. бұзумен байланысты виктимдік мінез-құлықты зерттейтін
сала);
• саяси жүйе виктимологиясы. Саяси жүйе құрбандарын зерттейді.
• құрбандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бағдарламалары
мен
шаралары,
виктимологиялық
профилактиканың
жүйесін
ұйымдастыру.
51
Егер де Эйлер шеңберіне сүйене отырып көрсетсек, мынандай сурет
шығады (8-суретті қараңыз):
8-сурет.
Криминология
мен
жалпы
виктимологияның
арақатынасы
• криминалдық
виктимология
• травмалдық
виктимология
• психиатриялық
виктимология
• катастрофалардың,
экологиялық
және
табиғи
апаттардың виктимологиясы;
• техникалық қауіпсіздік
виктимологиясы
•
құрбандардың
қауіпсіздігін
қамтамасыз
етудің бағдарламалары мен
шаралары, виктимологиялық
профилактиканың
жүйесін
ұйымдастыру
жүйесін
ұйымдастыру.
ÊÐÈÌÈÍÎËÎÃÈß
1. Виктимологияның пәні. Кеңес одағында жүргізілген кейбір
зерттеулерге орай қылмыс оқиғаларының 29%-нде жәбірленуші
қылмыстық әрекетке өзі ықпал еткен. Неміс ғалымдарының жүргізген
зерттеулері бойынша кісі өлтіру оқиғалары бойынша қылмыскер мен
жәбірленушінің арасында субъектілік-объектілік қатынастар 80%-нде, ал
денсаулыққа зиян келтіру мен зорлау қылмыстары бойынша 70%-нде
тән болған. Ал қарақшылық жасау әрекеттері бойынша мұншалықты
жоғары көрсеткіш тән емес, әдетте олардың жәбірленушісі бейтаныс
адамдар болады. АҚШ-тың зорлықшыл қылмыстардың себептері мен
олардың алдын алу жөніндегі Ұлттық комиссияның мәлімдеуінше тек
әйел жынысты адамды зорлау қылмыстарының 4%-нде ғана
жәбірленуші өзі қылмысқа үлес қосқан. Вайстың айтуы бойынша және
осы нәтиженің неміс полиция органдарында бірнеше мәрте
расталғанындай зорлау қылмысы бойынша 35-56%-нде қылмыскер мен
жәбірленуші қандай да бір қатынаста болған. Және неғұрлым
қылмыскер мен жәбірленушінің таныстық дәрежесі көтерілген сайын
қылмыс туралы жәбірленушінің полицияға хабарлауға деген дайындық
дәрежесі төмендейді. Осы нәтижелерді кейде криминология, соның
ішінде виктимологиялық профилактика ғана емес, криминалистика да
қолдана алады. Мысалға, кісі өлтірушіні бірінші кезекте таныстардан
52
іздесе, тонау мен қарақшылық жасаушыны кездейсоқ адамдардың
қатарынан да іздестіре алады.
Криминологияның саласы ретіндегі виктимология төмендегідей
құбылыстарды зерттейді:
• қылмыс
құрбандарының
моральдық-психологиялық
және
әлеуметтік
сипаттамалары
(қандай
қасиеттеріне
қарай
адам
жәбірленушіге айналды?)
• қылмыскер мен жәбірленушіні байланыстыратын қатынас (бұл
қатынастар қылмыстың жағдайын туғызуға қаншалықты әсер етті?)
• қылмыстың алдындағы және қылмыс үстіндегі ситуация
(жәбірленушінің әрекеті не әрекетсіздігі қылмысқа қаншалықты ықпал
етеді?)
• құрбанның
посткриминалдық
мінез-құлқы
(құқық
қорғау
органдарына жүгінді ме, әлде ақиқатты орнықтыруға кедергі келтірді
ме?)
• профилактикалық
сипаттағы
шаралар
(жәбірленушілердің
қорғану мүмкіндіктері қандай?)
• қылмыс арқылы келтірілген зардаптың орнын толтыру жолдары.
Кей уақыттарда виктимологияның пәнін қысқаша қылмыс
жәбірленушілерінің тұлғасы мен мінез-құлқы деп те айта салуға болады.
3. Виктимділіктің түсінігі мен түрлері. Криминологияда vіctіma
(құрбан) түбірінен тұратын үш түрлі ұғым қолданылады. Олар -
виктимология, виктимизация және виктимділік. Оның виктимологиясы
құрбан туралы ілім екенін айттық, ал виктимизация болса, адамның
қылмыс құрбанына айналу процесін білдіреді.
Виктимділік - өзіне тән қаситтерге не атқаратын қызметіне
байланысты тұлғаның қылмыс жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі.
Ол бейімділік оның өз мінез-құлқына да тәуелді бола алады немесе оған
тәуелсіз объективті де өмір сүре алады.
Индивидуалдық виктимділік - белгілі бір тіршілік жағдайына
байланысты (ситуацияға) қылмыс жасау үшін жағдай жасауға
жәрдемдесетін
жеке
индивидтің
әлеуметтік,
биофизикалық,
психологиялық сипаттағы қасиеттері.
Түрлік виктимділік - бірқатар мән-жайларға орай кейбір жеке
адамдардың белгілі бір қылмыс түрлерінің құрбаны болуға бейімділігі
(тонау, зорлау).
Топтық
виктимділік - демографиялық,
психологиялық,
биофизикалық және басқа да қасиеттері ұқсас адамдардың қылмыс
құрбаны болуға бейімділігі (инкассаторлар, күзетшілер, таксистер).
Жаппай виктимділік - адамдардың белгілі бір бөлігінің
субъективтік қасиеттеріне қарай қылмыстан тәни, моральдық,
материалдық зардап шегуінің объективтік мүмкіндігі.
|