Оқулық. Алматы: «Нур-пресс», 2005. 90 с



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата09.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8726
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4.  Жәбірленушіні  топтау.  Біз  жоғарыда  қылмыскер  тұлғасына  сай 

келетін  белгілеріне  орай  оларды  топтастырдық.  Жәбірленушілерді  де 

қылмыскер  тұлғасы  сияқты  жас  мөлшеріне  қарай,  рөлдің  статусына 

қарай,  қылмыскермен  қатынасына  қарай,  адамгершілік-психологиялық 

белгілеріне  қарай,  олардың ''кінәсінің''  деңгейіне  қарай,  олардың  мінез-

құлқының  сипатына  қарай  топтастыруға  болады.



10

  Соның  бірі 

жәбірленушілерді оларға тән белгілеріне қарап топтастыру. 

 

1)

 

универсалдық  тип - бұлар  барлық  қылмыстың  әртүрлі 

жағдайларда жәбірленушісі бола алады.



 

2)

 

таңдаулы  тип  -  тек  белгілі  бір  қылмыстардың  құрбаны  бола 

алады.  Тұрмыстық  агрессивтілігі - денсаулығына  қарсы  қылмысқа, 

кәсіпкерлік қызметі - оған қарсы мүліктік қылмысқа сеп болады т.б.

 

3)

 

ситуациялық  тип - олардың  виктимдігі  орташа,  ситуацияға 

байланысты қылмысқа сеп болады.



 

4)

 

кездейсоқ тип - жол-көлік оқиғасының т.б. құрбаны болу мүмкін.

 

5)

 

кәсіби тип - оның құрбан болуы кәсібіне байланысты.

 

Тағы  да  бір  критерийдің  түрі  ол - жәбірленушінің  мінез-құлқының 

сипатына қарай:

 

1)  белсенді жәбірленушілер - қылмыскерді өздері қоздырмағанмен, 

оған көмектесуші:  саналы қоздырушылар, абайсыз қоздырушылар т.б.



 

2)  бастамашы  жәбірленушілер - жалпы  мінез-құлқы  жағымды 

сипатта  болғанмен,  осы  әрекеті  өзіне  зиян  келтіруге  әкеп  соғады: 

лауазымына  қарай,  қоғамдағы  жағдайына  қарай,  жеке  қасиеттеріне 

қарай бастамашы болып табылатындар.



 

3)  Бәсең  жәбірленушілер - әр  түрлі  себептермен  қылмыскерге 

қарсылық  көрсетпейтін  құрбандар:  қарсылық  көрсетуге  объективтік 

қабілетсіз, қарсылық көрсетуге объективтік қабілетті.

 

4)  Бейтарап  жәбірленушілер - қай  жағынан  келсең  де  мінез-құлқы 

мінсіз  жәбірленушілер:  ешқандай  да  жағымсыз  кейіпте  болмаған  және 

жәбірленуші ситуацияны сыни бағамдай алған.

 

5)  Бағамдай  алмайтын  жәбірленушілер - өмір  жағдайын  дұрыс, 

сыни  көзбен  бағалай  алмайтындар:  білім  деңгейі  төмен,  ақылы  кем, 

кәмелетке толмаған, қариялар, сырқат құрбандар. Сол сияқты осы топқа 

ешқандай жастығы, ауытқушылығы және сырқаты болмаса да бағамдай 

алмайтындар  бар.  Мысалға,  кешқұрым  троллейбуста  отырған  студент 

қыздар  өздеріне  қарағыштай  берген  жігіттерді ‘’танысқылары  кеп  отыр’’ 

деп  топшалайды.  Осылайша,  бұлар  көліктен  түсіп  жатақханаларына 

қарай кетіп бара жатып, жаңағы жігіттердің де түсіп қалғанын аңғарады. 

Танысқысы  кеп  отыр  деген ‘’күдіктері’’  ақталған  олар  енді  жаңағы  еріп 

келе  жатқан  жігіттер  тезірек  жетіп  алу  үшін  баяу  жүре  бастайды.  Ал 

‘’танысқыш’’  жігіттеріміз  жақындай  бере  қыздардың  құндыз  бөркін  ала 

қашады  (тонау).  Ситуация  шынымен  де  қауіпті  болса,  оны  дәл  сол 

күйінде емес, мүлде өңі айналған күйде бағалайтын құрбандар бұлар. 

 

 

 

10



 ²àðà»ûç: Ðèâìàí Ä.Â. Êðèìèíàëüíàÿ âèêòèìîëîãèÿ. ÑÏá, 2002. Ñ.ñ. 44-56. 

 

 

54



                                                          

5.  Виктимизация  туралы  неміс  ғалымдары  оны  бірнеше  деңгейге 

бөледі. Бірінші деңгейдегі виктимизация - ол жәбірленушінің қылмыстан 

тікелей шеккен материалдық, тәни, моральдық, психикалық зардаптары. 

Ал  екінші  деңгейдегі  болса,  ол - қылмыстан  жанама  келетін  зиян 

түрлері,  атап  айтқанда,  жәбірленушіге  қылмыс  жасаудан  кейінгі 

қоршаған  ортасының,  құқық  қорғау  органдарының,  дәрігерлердің 

көзқарасының өзгеруі жатады. Осы неміс ғалымдары үшінші дәрежедегі 

виктимизацияның  әлі  де  зерттелмегенін  айта  келе,  оны  (Баурман) 

жәбірленушіні өз мақсаттарында қолдана отырып оларға келген зиянды 

есепке  алмастан  зерттеушілер  мен  лауазымды  тұлғалардың  өзіне 

жүктелген  міндеттерін  асыра  пайдалану  процесі  деп  түсінеді  (карьера, 

сол уақыттағы қылмыстық саясат). Төртінші дәрежедегі виктимизация - 

құқық қорғау органдары мен өзге тұлғалардың тарапынан саналы түрде 

жабылған  жаласынан  жәбірленушілерге  зиян  келтіру  процесі  (мысалға, 

зорланған адамды олардың таққан айыбы жалған деп бетке шіркеу ету, 

зорлық 

жасаған 


күйеуін 

қылмыстық 

жауаптылыққа 

тартпай 


жәбірленушіні бұзылуына ықпал етеді).   

 

Виктимизация 

процесі 

кезіндегі 

де 

қылмыстық 



болашақ 

жәбірленушілерінің  мінез-құлқын  да  топтастыруға  болады.  Оларды 

қылмысқа дейінгі, қылмыс үстіндегі және қылмыстан кейінгі деп жіктеуге 

болады. 


 

Жәбірленушінің  қылмысқа  дейінгі  мінез-құлқын  үш  топқа  бөлуге 

болады:

 

а)  қоздырушы - тұлға  өз  әрекеті  арқылы  криминогендік  ситуацияны 

жасайды (мысалға, ‘’еркек емессің деп’’ қайрау).

 

ә)  белсенді - өзі  криминогендік  жағдайды  туғызбайды,  бірақ  оның 

туындауына  елеулі  түрде  ықпал  етеді  (жоғарыдағы  троллейбустағы 

қыздарды еске түсіріңіз).



 

б) бәсең (пассивті) - жәбірленушінің мінез-құлқы  мен қылмыскердің 

оны таңдауында ешқандай байланыс болмайды.

 

Жәбірленушінің қылмыс үстіндегі мінез-құлқы да үшке бөлінеді:



 

а) қылмыстық ниетті жүзеге асыруға жәрдемдесетін;



 

ә) қылмыстық ниетпен байланысы жоқ ‘’бейтарап’’ мінез-құлық;



 

б)  қылмыстық  ниетті  жүзеге  асыру  кезінде  қандай  да  бір  дәрежеде 

қарсылық көрсететін мінез-құлық.

 

Кейбер 


зерттеулерге 

қарағанда 

жәбірленушілер 26,5%-нде 

қарсылық  көрсетсе, 29,4%-нде  бейтарап  мінез-құлық  танытқан,  33,4%-

нде қылмысқа қолайлы жағдай туғызған, ал 10,7%-нде қылмыс жасауды 

өздері қоздырған.



 

Әйел  жынысты  адамды  зорлау  қылмысындағы  жәбірленушілер 

мінез-құлқынның жөні бөлек.  38,6%-нде жәбірленушілер алкогольдік мас 

күйінде  болған,  олардың  ішіндегі 92,8%-і  болашақ  қылмыскермен  бірге 

ішкен.

11

  Олардың  мінез-құлқында  маңызды  болып  адамдармен 

танысудағы  кездейсоқтық,  сақ  болмау,  жеңіл  мінез  табылады.  Зорлау 

 

11



 Êðèìèíîëîãèÿ (ïîä ðåä. Â.Â.Îðåõîâà). ÑÏá., 1992. Ñ.133. 

 

 

55



қылмыстарының 13%-нде қылмыскерге жәбірленушінің тиісуі, алдын ала 

уәде беру сияқты итермелейтін жағдайлар болған.



 

Мысалға,  пайдақорлық  зорлықшыл  қылмыстардан  зардап 

шегушілердің виктимдік мінез-құлқы әр қилы болуы мүмкін.

 

Жәбірленушінің  бейтарап  мінез-құлқы - бұл  жәбірленушінің 

виктимологиялық  қауіпті  жағдайдың  тууына  қалай  да  болса  әсер 

етпейтін,  сондай-ақ  қарсылық  көрсетпеумен  байланысты  емес  мінез-

құлық түрі.



 

Жәбірленушінің  жағымды  мінез-құлқы - бұл  жәбірленушінің 

виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болмайтын, жағдай 

туғызбайтын,  сондай-ақ  жағдайға  қарай  абай,  мұқият  болуы  және 

қылмыскер(лер)ге қарсылық көрсететін мінез-құлқы. 



 

Жәбірленушінің  жағымсыз  мінез-құлқы - бұл  жәбірленушінің 

виктимологиялық қауіпті жағдайдың тууына себепкер болатын әрекеті не 

әрекетсіздігі:

 

•  адам  мас  күйінде  адамсыз  жерлерде  ұйықтап  қалып,  тонау  мен 

қарақшылықтың  жәбірленушісіне  айналатын  жағдай;  ол  күйінде, 

әлбетте, қылмыскерлерге қарсылық көрсете алмайды;



 

•  адам  мас  күйінде  қылмыскердің  оңаша  жерге  шығу  туралы 

ұсынысына келісіп, діттеген жердегі кінәлінің сыбайластарына ұрынатын 

жағдай; көп адамға қарсылық көрсете алмайды;



 

•  адам  өзіне  жаңа  таныстарды  белсенді  түрде  іздеп,  оларды  өз 

үйіне  шақырып,  спирт  ішімдіктерін  ішіп,  қылмыс  жәбірленушісіне 

айналады; әрине, мас күйінде қарсылық көрсете алмайды;



 

•  адам есік қағып тұрған адамның кім екендігін анықтамай немесе 

оның  айтқан  өтірігіне  иланып,  есік  ашып,  сол  жерде  шабуылға 

ұшырайтын жағдай;



 

•  қылмыскерге сенгендігінен қаражат туралы ақпараттарды айтып 

немесе ақша тұрған жерлерді көрсететін жағдай;

 

•  адам  өзін  бай  етіп  көрсетіп,  бай  адам  есебінде  әсер  қалдырып, 

қылмыскерлердің назарын аударып алатын жағдай; 

 

•  адам  қарақшыға  не  тонаушыға  қарсылық  көрсете  алатын 

мүмкіндігі  бола  тұра  қорқақтық  танытып,  қылмыскерлерге  орай 

туғызатын жағдай.



 

 

Әдебиеттер:  

 

1. Антонов  Г.В.,  Романовский  А.А.  Мотов  А.А. «Виктимность    и 

нравственность» //Вопросы  борьбы  с преступностьюң, вып. 33. 1980, с. 

40-46. 


2. Александров  Ю.В.  Половые  преступления:  преступники    и  

потерпевшие. Киев, 1976. 

3. Минская В.С., Чечель Г.И. Виктимологические факторы и механизм 

преступного поведения. Иркутск 1988 г. 



 

 

56



4. Полубинский  В.И.  Виктимологические    аспекты    профилактики 

преступлений.  М., 1980. 

5. Франк Л.В. Потерпевшие  от  преступлений  и проблемы советской  

криминологии. Душанбе, 1977. 

6. Рыбальская    В.Я.  Виктимологические    исследования    в  системе  

криминологической   разработки проблем  профилактики  преступлений  

несовершеннолетних    «Вопросы    борьбы    с  преступностьюң.  Вып. 33, 

1980, с. 32-39. 

7. Ривман Д.В. Криминальная виктимология. СПб., 2002. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

57



6-тақырып: Қылмыстық мінез-құлық механизмі 

 

1. Қылмыс жасау механизмінің жалпы сипаттамасы; 2. Сыртқы орта 

және тұлғаның қалыптасуы; 3. Нақты өмір жағдайының қылмыс жасау 

механизміндегі орны. 



 

 

Қылмыс 

жасау 

механизмінің 

жалпы 

сипаттамасы

Криминологияны  кейде  макрокриминология  және  микрокриминология 

деп  бөдушілер  де  кездеседі.  Осыған  сүйенсек,  макрокриминологиясы 

қылмыстылықты құбылысын ретінде социологиялық деңгейде зерттесе, 

миекрокриминология 

тек 


жеке 

қылмыстың 

болу 

себептерін 



психологиялық деңгейде зерттейді.

 

Қылмыстық  құқық  қылмыстық  мінез-құлықтың  сыртқы  көрінісін 

ғана  зерттейді,  өйткені  ой  әлі  де  қылмыс  емес,  сол  себепті  де  тек  қана 

қылмыстың  объективтік  жағы  (қылмысқа  дайындалудан  бастап)  көрініс 

тапқанда  ғана  ол  іске  кіріседі.  Ал  криминология  болса,  оны 

микрокриминология  деңгейінде  себептерін  зерттейтін  болғандықтан 

әуелгі  түркісінен  бастап,  тіпті,  ол  мотивтің  пайда  болуының  де 

себептеріне  тереңдеп  үңіледі. ‘’Қылмыс’’  пен ‘’Қылмыстық  мінез-құлық’’ 

ұғымдары  бірдей  емес,  соңғысы  алдыңғысына  қарағанда  кеңірек. 

Өйткені  қылмыс  тек  заңда  келтірілген  әрекет  түрі  болса,  қылмыстық 

мінез-құлық осы әрекетке алып келген себеп-жағдайларды да білдіреді. 

Қылмыстық  мінез-құлық  механизмі  дегеніміз  объективтік  шындықтың 

сыртқы  факторлары  мен  қылмыс  жасау  шешімін  детерминациялайтын, 

бағыттайтын  және  оның  орындалуын  бақылайтын  ішкі,  психикалық 

процестер  мен  жағдайлардың      байланысы  мен  өзара  ықпалдастығы.   

Осы күнге күнге шейінгі криминология саласындағы еңбектерде қылмыс 

жасау механизмінің мынандай схемасы ұсынылады (9-суретті қараңыз): 

 

9-сурет. Қылмыс жасау механизмі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

ТҰЛҒА

СЫРТҚЫ ОРТА 

 

Мотивация-

ның 

қалыптасуы 

Шешiмдi 

қабылдау жəне 

жоспарлау 

Шешiмдi 

орындау

Посткри-

минал-дық 

мiнез-

құлық 

 

 



 

58

                                                          



 

Бұл  схеманың  ең  соңғы  (посткриминалдық  мінез  құлық)  сатысынан 

басқасын  В.Н.Кудрявцев  ұсынған  болатын.  Осы  схемаға  орай  қылмыс 

жасау  механизмі  қылмыскер  тұлғасы  мен  сыртқы  ортаның  өзара 

ықпалдасуы  нәтижесінде  орын  алады.  Қылмыс  жасау  механизмінің  әр 

сатысында  сыртқы  орта  жауап  беріп  отырады,  ал  тұлға  болса,  өз 

кезегінде осы жауаптарға қатысты шешім қабылдайды. 

 

Қылмыстық  мінез-құлықтың  мотивациясы  дегеніміз  мотивтің  заңға 

қайшы  қылықты  жасаудың  саналы  түрткісі  ретінде  қалыптасу  процесі. 

Бұл көрініске қарап отырсақ, қылмыстың ең бастауы, түбірі мотив сияқты 

болып көрінеді. Тіпті, қылмыстық құқық та қылмыс мотивін қарастырады 

және  қылмыстық  субъективтік  жағының  қосымша  белгісі  ретінде 

адамның  мінез-құлқының  ішкі  түркісі  деп  қарастырады.  Шынында  да 

мотив  ең  бір  әрекеттің  бастауы  болып  табылады,  дегенмен,  ол  да  әлі 

беті  жағы  осы  мотивтің  қалыптасуының  өзіне  де  біпнеше  факторлар 

ықпал  етеді.  Олардың  да  белгілі  бір  жолдан  өтетін  тізбегі  бар (10 және 

12-суреттерді қараңыз).

 

Бұл тізбек тек қана қылмыстық мінез-құлыққа ғана тән емес, барлық 

заңды  мінез-құлыққа  да  тән.  Мұқтаждықтар  ең  алғашқы  және  адаммен 

туабітті  мотивтің  қайнар  көзі  болып  табылады.  Бірақ  жалғыз  ғана  емес. 

Әлеуметтік  субъект  ретінде  адамда  одан  да  басқа  мотив  көздері  пайда 

болады.  Олар - өмірлік  жоспарлар  мен  проблемалық  жағдайлар.  Осы 

үшеуінен  барып  мүдде  туындайды.  Мүдде  мұқтаждықпен  тығыз 

байланысты.  Мүдде  категориясының  әлеуметтік,  философиялық  және 

құқықтық  мағыналары  бар.  Өз  кезегінде  мұқтаждық  мүддеге  айнала 

алады.  Қарапайым  мысалмен  айтқанда ‘’Қарным  ашып  тұр’’-  дегеніміз 

мұқтаждық  та, ‘’Қалай  тамақ  тауып  жеймін?’’-  дегеніміз  мүдде.  Демек, 

мұқтаждық адам санасымен сезілген уақытта мүддеге айналады. Ол “өз 

мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  жолындағы  субъектінің  объектіге 

қатынасы”.  Мүдде  сонымен  бірге,  мұқтаждық,  құндылық  т.б.  сияқты 

қоғам  дамуының  қозғаушы  күштерінің  қатарына  жатады.  Қоғам 

дамуының  секірістері  үшін  әлеуметтік  қайшылық  және  оны  шешуге 

ұмтылыс  қажет.  Осы  қайшылықтарды  шешуге  ұмтылған  әлеуметтік 

субъектілердің    прогрессивтік  әрекетіне  түрткі  болатын  олардың 

мұқтаждық-мүдделері  және  т.б.  итермелеуші  күштер.  Маркстің  сөзімен 

айтқанда ‘’ескі  мұқтаждықтарды  қанағаттандырып  болған  соң  жаңа 

мұқтаждықтардың  туындауының  өзі - тарихи  процесс’’.  Егер  де 

мұқтаждықтар өспей, жаңасы туындамай, бір деңгейде қала берсе, онда 

адамзат  әлі  алма  теріп,  арба  итеріп  жүрген  болар  еді,  немесе    әлі  де 

homo sapіens sapіens-ке жете алмай жануар тектес кейіпте қалған болар 

ме еді?!!

 

“Егер  мұқтаждық,  ең  алдымен,  мұқтаждық  затына  бағытталса,  мүдде 

мұқтаждықты  қанағаттандыра  алатын  заттарды,  құндылықтарды, 

игіліктерді 

тарату 

соларға 


байланысты 

болатын 


әлеуметтік 

қатынастарға,  институттарға,  құрылымдарға  бет  түзейді”.

12

  Гегельше 



 

 


 

 

59



                                                          

айтсақ, “ештеңе де мүддеден тыс жүзеге асырылмайды”

13

. Ол мүдделер 



нақты  шешім  қабылдауға  негіз  болытын  мотивт  қалыптастыру  үшін  әлі 

де  мүмкіндіктерге  сүйенуі  тиіс.  Мүмкіндіктің  философиялық  ұғымы 

мүддеден де кем түспейді. Ол да жан-жақты. Ол  тұлғаның қандай да бір 

өзгерістерді  жасай  алуы.  Мысалға,  заттан  келетін  мүмкіндік  дегеніміз 

заттың  объектитвтік  шындыққа  алып  келетін  өзгерісін  тұлғаның  өзіне 

таңуы,  телуі.  Ал  жалпы  әлеуметтік  мүмкіндік  болса,  оддан  да  кең  өз 

әрекеттері  мен  дене  қимылын  қоса  алғанда  кез  келген  әлеуметтік 

өзгерістерді 

еркімен 

жасай 


алуы. 

Әлеуметтік 

мүмкіндіктер 

методологиядағы  мүмкіндік  пен  шындық  категорияларынан  бастау  алса 

да,  бірдей  емес.  Себебі  ол  методологиядағы  мүмкіндік - объективтік  те 

(адамның  еркі  мен  қалауында  шаруысы  жоқ),  әлеуметтік  мүмкіндік 

субъектитвтік:  тек  қана  тұлғаға  ғана  тән,  оның  еркімен  байланысы. 

Әлбетте, объектитвтік факторларды ысырып тастауға болмайды, себебі 

кез  келген  адам  өз  еркі  тілеген  нәтижесіне  қол  жеткізе  алмайды  ғой 

(мүмкіндігі жоқ). 

 

Ары  қарай  өз  жолымен  дамып  келген  осы  көздерді  құндылық 



бағдарларына  сүйене  отырып,  бағыттау  керек,  сонсоң  ғана  осылардың 

нәтижесінде белгілі бір актіге деген мотив пайда болады.

 

Мысалға,  қылмыс  деген  өте  сан  салалы  күрделі  әрекетті  алмай-ақ, 



қарапайым  бір-ақ  актіден  тұратын  әрекетті  алайық.  Айталық,  студент 

сабақ  үстінде  мұғалымнен  далаға  шығып  келуге  рұқсат  беруін  өтінуі 

керек.  Осы  бір ‘’Ағай,  далаға  шығып  келейінші’’  деген  түрткінің 

қалыптасуына ең алдымен, мұқтаждық пен әйестік ықпал етеді, яғни не 

болмаса  белгілі  бір  табиғи  мұқтаждықтар  не  болмаса  басқа  да 

мұқтаждықтар  (үйге  телефон  шалып  келу,  су  ішіп  келу)  немесе 

әуестіктер  (дәлізде  сенделіп  жүріп  қайту,  өзге  топтағы  досқа  барып 

әңгіме айтып келу т.б.) ықпал етеді. 



 

Бірақ  ол  сұранбас  бұрын  проблемалық  жағдайлармен  де  санасуы 

керек:  ол  ағай  қатаң - ешкімді  жібермейді,  сұранғанды  жақсы  көрмейді, 

өткенде  жасаған  шалыс  әрекетіме  өш  сақтауы  мүмкін  т.б.  Сол  сияқты 

демнің арасында іштей санада әуелден 

 

10-сурет. Мінез-құлық мотивациясының құрылымыT



14

 

 



 

Жоспарлар 

 

Мүдделер 

 

Құндылық 

бағдарлары

 

13



 

 Гегель. Энциклопедия философских наук. Москва, 1977. Т.3. С.321.

 

14

 ²ûëìûñòûº ìiíåç-º½ëûº ìåõàíèçìiíå ºàòûñòû ìîäåëüäåð Â.Í.Êóäðÿâöåâòåí àëûíäû 

(²àðà»ûç: Êóäðÿâöåâ Â.Í. Ãåíåçèñ ïðåñòóïëåíèÿ. Îïûò êðèìèíîëîãè÷åñêîãî ìîäåëèðîâàíèÿ. 

Ó÷åáíîå ïîñîáèå. Ì., 1998.) 

 

 

60



Позитивті

 

Негативті



 

Ұзақ мерзімге 

 

Қысқа мерзімге



 

Шынайы


 

Абстрактілік

 

Орындалмайтын 



Материалдық

 

Статусты



 

Идеологиялық

 

Конфликтілерді 



жою 

 

 



Позитивті

 

Негативті



 

Адамгершілік

 

Құқықтық


 

Тұрақты


 

Тұрақсыз 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Мұқтаждықтар 

мен əуестiктер 

Өмiрлiк 

жоспарлар 

Проблемалық 

жағдайлар 

Мүдделер

 

Мүмк

iнд

iктер

 

Құндылық

 

бағдарл

ары

 

Мұқтаждықтар 

Мүмкiндiктер 

Ситуациялар 

Мотив 

 

 



Минималдық

 

Қалыпты



 

Азғын


 

Материалдық

 

Статусты


 

Өзін өзі қорғау

 

 

 



 

Проблемалық

 

Конфликтілік



 

Қылмысқа сеп 

болатын

 

Қылмысқа кедергі 



болатын

 

 



Заңды

 

Заңсыз



 

Абстрактілік

 

Шынайы


 

 

 



 

қалыптасып  қалған  өмірлік  жоспарлар  да  жанасып  өтеді:  мен  білім  алу 

үшін бір минутты да жібермеймін деп өзіме уәде бергенмін, бос нәрсеге 

әуес  болма.  Осылардың  нәтижесінде  олар  мүддеге  (енді  қалай 

сұранамын?),  одан  мүмкіндікке  (мен  семинарда  отырмын  ба,  әлде 

курстық  дәрістемін  бе,  деканат  тексеріп  қалмай  ма?),  одан  құндылық 

бағдарларына  (маған  білім  керек  пе,  әлде  арасында  сабақтарды 

түсінбей  қалсам  да  бола  ма?)  ұласады.  Одан  әрі  осы  мотивтің  негінде 

далаға  шығуға  шешім  қабылданып,  жоспарлай  бастайды  (дәл  қай 


 

 

61



уақытта  сұранамын?),  содан  соң  ғана,  студент ‘’Далаға  шығып  келуге 

бола  ма?’’-  деп  қолын  көтереді.  Жаңағы  тізбек  бір  демнің  ішінде  бірі 

бірімен  біте  қайнасып  зу  етіп  өте  шығады.  Бұл  бір  ғана  акт,  ал  дәл 

осындай ‘’криминохирургиялық  операцияны’’  адам  әректінің  күрделі 

түрлерінің бірі қылмысқа жасауға тура келеді.

 

Енді  осы  жерде  айта  кетелік,  мұқтаждық  барлық  мінез-құлықтың 

бастауы  екені  рас,  бірақ  оның  да  түр  түрі  және  деңгейі  бар (11-суретті 

қараңыз).  



 

 11-сурет. Мұқтаждықтың түрлері мен деңгейлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Èäåîëîãèÿëûº äå»ãåé 

°ëåóìåòòiê-ïñèõîëîãèÿëûº 

äå»

ãåé 

 

Áèîëîãèÿëûº äå»ãåé 

 

´çií ¼çi ºîð¹àó 



콺òàæäû¹û 

Áà¹ûòòàóøû 

콺òàæäûº 

Ìàòåðèàë-

äûº 

콺òàæäûº 

Áiëiìãå 

콺òàæäûº 

°ëåóìåòòiê 

ºàðûì-

ºàòûíàñºà 

콺òàæäûº

3

Æûíûñòûº 

콺òàæäû

º 

Øû¹àðìàøûëûº 

콺òàæäûº 

°ëåóìåòòiê 

áåëñåíäiëiêêå 

콺òàæäûº

 

Òàíûìäûº 



콺òàæäûº 

ʼáåþ 

콺òàæäû¹û 

Адамзат  өзінің  мыңдаған  жылдық  тарихында  мұқтаждықтарды 

жоғары деңгейлерге көтере алды.

 

Мотивтің  қалыптасуына  осы  аталған  ішкі  факторлар  ғана  емес, 

сыртқы  тұлғаның  өз  ерекшеліктері,  тәрбие  де  ықпал  етеді.  Әдетте, 

адамның  мотивациялық  аясының  ерекшеліктерін  тұлғаның  өзін  талдау 

шегінде  қарастырады.  Қылмыскер  тұлғасын  зерттей  келе  зерттеушілер 

төмендегідей типтік мотив түрлерін бөледі:



 

1) мотивтердің антиәлеуметтік түрлері; 

2) материалдық  немесе  табиғи  түрткілердің  рухани  түрткілерден 

артық болуы;



 

3) борыштан гөрі түрткінің (ниеттің, әуестіктің) басым болуы;  

 

 

62



4) алыс  және  өмірлік  маңызды  болашақтан  гөрі  жақын  мақсатты 

түркілердің алда болуы;



 

5) біздің қоғамның құндылық жүйесінде түрткілердің төмен деңгейде 

болуы.


 

Бұл  бұрмаланған  қасиеттер,  жалпы  алғанда  әлі  де  қылмыстық 

мотивацияның қалыптасуына негіз болмайды. Тұлғаның азғындауы оның 

мінез құлқында ешқашан жүзеге аспауы мүмкін. Мысалға, материалдық 

мүдделердің  рухани  мүдделерден  жоғары  қойылуы  ол  тек  қана 

қылмыстық  жолмен  байиды  дегенді  білдірмейді;  бұл  мүдделер  заң 

шеңберінде де толыққанды жүзеге асуы мүмкін. 

Қылмыстық  мінез-құлық  механизмінде  есі  дұрыстықты  жоққа 

шығармайтын аномолиялар да маңызды орын алады. Жалпы халықтың 

ішіндегі  психикалық  аномалиясы  барлардың  үлес  салмағына  гөрі 

олардың үлесі қылмыскердердің арасында басым болса да, кейбір кеңес 

дәуірінде  жүргіізілген  зерттеулерге  орай,  ол  ауытқушылықтар 

қылмыстық  мінез-құлық  механизмінде  басты  рөл  атқармайды. 

Психопатиялық  бейімділігі  бар  адамдар  эмоционалдық  жағынан 

ұстамсыз,  агрессивті  болып  келсе  де,  кейбір  психикалық  аномалиялар 

бейтарап қалыпта қалады.



 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет