2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың мынандай
көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.
19
Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетте
белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны.
Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс
жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517
болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790 болған.
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
деңгейі
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
деңгейі
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
деңгейі
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
деңгейі
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
деңгейі
1960
29426 1969 52567
1978 70140
1987 98023
1996
183977
1961
43174 1970 56164
1979 73309
1988 103039 1997
165401
1962
44674 1971 54766
1980 76517
1989 135338 1998
142100
1963
43582 1972 54483
1981 81397
1990 148053 1999
139431
1964
39579 1973 55938
1982 82690
1991 173858 2000
150790
1965
38930 1974 59873
1983 99415
1992 200873 2001
152168
1966
49065 1975 61217
1984 99171
1993 206006 2002
135151
1967
49357 1976 62748
1985 103587 1994 201796
2003
11848
5
1968
53090 1977 61886
1986 99417
1995 183913
Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы
анықтауға болады. Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс
жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі
бола алады. Мысалға, фактіге қатысты коэффициент (Кф) былайша
есептеліп шығарылады:
Кф = қылмыс фактілерінің саны х 10 000 (масса)
Халық саны
Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен
келгендігін көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең
шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның
коэффициентін есептесек,
Кф = 206 006 х 10 000 (масса) = 121, 18
17 000 000
яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал
2002 жылы болса 135 000 қылмыс жасалды, яғни
Кф = 135 151 х 10 000 (масса) = 96, 53
14 000 000
демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген.
Ал 2003 жылғы ахуал одан өзгеше:
20
Кф = 118 485 х 10 000 (масса) = 84, 63
14 000 000
Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің
ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың
қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың
бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы
халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны демекші оның өзін
екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі
барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық жасына
жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт
жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай
жүргізілетін себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен
уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс
жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы
адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.
Коэффициенттің
екінші
түрі
тұлғаға
қатысты.
Аталмыш
коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула
қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс
жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,
Кт = қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса)
Халық саны
Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс
фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың
халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.
Қылмыстылықтың құрылымы - бұл белгілі бір аумақта белгілі
бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты
қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының
арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:
Ққ = Қт х 100
Қб
Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың құрылымы; Қт- нақты
қылмыстылықтың түрі; Қб - барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз
процентті анықтаушы көрсеткіш.
Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес
салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы
қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр
мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы -
53% те 47%; 2002 жылы - 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда
барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес
салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы - 2531
болса, пайдақорлық-зорлықшыл қылмыстар (бандитизм, қорқытып
алушылық, тонау, қарақшылық) - 13285, ал Есірткімен байланысты
қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек,
бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты
олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).
Заңдылық,
сол
сияқты,
жалпы
қылмыстылықтағы
жеке
қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда
байқалады. Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың соңғы
1-сурет. Қылмыстылықтың 2002 жылғы құрылымы
21
1
87%
2
3%
3
9%
4
1%
1
2
3
4
Ïàéäàºîðëûº-çîðëûºøûë
ºûëìûñòàð
Êiñi ¼ëòiðó ºûëìûñû
бес жылдағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін былайша көрсетуге
болады (2-суретті қараңыз):
Жылдар
Кісі
өлтіру
Үлес
сал
мағы
Пайдақ
орлық
-
зо
рл
ықш
ы
л
қы
лмы
ста
р
Үлес
сал
м
ағы
Әйел
жынысты
адамды
зо
рл
ау
Үлес
сал
м
ағы
Барлық
қы
лмы
с
саны
1998
2531 1,78% 13285
9,33% 1190
0,84% 142100
1999
2374 1,70% 13358
9,57% 1066
0,76% 139431
2000
2325 1,54% 12772
8,46% 1299
0,86% 150790
2001
2160 1,41% 10895
8,47% 1516
1%
152168
2002
1967 1,45% 11856
8,76% 1298
1%
135151
2-сурет. Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының
динамикасы
0,1
1
10
1
2
3
4
5
Ïàéäàºîðëûº-çîðëûºøûë
ºûëìûñòàð
Êiñi ¼ëòiðó
Åñiðòêiìåí áàéëàíûñòû
ºûëìûñòàð
´çãå ºûëìûñòàð
22
Қылмыстылықтың
динамикасы
-
белгілі
бір
кезеңдегі
қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы.
Динамиканы анықтауға байланысты үш түрлі есеп түргізуге болады:
1) ағымдағы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;
2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық
сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;
3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.
Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады:
базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.
Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың
көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол
салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады.
Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша
процентке артып кеткендігі ''+'' таңбасы қойыла отырып жазылады, ал
керісінше болса ''-'' таңбасы қойыла отырып жазылады.
Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл
әдісте бір ғана жыл базис деп алынбайды, оның орнына үнемі алдыңғы
жыл алынып отырады.
Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылықтың қозғалысын 1990
жылдың көрсеткішімен (базистік әдіс) және алдыңғы жылдарымен
(жалғаспалы әдіс) салыстырып шығайық.
Жылдар
Қылмыс
-
тылық
-
тың
деңг
ейі
1990
жылмен
са
лы
стыр
ғанда
Алдыңғы
жылдар
-
мен
са
лы
стыр
ғанда
1990
148053
-
-
1991
173858
+17,4%
+17,4%
1992
200873
+35,6%
+15,5%
1993
206006
+39,1%
+2,5%
1994
201796
+36,2%
-2%
1995
183913
+24,2%
-8,8%
1996
183977
+24,2%
+0,03%
1997
165401
+11,7%
-10%
1998
142100
-4%
-14%
1999
139431
-5,8%
-1,87%
2000
150790
+1,8%
+8,14%
2001
152168
+2,7%
+0,91%
2002
135151
-8,7%
-11,18%
2003 118
485
-19,9% -12,3%
Үшінші интервалдарды біріктіру әдісінің бар айырмашылығы -
бір жылдың ғана емес бес жылдықтардың, онжылдықтардың немесе елу
жылдықтардың көрсеткіштері алынып, жоғарыдағы екі әдістің бірін
23
қолдана отырып есеп жүргізіледі. Ол көрсеткіштерді қоса отырып,
абсолюттік санын алуға да, не болмаса олардың орташа көрсеткішін де
алуға болады. Мысалға, 1960 жылдан бері қарайғы қылмыстылықтың
көрсеткіштерінің әрбір он жлдығын алып көрелік (3-суретті қараңыз).
Онжылдық
-
тардағы
қыл
м
ыст
ы
-лық
Он
жыл
бойына
жасалғ
ан
қылмы
с-
тар
саны
Онжылдықтағы
орт
аш
а
көрсет
кіш
60-
жы
лдардағы
көрсеткі
шпен
салы
сты
р
ған
д
а
Алдыңғ
ы
онжы
лдықпен
салы
сты
р
ған
д
а
Әр
бі
р
10 000
халыққа
шаққандағы
коэффиц
и
ент
ХХ ғ. 60-
жылдары
443444
44344,4
-
-
47,2
ХХ ғ. 70-
жылдары
554418
55441,8
+25
+25
43,6
ХХ ғ. 80-
жылдары
978590
97859
+120
+76
62,5
ХХ ғ. 90-
жылдары
1745408
174540,8
+293
+78
124,2
3-сурет. Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың
соңғы 40 жылдағы динамикасы
0
100
200
300
1
2
3
4
90-жылдар
80-жылдар
70-жылдар
60-жылдар
24
3. Латенттік қылмыстылық. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр
түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс
қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен
шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген
мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты
көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл
осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да
қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде
келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де
жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.
Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша
анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық
қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1/100;
қарапайым ұрлық - 1/20; ірі мөлшердегі ұрлық - 1/8; тонау - 1/5; алаяқтық
- 1/20 т.б.
Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи)
және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі
себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар. Мысалға,
есік алдындағы ұрланған нәрсеге ‘’садақа’’ деп ешкімге жүгінбеу. Ал
соңғысы құқық қорғау органдарына хабарланғанмен де осы
органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған қылмыстар.
Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс
істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату
үшін, жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды
тіркемей қою, қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз
жоқ қылу т.б. Осы соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ
құқық қорғаушылар күштеп төмен басады (4-суретті қараңыз).
Кейбір авторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін
ұсынады - ол дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер.
Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі,
қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік
қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау
органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде
де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы
қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде
100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар
құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір
бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек
бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді. Осы жерде латенттік
қылмыстылықтың жағымсыз салдарын айта кетейік, ол:
- қылмыстылықтың шын мәніндегі мөлшері, деңгейі, құрылымы,
динамикасы, әкелген зияны туралы пікірді бұрмалайды;
- қылмыстылықты болжаудың дұрыстық деңгейін төмендетеді,
қылмыстылықпен күресудің бағытын анықтауда қиындық туғызады;
- жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың болмай қоймайтындығы
туралы принципті жүзеге асыруға кедергі келтіреді;
25
- құқық қорғау органдарының беделін түсіреді;
- қылмыстылықтың, әсіресе, рецидивтік қылмыстылықтың өсуіне сеп
болады;
- азаматтардың
қылмыстылықпен
күресудегі
белсенділігін
бәсеңдетеді.
Жасалып
жатқан
қылмыстардың
бәрі
бірдей
мөлшерде
жасырылуға қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке
бөлінеді:
4-сурет. Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық
туралы иллюстрация
Æàñûðûí (òàáè¹è)
ëàòåíòòiê ºûëìûñòûëûº
Æàñûðûë¹àí (æàñàíäû)
ëàòåíòòiê ºûëìûñòûëûº
Çåðòòåëóãå
½øûðàéòûí ºûëìûñòûëûº
1. Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру,
қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);
2. Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);
3. Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық,
броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).
Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке ие болуы оларды
жасаушы мен жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың
ауырлық деңгейіне байланысты. Жалпы алғанда, қылмыстардың
латенттілік деңгей мен олардың ауырлық деңгейі кері пропорционалды,
яғни неғұрлым қылмыс ауыр болған сайын соғұрлым оның латенттілік
деңгейі төмендейді. Қылмыс жеңіл болса, қолды бір-ақ сілтеуге де оңай
және жасыруға да болады (мысалға, жеңіл жарақатқа - құлап қалдым,
26
есікке соғып алдым деуге). Ал ауыр қылмысты жасыру да қиын, қол
сілтеуге де ауыр (мысалға, кісі өлтірілсе , мүрдесі бәрібір табылады
немесе ауыр дене жарақатын төсек тартып жатып, құлап қалдым деп
айта алмайды). Бірақ, бұл үнемі қылмыстың ауырлығына қарап
латенттілік деңгейін өлшеуге болады дегенді білдірмейлі, себебі, кейде
қылмыс қанша ауыр болса да, тым жеке сипатта болуы мүмкін (мысалға,
әйел зорлау), сондықтан көп хабарланбай да қалуы әбден ықтимал. Сол
себепті де барлық жағдайда деп емес, жалпы алғанда деп беріліп отыр.
Ресейде 60 құқық қорғауоргандарының қызметкерлерінен сұраунама
жүргізгенде олар латенттілік деңгей жалпы қылмыстылықтың 73,4%-не
нұсқаған, соның ішінде, ұрлық - 68,4%, тұтынушыларды алдау - 67,8%,
брокеньерлік - 72%, бұзақылық - 38,6%, парақорлық - 95,2% деген
қортындыға келген.
2
Ал Т.К.Щеглованың басшығында 20 ғылыми қызметкерлер мен
практиктердің қатысуымен зерттеу нәтижелері төмендегідей: ұсақ талан-
тараж - 85-90%, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу - 80-
85%, тұтынушыларды алдау - 60-75%, алаяқтық - 40-60.
3
Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі
қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу
керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар.
Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды
талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.
Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның
өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.
Мысалға олар мынандай сыңайда болып келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |