КІРІСПЕ
ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
1-ТАРАУ. 1940-1955 жылдардағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің дамуы мен дағдарысы
Ізденістері мен іркілістерге толы туу дәуірінде сан қилы қиыншы- лықтарды бастан өткерген, саясат пен идеология қыспағында құр- бандықтарға да баруына тура кел- ген, маркстік-лениндік әдіснамалық қағидаларына біржола мойынсұна бастаған ұлттық әдебиеттану ғы- лымы 40-жылдардың басынан бас- тап өзінің даму, қалыптасу кезеңіне қадам басты. Қазақ халқының өнері мен әдебиеті, ғылымы, оқу-ағарту саласы үшін бұл өте бір қиын мезгіл еді. Социализм орнату жолында қазақ халқына аяусыз қатал саясат ұстанған қызыл империя ұлттық өнер мен әдебиетті, ғылымды жаңа заманға қажет деп тапқан маркстік-лениндік әдіснама мен идеологияға бағын- дыру мақсатында тарихта бұрын- соңды болмаған зұлмат қырғынға жол берді. 1929-1930 жылдары
«ұлтшылдық-алашордашылдық-
қа» қарсы күрес ұранын желеу етіп қазақ зиялыларының бір тобын атқанын атып, қалғанын айдауға жіберіп елден аластады. Ал «халық жауын» әшкерелеу науқанына сай жүргізілген қызыл қырғын кезінде оқыған, білімді, өнерлі 105 мың адам тұтқындалып, 22 мыңы жазықсыз атылып кетті.
Міне, осының салдарынан қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің даму жолын бастаған жаңа дәуіріне әде- биет туралы ұлттық ғылымның туып, аяғынан қаз тұрып кетуіне жан- қиярлықпен еңбек сіңірген, әдебиет тарихы мен теориясының күрделі мәселелерін бар мүмкіндікті пайда- лана отырып шешіп бере алған, кей- де заман талабына сай қателіктерге ұрына отырса да ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдары мен негізін салып кеткен білікті де бі- лімді әдебиетші, сыншы, зерттеуші
кадрларсыз келуге мәжбүр бол- ды. Сондықтан да оған өзінің туу кезеңіндегі қол жеткізген жетістіктері мен орын алған кемшіліктерін сара- лап, алдағы атқарылар жұмыстарын жоспарлап алуына мүмкіндік бол- мады. 1920-1930 жылдардағы әдеби сынды жанр ретінде қалыптастырған, әдебиет туралы ғылымды туды- рып үлгерген азды-көпті табысты сталиндік саясат жоққа шығарған еді. Сын мен әдебиеттану енді И. Ста- лин басшылығымен түзетулер енгі- зілген маркстік-лениндік әдіснама мен идеологияға сай бағыт-бағ- дар түзеуге дайындала бастады.
«Ұлтшыл-алашшыл» атанған сын- шы-әдебиетшілердің зерттеу ең- бектерін былай қойғанда, төңкеріс- шілдердің көп жағдайда маркстік- лениндік әдіснама талаптарына сай келетін мақалалары мен зерттеуле- рі, оқулықтары ғылыми айналымға енгізілмей тыйым салынуы, пайда- ланудан шығарылып тасталуы үлкен қиындыққа ұшыратты. Бұл даму жолын бастағалы тұрған ұлттық әдебиеттану ғылымы үшін ең басты кедергі еді.
Ал екінші қиыншылық, осы да- му жолындағы алғашқы қадамдар фашистік Германияның кеңестер еліне соғыс ашқан лаңы мен соның зардаптарын жоюға толы қиын жыл- дарға тап келуі болды. Өйткені, кеше ғана іргелі зерттеулер жазып кеткен ағалардың алдын көрген, ғылыми
ортаға 1939-1941 жылдары таныла бастаған жаңа жас күштердің көбі қаламды қаруға айырбастап, май- данға аттанды. Сондықтан негізгі салмақ жеке басқа табыну салдары- ның әшкерелегіш науқанынан, өрттен аман қалған бұтадай селдіреп қалған аз ғана топтың иығына түсті.
Қан құйлы соғыс жүріп жатқан кезеңде барлық күш жеңіс үшін жұмсалғанымен, ұлттық ғылыми- зерттеушілік, әдеби-теориялық ба- ғыттағы ой-пікір өз ізденістерін тоқтатқан жоқ. Заман талабы оның алдына жаңа міндеттер қойып, тез арада шешуді талап етті. Оның алғашқысы, басқадай оқу құралы болмағандықтан, «ұлтшыл-фашист, халық жаулары» жазған оқулықтар мен олардың шығармашылығы енгі- зілген оқу құралдарын пайдаланып отырған орта мектептер мен жоғары оқу орындарын жаңа кітаптармен қамтамасыз ету міндеті болды. Ал екіншісі, фольклорлық мұра үлгі- лерін жариялау, пайдалану, насихат- тау және зерттеу міндеті еді. Оны соғыс кезінің талап-тілегіне сай бүкіл халықты жеңіс үшін жанқиярлық- пен еңбек етуге жұмылдыруда отан- шылдық, патриотизм рухын көтеруге шақырған кеңестік идеология тудыр- ды. Ол әсіресе, таптық көзқарасқа сай тыйым салынып келген батыр- лық эпостардың жарыққа шығуы мен зерттеле бастауына себепкер болды. Бұл басқа да фольклорлық
жанрлардың ғылыми тұрғыда қа- растырылуына өз әсерін тигізбей қалмады.
Дәуір талабы туындатқан осы екі міндет ғылыми-зерттеушілік ой- пікірде әдеби мұраны таптық көз- қарас тұрғысынан қарап бағалау мен «тұрпайы социологизм теория- сына» сай зерттеудің бәсең тартуы- на әсер етті. «Халық жауларын» әш- керелеу науқанынан кейін 1947 жыл- ғы қаһарлы қаулы шыққанға дейінгі аз ғана уақыт аралығындағы ғылы- ми-зерттеу жұмыстарына берілген мүмкіншілікті қазақ әдебиеттану ғылымы пайдаланып қалуға ұм- тылды. Ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кір қолданудан шығарылып тастал- ғанымен, 1920-1930 жылдардағы ғы- лыми еңбектер мен мақалалардағы әдебиет тарихы мен теориясын тек- серудегі бағыт-бағдарды жалғас- тырып әкетті.
Мезгіл жағынан алғанда жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жазу жұмыстары соғыстың алдында-ақ қолға алынған болатын. Оған басты себеп, Қазақ ССР Оқу халық комисса- риаты 1939 жылы «Орта мектептер- дегі 8-10 кластардағы әдебиет са- бағы 5-7 кластардағыдай әдебиеттік оқу болмай, тарихи әдебиеттік курс ретінде жүруі қажеттігіне» шешім қабылдап, жаңа жүйедегі оқу бағдар- ламалары мен оқулықтар жасау- ды талап етті. Осыған сай алғашқы барлау ретінде әдебиет пәнінен
бағдарламалар жобасы жасалынып, соның негізінде хрестоматиялар құ- растыру қажет болды.
Себепсіз салдар жоқ екені белгілі. Орта мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етуден туындаған осы қа- жеттілік ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірдің әдебиет тарихы мен теориясын тексеру бағытында тың ізденістерді жасауына, жаңа еңбектердің жазы- луына ықпал етті. Жаңа бағдарлама жобасына орай, 1937-1938 жылдары жазылған әдебиет хрестоматиялары мен оқулықтар түгелдей өзгеріске ұшырады. Оның басты себебі, «халық жаулары» атанған ақын-жазушылар шығармашылығына байланысты еке- ні айтпаса да түсінікті.
Партияның көркемөнер мен әде- биет, ғылым салаларындағы саяса- тының талаптары негізінде жасал- ған жаңа бағдарламада орта мек- тептің 8 сыныбына фольклор мен XVІІІ және ХІХ ғасырдың І жарты- сындағы әдебиетті, 9 сыныбына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан төң- керіске дейінгі әдебиет тарихын, ал 10 сыныпта кеңес дәуірінің әде- биетін оқыту жоспарланған еді. Бұл, әрине, жоғарғы сыныптардағы әдебиетті тарихи курсқа жақындата жүргізу мақсатынан туындаған бо- латын-ды. Осыдан ұлттық ғылы- ми-зерттеушілік ой-пікірдің әде- биет тарихын тексеруіне жаңа мүм- кіндіктердің жолы ашылып, тың ізденістерге баруына жағдай туды.
Бірақ, ол оңайлықпен жүзеге аса қойған жоқ. Себебі, әдебиет хрес- томатиялары мен оқулық жасауда біршама тәжірибе жинақтап қалған әдебиетші кадрлардың көбі атылды, сотталды. Ал аман қалғандарына сая- си сенімсіздік білдірілді. Сондықтан үкімет пен партия оқу құралдарын жасау міндетін әдебиет пен сында, халық ағарту саласында енді ғана таныла бастаған жас күштің иығына ауыр салмақ етіп артып тастады. Соның негізінде төменгі сыныптарға арналған Ш. Кәрібаевтың 5-класқа (1939-1941, 1944), Қ. Бекқожиннің
6-класқа (1939-1941, 1943). А. Кө-
шімбаевтың 7-класқа (1939-1944) әдебиеттік оқу кітаптары жазылды. Ал әдебиеттің тарихи курсын жүргізу мақсатына орай жоғарғы сынып- тарға Е. Ысмайыловтың 9-класс үшін
«Қазақ әдебиеті» 1940-1942, 1944), Қ. Жұмалиевтің 8-9 кластар үшін
«Қазақ әдебиеті» (1941), Қ. Жұмалиев пен Ә. Марғұланның 8-класс үшін
«Қазақ әдебиеті. Фольклор» (1941), Д. Әбілев пен Ж. Саинның 10-класс үшін «Әдебиет хрестоматиясы» (1939), «Қазақ совет әдебиеті» (1940), С. Мұқанов пен Қ. Бекқожиннің
«Қазақ әдебиеті» (1940-42, 1944) атты орта мектепке арналған хресто- матиялары жарыққа шықты. Бұл хрестоматияларды төңкеріске дейінгі ұлт әдебиетін тарихи шындыққа сай жүйелі зерттеу жасауға алғашқы бар-
лау жасаған, тың ізденістерге бастама салған еңбектер деп бағалаған жөн.
Рас, әдебиетті тарихи курс ретінде оқыту бағытын ұстаған ең алғашқы бағдарлама негізінде жасалған хрес- томатиялар болғандықтан, қарасты- рылып отырған ақын-жазушылар шығармашылығы туралы шолу ма- териалдар мен көркем туындыларын берумен шектелді. Сондықтан да әдебиет тарихын дәуірлеу мәселе- сіне тереңдеп бара қоймағанымен, белгілі бір кезеңдегі әдебиет өкіл- дерін топтастыруы оқытуы мен та- ныстыруы, өнерпаздық тұлғаларына баға берулері арқылы келешек- те жазылатын оқу құралдары мен зерттеулердегі дәуірге бөлу пробле- масына негіз қалағанын атап айту керек. Бұл ғылыми зерттеушілік ой- пікірдің қайтадан тез қанаттануына қосылған бір үлес болса, екіншіден, 1930 жылдардағы оқу құралдары мен зерттеу еңбектерде назардан тыс қалған, егер сөз бола қалса, тұрпайы социологизм көзқарасына сай, бол- маса маркстік-лениндік әдіснама- ның әдебиеттің таптығы принципіне орай бұрмалана бағаланған ақын- жазушылардың енгізілуі құптар- лық құбылыс болды. Ол төңкеріске дейінгі әдебиет тарихын тұтастай тексеру жұмыстарын жүргізуге жол басшы болды.
Өйткені, үлкен дау-дамайға түсіп, әдебиет тарихындағы лайықты баға- сын тек отызыншы жылдардың орта
тұсында ғана алған А. Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннен басқа ақын- жазушылар туралы нақты ғылыми тұжырым жасала қоймаған болатын. 30-жылдардағы әдебиет хрестома- тиялары мен оқулықтарды, басқа да ғылыми мақалалар мен зерттеулер- де шыққан ортасына сай үстем тап мүддесін жырлағанына, ескілікті көксеуші керітартпалығына немесе либерал-буржуазияның өкілі бол- ғандығына баса көңіл аударылған ақын-жыраулар енді жаңаша баға- ланды. Бұқар жырау, Шортанбай, Сұлтанмахмұт, Нысанбай, Шәң- герей, Ғ. Қарашев, М. Ж. Көпеев секілді дарындар әдебиет хресто- матиясынан тұрақты орын алып, өмірі мен шығармашылық мұрасы оқытыла бастады. Ал бұрынғы оқу құралдарына енгізілмей келген Ду- лат, Мұрат, М.Өтемісұлы, Нарман- бет, С. Көбеев, С. Дөнентаев, т.б. ақын-жазушылардың әдебиет та- рихындағы орнының белгіленуі, хрестоматиялар арқылы жүзеге асқан тың ізденістердің жемісі екені анық.
Төңкеріске дейінгі әдебиет тари- хын зерттеу саласында осы секілді игі қадамдар жасалып жатса, кеңестік дәуірдегі әдебиетке арналған хресто- матиялар оның тарихи өркендеу, даму жолын бере алмаған жүйесіздік пен жұтаңдыққа ұшырады. Сәкен, Ілияс, Бейімбет бастаған көптеген ақын- жазушылар сталиндік саясаттың құрбандығына ұшырағандықтан, 20-
30 жылдардағы әдеби даму М. Әуе- зов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тә- жібаев, Қ. Әбдіқадыров тағы да бас- қалардың кеңестік идеологияға қай- шы келмейтін шығармаларымен сы- дырта баяндалды. Бұлардан басқа, әдебиетке 30-жылдардан бастап кел- ген ақын-жазушылар мен советтік дәуірдегі халық шығармашылығы- ның өкілдері таныстырылды. Ж. Жа- баев, Н. Байғанин бастаған жыршы- жыраулардың шығармашылығына ерекше көңіл бөлінді. Бұлардың хрестоматияға енгізілуі жаңалық нышанын танытқанымен, 1920- 1930 жылдардағы қазақ әдебиетін зерттеуге арқау боларлықтай өзекті мәселелерді көтеруге заман тала- бы мүмкіндік бермеді. Әйтсе де кейіндегі іргелі зерттеулерге (әсіресе советтік дәуірдегі фольклор мен халық ақындары шығармашылығын) апаратын алғашқы ой-пікірлердің негізі қаланғанын жоққа шығаруға да болмайды.
Фольклор мен әдебиет тари- хын зерттеудегі негізгі бағыт-бағ- дарлары мен арналары әдебиет хрес- томатияларында осындай сипатта айқындалған болса, олардың күр- делі мәселелерін ғылыми тұрғыда тереңдете тексеру оқу құралдарын жазу барысында жүзеге асты. Оқу- лықтар мен басқа да ғылыми зерт- теулерді қарастырғанда, ең негізгі бір мәселеге, қазақ әдебиеті тарихының ғылыми курсын жасау мен дәуірге
бөлу жолындағы ізденістерге орай сөз ету қажет. Сонда ұлттық әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолында қол жеткізген табыстары мен бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда қателік болып табылатын кемшіліктерді дұрыс са- ралай аламыз.
Алғашқылар болып 1941 жылы Қ. Жұмағалиевтің 8-класқа арналған
«Қазақ әдебиеті», Е. Ысмайыловтың 9-класс үшін «Қазақ әдебиеті» атты оқу құралдары жарық көрді де, мектепті әдебиеттің тарихи курсын жүргізу мақсатынан туғандықтан, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің со- ны ізденістер жасауына жол ашты.
Қ. Жұмағалиевтің оқулығы әде- биет хрестоматияларында анықтама- лық сипатта таныстырылып жүрген халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық сипатын ғылыми тұрғыда аша отырып, жүйелі талдау жасау жолындағы игі қадам болды. Басқа жанрлар туралы негізгі тұжырымдар 1920-1930 жылдардағы фольклорта- ну саласындағы еңбектерден туын- дап жатқанымен, автордың бұрын жан-жақты сөз бола қоймаған кейбір батырлық жырлар мен тарихи жыр- лардың тарихи мәні мен маңызы, шығарма құрылысы, образдар жүйе- сі, жырдың туу кезеңдері, идеялық және көркемдік ерекшелігі туралы ой-толғамдары ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің соны ізденісін танытады. Фольклортануда бұрын сөз болып келген батырлар жырынан басқа, «Ер
Тарғын», «Ер Сайын», «Қарасай- Қази», «Едіге», т.б. эпостардың, та- рихи жырлардан Исатай, Сырым, Бекет, Қабанбай, Бөгенбай, Досан секілді халық батырлары туралы жырлардың оқу құралдары арқылы алғаш таныстырылуы, ғылыми тұр- ғыда бағалануы бұл жырлардың зерт- теле бастауының ізашары болды. Ең бастысы, автор оларды «кейіпкері қай таптан шықса сол таптың жыры» деп бағалап келген «тұрпайы соци- ологизмге» тән көзқарастан араша- лап алды. Ғасырлар бойы сақталып келген халық ауыз әдебиетінің көр- некті үлгілері екенін, халықтық шы- ғармалар екенін дәлелдеп берді. Оқулықтың ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге қосқан екінші бір мәнді жаңалығы, 1930 жылдардағы зерт- теулерде аттары бірде аталып, бірде аталмай, оның өзінде таптық көз- қарасқа сай әдебиет тарихындағы орыны дұрыс бағаланбай келген XVІІІ-XІX ғасырдағы ақын жырау- лар шығармашылығының өз бағасын алуы. Бұқар, Дулат, Мұрат, Ма- хамбет, Шернияз, Нысанбай, Шор- танбай, Біржан, Сүйінбай секілді ақын-жыраулар шығармалығы осы ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы- ның көрнекті тұлғалары ретінде зерт- теу нысанасына алынды. Олар өмір сүрген тарихи кезең мен өмірбаян- дық деректерді сабақтастыра баян- дай отырып, автор дәуір шындығы- ның көркем шығармада суреттелуі,
жырлаған тақырыптары мен идеяла- ры, әр ақынның өнерпаздық тұлғасы, әдебиет тарихынан алатын орны туралы маркстік-лениндік әдіснама- ның талаптарынан тыс тұжырымдар білдіруге ұмтылыс жасаған. Рас, олардың шығармашылық мұрасы толық қамтылмағанымен, әдеби- теориялық сипатта талдау жасауға деген талпыныс игі қадамның ны- шаны екенін айта кеткен орынды болмақ. Зерттеушінің ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің үлкен тұлға ескерткіштерін екшеп, іріктеп көр- сетуге талаптанған бұл оқулығы өзінен бұрынғы және сол кездегі ғылыми ізденістердің қорытындысы ғана емес, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің жаңаша бағыттағы зертте- улерге баруына ізашар бола білді. Қ. Жұмалиев оқу құралының 1942, 1943 жылдары «Қазақ әдебиеті. Қа- зақтың ауыз әдебиеті мен XVІІІ-XІ, X ғасырдағы жазба әдебиеті» деген атпен шыққан, 1948-1950 жылдары
«Қазақ әдебиеті» деген атпен шыққан жаңа басылымдарын ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің бұл саладағы азды-көпті қол жеткізген табыста- рымен толықтыра отырып, келешек монографиялық зерттеулерге апарар күрделі де соны мәселелерінің бағыт- бағдарын ашуға ұмтылыс жасады.
Е. Ысмайыловтың 9-сыныпқа ар- налған оқу құралы («Қазақ әдебие- ті», 1941) 1920-1930 жылдардағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
әдебиет тарихын дәуірге бөле оты- рып тексеру жолындағы ізденісте- рінің жалғастық тапқандығын дә- лелдеп берген еңбек болды. Негізі- нен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті та- рихын зерттеуді мақсат тұтқан бұл оқу құралы ұлттық әдебиеттану ғы- лымының қалыптасу кезеңіне қадам басқан шағында, бұрын жан-жақты сөз бола қоймаған қаламгерлер шы- ғармашылығын зерттеуде жаңа бас- тама салуы үлкен үлес болғанын атап айту қажет. Өйткені, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ғылыми- зерттеушілік ой-пікірде әлі де бол- са даулы күйде қалып, бір шешімін таба қоймаған қиындыққа толы кезең болатын. Әсіресе, С. Мұқановтың 1932 жылы «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегінің «халық жаула- рын» әшкерелеу науқанында тап мүддесін жырлаған автордың пар- тиядан шығып, қызметтен қуы- луына, саяси сенімсіздікте болуы- на әсер еткендіктен, қазақ әдебиеті тарихының осы дәуіріне қалам тар- тудың қияметке айналғаны – тари- хи шындық. Маркстік-лениндік әдіснама мен кеңестік идеология
«ұлшылдар» жазған 1920 жылдар- дағы еңбектерді былай қойғанда, 30-жылдардағы оқулықтар мен зерт- теулерді жоққа шығарып отырған осы мезгілде мектепті жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз етуді шұғыл түрде жүзеге асыру міндеті
талап етілді. Алғашқыда ақын жә- не сыншы ретінде ғана танылған Е. Ысмайыловтың қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясын зерттеуші болып ауыр жүкті арқалауы – үлкен ерліктің белгісі десе де болады. Автор осы дәуірді, яғни қазақ әдебиетінің ең бір өркен жайған тұсын, бұрын ғылыми тұрғыда терең сөз бола қоймаған көрнекті ақын-жазушылар есімдері арқылы жаңаша жаңғыртуы осыны дәлелдейді. Сөз еткен ақын- жазушыларға социологиялық арқауы басым талдау жасай отырғанымен, әділ бағалауға ұмтылған С. Мұ- қанов бұл дәуірді маркстік-ле- ниндік әдіснаманың талабына сай
«ұлтшылдық дәуірдің әдебиеті» деп атаған болатын. Оқу құралдарында зерттеу нысанасына түсіп отырған ақын-жазушылар мұрасынан Абай мен Ыбырайдың шығармашылығы ғана дау туғызбайтын. Бұрын- ғы зерттеушілерге біршама қарас- тырылғанымен, «алашордашыларға бүйрегі бұрған» Сұлтанмахмұттың өзі де дұрыс бағалана қоймаған бо- латын. Оқу құралындағы шығар- машылығы ғылыми тұрғыда алғаш рет тексеріліп отырылған Ш. Бөкеев, Н. Орманбетұлы, М. Ж. Көпеев, С. Көбеев, Ғ. Қарашев, С. Дөнентаев секілді ақын-жазушылар мұрасы туралы бірді-екілі мақала ғана бол- маса, олар ғылыми зерттеушілік ой- пікірдің зерттеу нысанасынан тыс қалған еді.
Автор оқу құралында тарихи са- лыстырмалық әдісті басшылыққа ала отырып, ақын-жазушылардың өмірбаяндық деректерін молынан келтіру арқылы сол дәуірдің тарихи шындығын ашады. Әсіресе, отар- шылдық саясаттың зорлық-зомбы- лығын әшкерелеудегі әр дарынның өзіндік ерекшелігі мен ағартушылық, гуманистік идеяларды жырлауы ту- ралы тың тұжырымдар білдіреді. Ал көркем шығармаларын талдау барысында олардың халықшыл- дық көзқарасын дәлелдеудегі ой- пікірі таптық сипатқа негізделмеген.
«Алайда XX ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің дүниетанымдық көзқарасындағы қайшылықтар да болды», – деп ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің сол кездегі деңгейіне сай талап-тілек те ескерусіз қалмаған. Автор ол қайшылықтар ақын-жа- зушылардың өз шығармаларында халықты бостандық, теңдік үшін күрестің жолын көрсете алмауы мен революцияны бірден түсініп кете алмаулары деп көрсетеді. Осы сипаттағы пікірлер кездескенімен, оқу құралының басты жаңалығы – маркстік-лениндік әдіснаманың ең- бекші тап әдебиеті және үстем тап әдебиет деп бөліп тастаған тап- тың көзқарасынан аулақ болуы. Ол зерттеліп отырылған ақын-жазу- шылардың өнерпаздық тұлғасын бар мүмкіндігінше тарихи шындыққа сай бағалауға негізгі себеп болған.
Сонымен қатар, оқу құралында 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған жырлардың та- рихи мән-маңызы зерттеу нысана- сына айналуы да тың ізденістер- дің белгісі болып табылады. Автор XVІІ ғасырдағы Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханға қарсы күресінен бастап, Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесары-Наурызбай, одан соң Бе- кет, Есет, Ерназар, Жанқожалардың қозғалысы туралы таныстыра келіп, 16-жылғы көтеріліс отаршылдық- қа, хан-феодалдарға қарсылығының заңды жалғасы деп табады. Күдері ақынның «Аманкелдінің Торғайды алуы», Иса Дәукебаевтың «Бекболат батыр», Біржан Берденовтің «1916 жылы» атты шығармалары тарихи және әдеби-теориялық тұрғыда тал- дануы – ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің әр салаға қол созғанының айғағы. Қазақ әдебиеті тарихының әлі де болса даулы күйде тұрған бұл дәуірін зерттеудегі осындай ізденістерін Е. Ысмайылов Қ. Жұ- малиевпен бірігіп шығарған 1942 жылғы «Қазақ әдебиеті», 1946 жылғы
«Қазақ әдебиеті. ХІХ ғасырдың ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті» атты оқу құралдарында тереңдетіп, толықтырып отырды.
Ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің 1940 жылдан бастап 1947 жылғы 21 ақпанындағы Қазақстан КП Орталық Комитетінің «Қазақ ССР
Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрес- кел саяси қателіктер туралы» талқан- дағыш қаулысына дейінгі азғана уақыт аралығында зерттеу ныса- насына алған енді бір кезеңі кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихы болды. Қазан төңкерісінен кейін қа- натын қомдап, қазір әлемге таны- лып отырған қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу, өсу мәселелері алғаш рет ғылыми тұрғыда тексеріле бастады. Бұл дәуірдің ішкі кезеңдері де талай уақытпен межеленіп, әр қилы атау алғаны да әмбеге аян. «Пролетар әдебиеті», «Төңкерісшіл әдебиет»,
«Кеңес совет әдебиеті» деген жал- пы атаулардың аясында талай дау- дамайға түскен кездер де болды. Өсу, даму процесіндегі әдебиетті дәуір- леу мәселесі уақыт тезіне салынып отыратындығын ескерткен уақытта, алғашқы кезеңдегі ой-пікірлердің былайша көрінгенін еске сала кет- кен жөн. Б. Кенжебаев 1941 жылғы мақаласында: «Қазақ халқының со- вет әдебиеті өзінің дамуында төрт дәуір өткізді.
Қазақ даласында совет өкіме- тін орнату, нығайту дәуірі (1917-1925 жылдар арасы);
Қазақ ауылындағы жер бөлісі, ірі байларды, феодалдарды конфис- келеу науқандарының тұсы (1925- 1929 жылдар арасы);
Колхоздасу, индустриялау дәуірі (1929-1936 жылдар арасы);
Сталиндік конституция дәуірі (1936 жылдардан бері қарай)» деп бөлуді ұсынады [74, 9]. 1940 жыл- дар тұрғысынан қарағанда бұл дә- уірлердің ілтипатқа алынар жағы да жоқ емес, ал уақыт өте келе, бұл кезеңдер кеңес дәуіріндегі әдебиет жөніндегі мектеп оқулықтарында қолданыла қойған жоқ.
1942 жылы Е. Исмайыловтың жалпы редакциясымен 10 сыныпқа арналған «Қазақ совет әдебиеті» оқулығы шықты. Кітаптың бірін- ші басылуына жазылған алғы сөзде:
«Орта мектептің 10 класына ар- налып жазылған бұл кітап – совет әдебиетінің тарихы туралы тұң- ғыш еңбек. Бұған дейін совет дә- уіріндегі әдебиетіміздің тарихын, өсу кезеңдерін бір жүйеге келтіріп жазған кітап, очерк не болмаса сын мақалаларының жинағы да болма- ды. Сондықтан бұл кітапты жазып шығаруда совет әдебиетінің өсу, өр- кендеу дәуірлерін анықтау, әдебиет түрлерінің қалыптасуын көрсету, әрбір жазушының жазушылық сапа- рын, стилін, ерекшеліктерін ашып айту өте жауапты және қиын жұмыс болды», – деп ескертті [75, 6].
Қазақ кеңес әдебиетінің тарихын жасау мәселесі тек творчестволық, ғылымдық қиындықтарға ғана емес, сонымен бірге осы әдебиеттің негізін қалаған, шаңырағын көтерген, оны сәулетті күмбезге айналдырған, бүкіл көркемдік дамуға өз шығар-
маларымен ықпал жасап отырған дарындардың – С. Сейфуллин, Б. Май- лин, І. Жансүгіров, М. Дәулетбаев, С. Шарипов, т.б. таланттардың жа- зықсыз жалаға тап болуы тарихи- көркемдік шындықтың бар сыр- сипатын ашуға мүмкіндік бермегенін естен шығаруға болмайды. Олар оқулықтан орын алған жағдайда ав- торлар ұжымы совет әдебиетінің тарихын дәуірлеу қажеттігіне бара алмасы айдан анық. Міне осы- дан болуы керек, оқулықтың моно- графиялық портреттерінің алды- нан «Қазақ совет әдебиеті туралы» деген көлемді кіріспе жазылып, ол Е. Ысмайыловтың жеке авторлы- ғымен 1946 жылы шыққан басылым- да біршама толықтырылды.
Бұл кіріспені негізінен пробле- малы тарихи шолу деп атаған жөн. Өйткені, онда жаңа дәуір әдебиеті- нің мән-жайын түсіндіріп, партия- ның көркем әдебиетті өркендетудегі рөлін, қазақ совет әдебиетінің не- гізгі ерекшеліктерін баяндап, жаңа әдебиетіміздің даму кезеңдеріне тоқталған. Әдеби дамудың хроноло- гиялық жүйесін сақтай отырып, әр кезеңде көркемдік шешімін тапқан өнерпаздық проблемаларға да назар аударып отырған. Мұндай принцип- пен жазылған шолу әрқашан үлкен дайындықты, мол білімді, әдеби- тарихи дерек-мағлұматтарды, пара- сатты көзқарасты талап етеді.
Проблемалы-тарихи шолудың «Қа- зақ совет әдебиетінің даму кезеңдері» деген бөлімінде автор «Азамат соғысы кезіндегі бұқарашыл әде- биет пен халық әдебиетіне» талдау жасаған. Сәкен, Бейімбет шығар- машылықтарынан ой өрбіту мүм- кіндігі болмағандықтан, қазақ әде- биетінің Октябрь қарсаңындағы жай-күйін, Сұлтанмахмұт пен Сәбит Дөнентаев төңірегінен ұзап шыға алмаған. 1916 жылғы халық поэзия- сын да осы тарауға икемдей баяндаған. Ал, «Совет шындығын жырлаған үгіттік әдебиет» деген тараушысында 1920-1925 жылдардың арасын меже етіп алады да, үгіттік поэзияның тақырыптарын әңгімелейді. «Қазақ совет әдебиетінің нығаюын» 1925- 1929 жылдарға тұтас етеді де, 1929- 1933 жылдарды «Әдебиет қоз- ғалысының жаңа кезеңі» деп тани- ды. Ал, «Қазақ совет әдебиетінде социалистік реализм үшін күрес» тараушасын жазушылардың Бүкіл- одақтық 1 съезінен өрбітіп, «1934- 1940 жылдардың арасы қазақ совет әдебиетінің барлық жағынан (әдебиет түрлері, пікір тереңдігі, шындықты кеңінен бейнелеу, жаңа бейнелер жасауы т.б. жақтарынан) күрделеніп өскен дәуірі деуге болады» деп та- бады да, осы кезеңде айрықша қар- қындықпен өркендеген халық шы- ғармашылығына, оның көрнекті өкіл- деріне арнайы тоқталады [76, 27]. Тарихи жүйелеуді осылайша жалпы-
лай баяндап шыққаннан кейін поэзия, проза, драматургия жанрларының өсіп-өркендеу жолдарына талдау жа- сайды.
Қазақ совет әдебиеті дамуының жалпы сүлдесі ғана аңғарылып, оның игерген тақырыбы, көркемдік проблемасы, шеберлікті жетілдіру жолындағы ізденістері қысқаша ба- яндалады. Жаңа әдебиеттің өсіп- жетілу жолын түсіндірудің алғаш- қы тәжірибесі болғандықтан талай кем-кетіктер де айқын байқалады. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті туралы ғылыми-зерттеушілік ой- пікірге осылайша бастама салған Е. Ысмайыловтың 1947 жылғы қау- лыдан кейін оқу құралдарын жа- сау жұмыстарынан шеттетілгені байқалады. Оған дәлел 9 сыныпқа арналған оқу құралы 1948 жылы Қ. Жұмалиев пен С. Мұқанов ав- торлығымен, ал кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті туралы 10 сыныпқа арналған еңбегі Ғ. Мүсірепов, Қ. Бек- қожин, Қ. Жармағанбетов, С. Сейі- товтердің атымен шығуы. Алайда бұлар бұрынғы Е. Ысмайылов жазған оқу құралдарының негізгі жүйесіне айтарлықтай өзгеріс енгізе алған жоқ, керісінше, қаулы талаптарына сай бұрмалаушылықтарға толы болды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің орта мектепке арналған хрестома- тиялар мен оқу құралдарында көрі- ніс тапқан деңгейін бағалаған уақыт- та, 1920-1930 жылдардағы бұл
бағыттағы еңбектерді жоққа шығар- ған кеңестік идеология әсері мен ойланып-толғанып кеңінен зерттеу- ге мүмкіндік бере қоймаған заман талабын ескеру қажет. Сол себеп- тен және бұл салада қалыптасқан мол тәжірибенің болмауынан олар- дың бәрі сәтті шыға да бермеді. Сондықтан да әр басылымы сайын толықтырылып, өзгерістер енгізіп отырылды. Олардың тұрақты оқу құралы дәрежесіне жетуіне ғылыми- әдістемелік сипаттағы көмекші құ- ралдар мен бағдарламалардың және рецензиялық мақалалардың көмегі аз болған жоқ. Мысалы, «Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелері» (1941),
«Қазақ тілі мен әдебиетін тексеру сындары» (1940), «Орта мектеп про- граммалары» (1941) секілді ғылыми- әдістемелік еңбектер мектепте әде- биеттің тарихи курсын жүргізу жолдары туралы бағыт-бағдар бе- рерлік сипатта болды. Мектепке ар- налған оқулықтар туралы оннан астам сын мақалалар жарияланды. Олардың ішінде С. Ақмурзиннің
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» («Ек- пінді құрылыс», 1941, 24 шілде), Ж. Бейсенбиннің «Қазақ совет әде- биеті» («Халық мұғалімі», 1941,
№1), М. Ғабдуллиннің «Жаңа кітап» («Халық мұғалімі», 1941, №11), Б. Кенжебаевтың «Қазақ әдебиеті- нің тарихы туралы» («СҚ», 1941, 15 шілде) секілді сыни рецензиялық мақалалардың айтары аз болған жоқ.
Мысалы, М. Ғабдуллин эпостық жырлардың тарихқа қарым-қатына- сы мен әр түрлі варианттарын салыс- тыра зерттеу мәселесіне сай құнды пікір білдірсе, Б. Кенжебаев мектепте әдебиеттің тарихи курсын жүргізуде басшылыққа алу үшін қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлуде өзі жасаған жүйені ұсынады. Алайда, әдебиет- тану ғылымының қалыптасу жолына басқан қадамында сәтті ізденістер жасап жатқанда әдеби сын сыңар жақ солақайлығын «ұмыта» қойған жоқ болатын. Сын қанды соғыс жүріп жатқан кезеңнің өзінде кейбір жеке ақын-жазушылардың шығармалары мен кітаптары туралы кеңестік идео- логияның талабына сай тұқырта пі- кір айту әдетінен жаңылмады. Мы- салы, Қ. Есенбаевтың «Жазушы Ғ. Мүсіреповтің зиянды пікірі ту- ралы» («СҚ», 1944, 22 қазан), С. Төле- шовтің «Сәбиттің диалектикала- ры» («СҚ», 1944, 17 қазан) деген мақалалар арқылы, олардың кеше ғана «халық жауларымен» байланыс- ты болғандығын естеріне түсіріп қоюды назардан тыс қалдырмады.
Оқу құралдарына байланысты қа- зақ әдебиетінің тарихына «тұрпайы социологистік» көзқарастың қай- та жаңғыруы С. Төлешовтің «Қазақ әдебиеті»туралы» («СҚ», 1944, 12 сәуір) деген сын мақаласы арқылы тағы да көрініс тапса, 1946 жылы П. Кузнецовтің «Идеясыздық пен жайбарақаттық жағдайында» («СҚ»,
4 қазан), С. Төлешовтің «Әдебиеттік оқу кітаптарындағы елеулі кемші- ліктер» («Лениншіл жас», 13 қараша),
«Қазақ әдебиетін зерттеудегі елеулі қателіктер мен кемшіліктерді батыл және тез жояйық!» («СҚ», 1 жел- тоқсан), А. Ысқақовтың «Зиянды кітап» («Лениншіл жас», 11 қыр- күйек) секілді әшкерелегіш мақала- ларға жалғасты. Бұлар 1947 жылғы қаһарлы қаулыға алып барар жолда- ғы дайындық кезеңінің жалпы сипа- тын танытатын алғашқы белгілері десе де болады. Оған партияның көркемөнер, әдебиет және ғылым ту- ралы саясаты мен идеологиясынан туындаған объективті себептер де әсер етпей қалмады. Бұл бағыттағы бұрмалаушылық алғаш Қазақстанның өзінде басталды.
«1943 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жасалған, одақтың ең мықты тарихшыларының жәрде- мімен, әсіресе академиктер Греков, Дружинин, Панкратова, Кучкин, Бернштам, Вяткиндермен бірге, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайлов пен Е. Бекмахановтар- дың ынтымақ-бірлігінен туған «Қа- зақ ССР тарихы» Сталиндік сый- лыққа ұсынылып, ең ақырғы са- тыға жеткенде, өзінің шовинистік көзқарасынан айыға қоймаған қарт профессор А. И. Яковлев «бұл орысқа қарсы жазылған кітап» деп сыйлық комитетіне мәлімдеме жасады. «Қа-
зақ ССР тарихы» сыйлықтан қағыл- ғаны былай тұрсын, осы кезде, яғни 1943 жылы 28 маусымда Е. Бек- маханов «Қ. Қасымов бастаған қа- зақтардың ұлт-азаттық күресі (1837- 1847)» деген тақырыпта кандидат- тық диссертация қорғап, мәселені одан әрі ушықтыра түсті». «Қазақ ССР тарихындағы» өткен ғасырлар- дағы қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті туралы тарауларындағы негізгі тұжырымдар 1941-43 жыл- дардағы әдебиет хрестоматиялары мен оқу құралдарынан бастау алып жатқаны айтпаса да түсінікті. Ең- бектің Исатай-Махамбет туралы жазылған тұстары қазақша, орысша («СҚ», 1943, 26 қазан, «Казправда»,
1943, 24 қазан), ал «Повстанские песни казахов в ХІХ в.», «Ч. Валиха- нов» тараулары орысша («Каз. прав- да», 1943, 30 қараша) жарияланып, ғылыми ортада қолдау тапты. Оған қазақ тілінде шықан А.Кучкин мен М.Вяткиннің «Қазақ ССР-нің тари- хы», А. Пясковскийдің «Қазақ ССР- нің тарихы» («СҚ», 1943, 12 және 30 мамыр), А. Панкратованың орыс тілінде шыққан «Основные вопросы истории Казахской ССР» (Большевик Казахстана, 1943, №10-12) секілді мақалаларының жаңашыл бағыттағы ғылыми ой-пікірлері де әсер етпей қалмады.
Бірақ Қазақстанда және басқа ұлт республикаларында өз халқының та- рихы мен әдебиетін жаңаша тану
жолында сәтті ізденістер жасауға ұмтылып жатқан ғылыми күштердің
«ұлтшылдыққа» негізделген бағыт- бағдарын ұнатпаған БК(б) Орталық Комитеті 1944 жылы бүкілодақтық тарихшылар кеңесін өткізіп, еңбектің тас-талқанын шығара сынады. Соның негізінде 1943 жылы М. Әбдіхалықов пен А. Панкратованың редакциясы- мен шыққан «История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней» атты еңбек «Орыс халқына қарсы жазылған, Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптейтін зиянды кітап» болып танылды. Осы- мен партия өз халқының тарихын та- нып-білуге ұмтылған «ұлтшылдық» көзқарастарға қарсы күрес ашып, оны татар халқының «Едіге ба- тыр» жырын ұлтшылдық мақсатта насихаттағанына байланысты 1944 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен бекітіп тастады. Сыннан қорытынды шығаруға ұмтылған Қазақстан К(б) П Орталық Комитеті «Қазақ ССР та- рихын екінші рет бастыруға даярлау туралы» арнайы қаулы (1945) қабыл- дап, жаңа ұлтшылдықты түп-тамы- рымен жою үшін күреске шықты. Кеңестік идеология ықпалымен сой- ылын ала жүгіретін сыншыларды былай қойғанда, Е. Бекмахановтың өзі «Қазақ және ұлы орыс халқы достығының тарихи тамырлары»,
«Ұлы достық» («СҚ», 1945, 30 қазан, 18 қараша), орыс тілінде «Историче- ские корни дружбы казахского и рус-
ского народов» (Большевик Казахста- на, 1947, № 11) секілді мақалаларын жариялап, ғылыми позициясынан безіп шықты. Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы туралы концеп- ция орнығып, кеңінен насихаттала бастады.
Міне, әдебиет сынында оқу құ- ралдары мен басқа да зерттеу ең- бектердегі «ұлтшылдықтың» салқы- нын әшкерелегіш жоғарыда айтылған мақалалардың жазылуына бұл бір себеп болса, 1946 жылғы ВКП(б) Орталық Комитетінің идеология са- ласы бойынша қабылдаған «Звез- да» және «Ленинград» журналдары туралы және «Драма театрларының репертуары туралы және оны жақсарту жөніндегі шаралар тура- лы» қаулылары отқа май құя түсті. Осының барлығы Қазақстандағы ұлтшылдықты әшкерелеудегі идео- логия майданын жандандыра түсті де, мәдениет, әдебиет саласында қырық жылдан астам кесірін тигізген 1947 жылғы және одан кейінгі қате қаулыларға ұласты. Олардың күшін партияның ХХ съезінен кейін басталған жаңаша көзқарастың өзі жоққа шығара алмады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің қалыптасу дәуіріне қадам басқан осы кезеңде қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мен дәуірге бөлу, теориялық мәселелерін тексе- ру жұмыстары тек қана оқу құ- ралдарында жүзеге асты десек
қателескен болар едік. Керісінше, олардың осындай деңгейде танылу- ына ғылыми зерттеу мақалалар мен монографиялық сипаттағы еңбек- тердің үлесі аз бола қойған жоқ.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің мақалалар мен еңбектерде ерекше көңіл аударғаны қазақ әдебиеті та- рихын дәуірлеу мәселесі болды. Ол енді ғана қалыптасу жолын бастаған қазақ әдебиеттану ғылымы үшін заңды құбылыс еді. Себебі, бірде-бір ғылым өзі тексеріп отырған саланың негізгі даму кезеңдерін анықтап алмай тұрып, ішкі ерекшеліктерін зерттеуді қолға ала алмайтыны белгілі. Осыған сай қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуде 1940 жылдардың бас кезінен бастап-ақ екі түрлі көзқарастағы жүйедегі бөлу жо- басы қалыптаса бастады. Оның алғашқысын Қ. Жұмалиев ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы, ХІХ ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы әдебиет, ХХ ғасыр басындағы әдебиет деген үлгіде 1940 жылы ұсынған болатын [77].
Ал бұған қарсы екінші көзқа- растағы үлгі Б. Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихын «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет (ХV- ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет, ХІХ ғ. екін- ші жартысындағы әдебиет, ХХ ғ. басындағы әдебиет, Қазақ совет әдебиеті» деп бөлген, С. Мұқановтың Алтын Орда тұсындағы әдебиет, Ақ-
табан-шұбырынды тұсындағы әде- биет деп дәуірлеген жүйелері болды. Алайда Б. Кенжебаев пен С. Мұ- қанов ұсынған бұл жүйелердегі жоба басқа әдебиетші ғалымдар тарапы- нан қолдау таппады. Б. Кенжеба- ев: «Кейбір жолдастар «Асанқайғы мен Сыпыра жырау тарихта бол- маған, халық ойдан шығарған, әде- биетіміздің тарихын олардан бас- тамай, тарихта болғаны ақиқат Бұқар жыраудан – ХVІІІ ғасырдан бастауы- мыз керек», – дейді. Бұл дұрыс емес, ауырдың үстіменен, жеңілдің асты- менен жүргендік болады», – деп, өзі қазақ хандығы тұсындағы әдебиет деп атаған дәуірдің тарихи маңызы мен зерттелетін ақын-жыраулар- ды атап көрсеткенімен, құлшыныс білдіргендер болмады. Сол себептен де болар, әдебиет хрестоматияларын құрастыру мен оқу құралдарын жазу барысында Қ. Жұмалиев ұсынған дәуірге бөлу нұсқасы басшылыққа алынып кетті. Әсіресе 8 класқа арналған оқу құралдарын жасау- шы осы Қ. Жұмалиев болғандықтан да қиындықсыз жүзеге асты. Оны 1942 жылы «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер»атты еңбегінде С. Мұ- қанов та қолдап, өзінің алғашқы дәуірге бөлген нұсқасынан бас тартты. Ғылыми ізденістің негізгі бағыттары да осы ғасырлардағы әдебиет өкілдері төңірегінде жүруі Қ. Жұмалиевке 1948 жылғы «Қазақ
әдебиеті» оқулығында қазақ әдебиеті тарихының Бұқар жыраудан ғана бас- талатынын тұжырымдай айтуына мүмкіндік туғызды. Әдебиет туған- мен де, дәуірге бөлу проблемасының осылайша қарама-қайшы көзқарас- тар деңгейінде шешілуінің кері әсері болмай қалмады. Қ. Жұмалиевтің дәуірлеген жүйесі кейін концепцияға айналып көп жылдар бойы ұлттық әдебиетіміздің арғы бастауларын зерттеуге тұсау салғаны белгілі. 1940 жылдарда ең құрығанда баста- ма дәрежесінде болса да ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің нысанасы- на айналу мүмкінділігіне ие бола алмаған ХV-ХVІІІ ғасыр әдебиетін зерттеу, «тұрпайы социологизм» да- уылы қайта көтерілген 1950 жылда- ры тіптен де мүмкін болмай қалды.
Солай бола тұрған күннің өзінде, 1940-1950 жылдар арасында әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесін нақты сөз ете бастаған ғылыми-зерттеушілік ой-пікір, оқу құралдарында әр ғасыр әдебиетіне сай хронологиялық жүйе- де топтастырылған ақын-жазушылар мұрасын жан-жақты тексеру міндетін алға тартты. Әдебиет тарихын зерт- теу мен дәуірлеу мәселесінде оқулық- тар жолбасшылық роль атқарды дей тұрғанымызбен, әр дәуір әдебиетіне сай қарастырылған ақын-жазушылар шығармашылығын монографиялық сипатта зерттеуге сай бағыт-бағдар ғылыми мақалалар мен зерттеулер- де жүзеге асты. Мысалы, төңкеріске
дейінгі әдебиеттен Махамбет, Шо- қан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармашылықтарын жан-жақты тексеруге деген ұмтылыс анық көрі- ніс тапты. Олардың шығармаларын жинау, жариялау, кітап етіп бастырып шығару жұмыстары да қызу қолға алынды.
Сыншылдық және ғылыми ой- пікірдің өріс алар өзегі болып келген Абай мұрасына жаңаша көзқараста қарау – зерттеу жұмыстарын күр- делендіре, тереңдете түсті. Ол ұлы Абайдың туғанына 95 жыл то- луына байланысты 1940 жылы шы- ғармаларының екі томдық толық жинағының шығуы мен баспасөз бетінде танымдық мәні зор көптеген ғылыми мақалалардың жарияла- нуынан басталды да, іле-шала 100 жылдық мерей тойына дайындық жұмыстары қызу қолға алынды. Тіл-әдебиет институты Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу жө- нінде 1943 жылы М. Әуезовтің бастауымен, 1944 жылы Е. Ысма- йыловтың жетекшілігімен екі бір- дей ғылыми экспедиция ұйымдас- тырылды. Жинақталған жаңа де- ректер мен материалдар ақынның ғылыми өмірбаянының толықты- рылған үшінші нұсқасының жазы- луына негіз болса, жаңадан табылған шығармалары 1945 жылғы ака- демиялық жинақтың толық мәнде жарық көруіне көп көмегін тигізді. Ұлы ақын мерейтойының бүкіл
республикалық деңгейде атап өті- луі мен «Қызыл Армия үгітшісінің блокнотынан» бастап ССРО ғылыми академиясының Қазақ филиалының
«Хабарларына» дейінгі баспасөз бетінде жүзге тарта мақалалардың орыс, қазақ тілдерінде жариялануы абайтану ілімінің қарқынды қадам жасап жатқанына бір дәлел болды. Бұл жерде М. Әуезовтің «Абай жо- лы» эпопеясының алғашқы кітаптары жарық көріп, қалың жұртшылық пен әдебиетші-сыншылар қауымынан жоғарғы бағаға ие болған табысының игі әсері де болғанын атап ету ке- рек. Әрине, жарияланған мақалалар- дың барлығын абайтануға үлкен үлес болып қосылған еңбектер деп бағалауға болмас. Естеліктік, тарихи- дерекнамалық, шола баяндау мен танымдық-бағалаушылық мақсатта ой айтқандар да аз бола қойған жоқ. Ал ғылыми сипаттағы мақалалар тек абайтану ілімінің тың пробле- маларын көтере бастағанын ғана емес, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің жеке дарындарды мо- нографиялық тұрғыда тексеру жо- лындағы игі қадамдар жасап жат- қанын да анық танытты. Мыса- лы, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ өлең құрылысы, тілі жөніндегі Абайдың жаңалықтары» (Майдан, 1944, №2), М. Әуезовтің «Абай еңбектерінің биік нысанасы» («СҚ», 1945, 18.08), Б. Кенжебаевтың «Абайдың қарасөздері» («СҚ», 1945, 15.08),
С. Мұқановтың «Абай – қазақ хал- қының ұлы кемеңгері» (1945 жыл- ғы толық жинақта), Ғ. Мүсіреповтің
«Абай және орыс классиктері» («СҚ», 1945, 21.08), Е. Ысмайыловтың
«Абайдың көркем сөз шеберлігі» («СҚ», 1945, 22.08) тағы да басқа мақалалар ұлы ақын мұрасын ғылы- ми тексеру жолындағы ізденістердің тың арналарға бағыт алып өрістей бастағанын байқатады. Абайдың өз мұрасын зерттеуге байланысты нақты көтеріле бастаған тақырыптарды былай қойғанда, «Абай шәкіртте- рі», «Абайдың ақындығының ай- наласы және әдеби мектебі» секілді бағыттардағы мәселелердің зерттеу нысанасына түсуі, ұлттық әдебиет тарихында жаңа есімдердің жа- рыққа шыға бастауына үлкен дау- дамайға айналып, соңғы кезге дейін дұрыс шешімін таппай келгені, тек маркстік-лениндік әдіснама қа- ғидаларынан құтылғаннан кейін ғана мойындағанымыз – сол кезде- гі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қиыншылықтарға қарамастан соны барлауларға бара алғанының айға- ғы. Оны монографиялық сипаттағы зерттеудің алғашқы баспалдақтары ретінде танылған М. Әуезов пен Б. Кенжебаевтың «Абай – қазақтың ұлы ақыны» (1945, қазақша, орыс- ша), Н. Сәбитовтің «Абай» (1946, библиографиялық көрсеткіш, екі тілде), М. С. Сильченконың «Абай: Очерк жизни и творчества» (1945),
«Абай – классик казахской лите- ратуры» (1949), Ә.Жиреншиннің
«Абай и его русские друзья» (1949) секілді еңбектерінің Қ. Жұмалиевтің
«Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948) атты монографиясына ұласуы мен докторлық диссертация қорғауы (1946) тағы да дәлелдей түседі. Абай мұрасы 1946 жылы ашылған ұлттық Ғылым Академиясының Тіл-әдебиет институтындағы зерт- теу жұмыстарының басты нысанала- рының біріне айналып, бұл саладағы жұмыстар қарқынды дами бастады.
1940 жылдардағы абайтану ілі- міндегі осы секілді тың ізденістер халқымыздың басқа екі ұлы ағар- тушысы Шоқан мен Ыбырайдың өмі- рі мен шығармашылығын, өнерпаз- дың тұлғаларын ғылыми зерттеуге кең жол ашты. Ы. Алтынсарин мек- теп оқу құралдарына енгізілгендік- тен шығармалары біршама таныс- тырылып, жазушының, ұстаздық тұлғасына бағалаушылық мәндегі пікірлер айтылып та жатқан еді. Ал Ш. Уәлиханов қалдырған мол мұраның ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің нысанасына түсуі мен қазақ әдебиеті тарихына байланысты сөз бола бастауы – осы 1940 жылдардағы ғылыми мақалалардың еншісінде. Өйткені, оқу құралдарында кеңестік идеологияның ұлттар достығы сая- сатына қайшы келетін және кейінде қате табылған тарихи жырлар мен
отаршылдыққа ашық қарсы шық- қан Мұрат, Дулат, Шортанбай және басқа да «керітартпа, ескішіл» са- налған ақындар шығармашылығы қарастырыла бастағандықтан, Шо- қан мен Ыбырай туралы бұрындары қалыптасқан «тұрпайы социоло- гизмге» сай көзқарас өз позициясын жоғалтты. Оған басты себептердің бірі – соғыс жылдарында халықтар достығының айырықша дәріптеле бастауына орай осы үш ағартушы – ойшылымыздың орыс достарының көп болуы еді. Бұл ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірдің ХІХ ғасырда- ғы қазақ әдебиеті классиктерінің мұрасын зерттеуге тайсалмай баруы- на мүмкіндік берді.
Осы кезеңдегі шоқантану саласын- дағы ізденістердің ізашары санал- ған Қ. Бекхожиннің «Ш. Уәлиха- нов – қазақтың тұңғыш білімпазы» («Әдебиет және искусство», 1941,
№4) сияқты мақалаларынан бастап зерттеушілік мәні айқын таныла- тын біршама ғылыми мақалалар жарық көрді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі ретінде хрестома- тиялар мен оқулықтарда енгізілмей жүрген Ш. Уәлихановтың ғалымдық, ағартушылық тұлғасының таныла бастауына бұл мақалалардың жетек- шілік рөлі зор болды. Олардың ішінен Х. Айдарованың «Қазақ халқының та- лантты ұлы» («СҚ», 1945, 15 шілде), Б. Кенжебаевтың «Ш. Уәлиханов», Е. Ысмайыловтың «Ш. Уәлиханов»
(«Әдебиет және искусство», 1945,
№4, 1948, №10) сияқты зерттеу мақалалары шоқантану саласында тың проблемаларды көтере алуымен құнды. Бұған қоса ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен хаттары 1947 жылы орыс тілінде басылып шығуы өріс алып бара жатқан ғылыми ой- пікірге өзек болды. Бұл жерде Шоқан мұрасын зерттеу нысанасына алып жатқан басқа да ғылым салаларынан ұлттық әдебиеттану ғылымы қалыса қоймағанын ескерте кету артық бол- мас. Оның ағартушылық, ғалымдық тұлғасымен қоса фольклорист, әде- биетші ретіндегі қырлары туралы тұжырым қалыптаса бастады. Бұл келді де қазақ әдебиетіндегі орны- ның бағалануына сай оқулықтарға енгізілуіне жол ашты.
Ы. Алтынсарин шығармашылы- ғына оқулықтар деңгейіндегі баға- лаушылық көзқарастан көрі терең- деп, ғылыми және әдеби-теориялық талдауларға баруға жол ашылды. Ал- ғашқыда «Социалистік Қазақстан» газетінде Б. Сүлейменовтің «Ы. Ал- тынсарин» (1945, 15 қыркүйек), Ә. Сыздықовтың «Ы. Алтынсарин – педагог» (1945, 10 көкек) деген мақалалары жарияланып, ол кейін ұлы педагогтің қайтыс болуына
60 жыл толуына орай бірнеше ма- қалалар мен зерттеулердің жазылуы- на жалғасты. 1943 жылы таңдамалы шығармалары, 1948 жылы «Кел, ба- лалар, оқылық» атты жинағы шығып,
олар ғылыми ойдың жаңа арнада дамуына үлес қосса, 1949 жылы шыққан А. Ф. Эфировтің «Ибрай Ал- тынсарин», А. С. Ситдыковтың «Пе- дагогические идеи и просветитель- ская деятельность И. Алтынсарина» (қазақшасы 1950 ж.) атты еңбектерін сол жолдағы алғаш қол жеткізілген нәтижелер ғана емес, қалыптасу дәуірінде күрделі мәселелерді сөз ете бастаған ұлттық әдебиеттану ғылымының табысы десе де болады.
Біздіңше, Шоқан мен Ыбы- рай туралы осы кезеңдегі, яғни 40-жылдардағы жазылған ғылыми мақалалар мен зерттеулерді басты назар аударған нысаналары мен мәселелеріне орай тарамдата баян- дап жату міндет емес. Сондықтан да ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің күрделі де көкейкесті тақырыптарға қаймықпай барып, алғашқы ой-тұжырымдар жасай ал- ғандығын байқату үшін жинақтай айтсақ та жеткілікті. Яғни, қалыптасу кезеңіне енді ғана қадам басқан ұлттық әдебиеттану ғылымы осы екі ағартушы-ойшыл мұрасын зерттеуде:
20-30-жылдары тереңдеп баруға мүмкіндік болмаған Абайға дейінгі әдеби дамудың басты сыр-сипатын анықтады.
Ұлттық сана-сезімдегі ағарту- шылық идеяның туу, даму жолдарын жүйеледі.
Қазақ әдебиеті тарихындағы орындарын бағалап, қосқан үлесін
саралады. ХІХ ғасырдағы әдебиеттің көрнекті өкілі деген тұжырым қалыптастырды.
Ғұмырнамалық деректерді жү- йеледі, шығармаларын жинап-жария- лау ісін жолға қойды.
Ағартушы, ғалым, педагог, жазушы, әдебиетші секілді табиғи таланттылыққа сай тұлғалары баға- ланды.
Ұлттық таным-білікті Шоқан ғылыми арнада, Ыбырай педагоги- калық арнада дамытудағы ұлылығын ашуға алғашқы қадамдар жасалды.
Ыбырай шығармаларына әдеби- теориялық талдау жасау жолындағы бастамалар көрініс тапты.
Шоқан мен Ыбырай шығарма- шылығын монографиялық тұрғыда зерттеуге бастама салынды. Оның негізгі бағыт-бағдары мен көкейкесті мәселелері айқындала бастады.
Әрине, бұл сол кезеңдегі ғылыми ізденістер үшін аз табыс емес еді. Егер бұған қазақтың осы ағартушы- ойшылдары секілді ғылыми зерт- теудің нысанасына көбірек алын- ған Махамбет шығармашылығының тексерілуін қоссақ, онда ХІХ ға- сырдағы қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің біршама жүйеленіп қал- ғанын байқар едік. Шынын айтсақ, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір оқу- лық деңгейінде қарастырылып жүр- ген кейбір ақын-жазушыларды да назардан тыс қалдыра қойған жоқ. Мысалы, С. Дөнентаев, М. Ж. Кө-
пеев, С. Көбеев, С. Торайғыров, М. Өтемісұлы, Ш. Бөкеев және т.б. Бірақ, осылардың ішінен ұлы ағартушыларымыз зерттелген дең- гейде қарастырыла қоймаса да ба- рынша мол сөз болғандары – Ма- хамбет пен Сұлтанмахмұт қана, өзгелері туралы ғұмырнамалық сипаты басым бірді-екілі мақала ғана болмаса, жүйелі зерттеу ныса- насына түспегені байқалады. Бас- қаларды айтпағанда, С. Мұқанов 1942 жылғы еңбегінде «халықшыл ақын» деп, Қ. Жұмалиев 1941 жылғы оқулығында «үлкен реалист ақын» деп бағалаған Шортанбайдың, бол- маса Дулат, Бұқар секілді басқа да тұлғалардың мұрасына ғылыми зерт- теу мақалалардың арналмауы түсі- ніксіз. Соғыс және оның зардапта- рын жоюдағы қиын кезең еді ғой дей тұрғанмен де, бұлар туралы ешқандай ізденіс болмады деу мүлде қисын- сыз. Біздің ойымызша, 1940 жылдар басындағы мектептер мен оқу орын- дарын оқу құралдарымен қамтама- сыз ету міндеті шұғыл қойылғанда,
«халық жаулары» атанғандардың орнын толтыру үшін еніп кеткен, кейінде «керітартпа ескішіл феодал- шыл, ұлтшыл» атанған ақындардың таптық сипатын ашуға маркстік- лениндік әдіснаманың да, кеңестік идеологияның да соғыс басталуы- на байланысты мүмкіндігі болмай қалды. Әйтсе де олар өткізіп алған бұл «қателерінің» өріс алмауы үшін
мерзімді баспасөз бен ғылыми ба- сылымдарды қырағы қадағалаған сияқты. Оған дәлел – соғыстан соң іле-шала 1947 жылғы қаулының шығуы. Бұл ғылыми-зерттеушілік ой-пікір барынша еркіндік алып ке- те алмағандығын көрсетеді. Соның салдарынан да ұлы ағартушылар және Махамбет, Сұлтанмахмұттан басқа ақын-жазушыларымыз оқу құралдарындағы таныстырулар мен талдаулардан әріге бара қоймаған деңгейде қалып қойды. Ол жеке да- рындарды монографиялық тұрғыда тексеру жұмыстарының тұтастай өріс алуына, сол арқылы ұлттық әдебиет тарихының жүйелі түрде зерттелуіне кесірін тигізді.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің оқулықтарда сөз болып жүрген басқа ақын-жазушылардан гөрі Махам- бет пен Сұлтанмахмұтқа көбірек ден қоюының объективті себептері де жоқ емес. Махамбет шығармашылығы- на байланысты ол екі жағдайда та- нылды. Біріншіден, 1943 жылғы М. Әбдіхалықов пен А. Панкрато- ваның революциясымен шыққан
«Қазақ ССР-інің ерте заманнан осы күнге дейін тарихы»аталатын, шықпай жатып-ақ қатты «сынға» ұшыраған еңбектегі Исатай-Махам- бет көтерілісінің сұлтандар бастаған ұлт-азаттық қозғалыс емес, шаруалар көтерілісі болып дәріптелуі болса, екіншіден, соғыс кезіндегі ата-баба аруағын шақырған күрескерлік рух
пен патриотизмге бет алу өз әсерін тигізді. Сұлтанмахмұттың зерттеле бастауына, туғанына 50 жыл, қайтыс болғанына 25 жыл толуын атап өту секілді даталар себеп болды.
Осы кезеңде ғылыми ой-пікір- дің дамуына ерекше еңбек ет- кен Е. Ысмайылов пен Б. Кенже- баевтың Сұлтанмахмұт туралы, Қ. Жұмалиевтің Махамбет туралы мақалалары жеке дарындарды мо- нографиялық тұрғыда зерттеудің биік үлгісін көрсетті. «Әдебиет және искусство» журналы және басқа ба- сылымдар бұл ақындар туындыла- рын жиі жариялады. Соның нәтиже- сінде С. Торайғыровтың таңдамалы шығармалары (1950) жарық көрді. Махамбет мұрасын жинау-жариялау жұмыстары қолға алынды. Осындай ізденістер жемісі ретінде 1948 жылы Қ. Жұмалиевтің «М. Өтемісұлы» атты ғылыми очеркі, 1949 жылы Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың ақындығы» аталатын зерттеуі басы- лып шықты. Бұған Қ. Жұмақұлов- тың «Қазақ халқының ұлы демократ ағартушылары» атты кітапшасы қоссақ, 40-жылдардағы ұлттық әдебиеттану ғылымы әдебиет та- рихының жалпы мәселелері мен дәуірге бөлу проблемасымен ғана шектеліп қалмай, жеке дарын- дар шығармашылығын тексеруде де шешуші қадамдар жасай алға- нын көреміз. Өкінішке орай, ке- ңес дәуіріндегі әдебиет өкілде-
рінің шығармашылығын зерттеуде ғылыми-зерттеушілік ой-пікір бұл деңгейде табыла алмады. Кезең ыңғайына орай, халық шығарма- шылығының өкілдеріне көбірек, көңіл аударылғаны да рас. Оған соғыс кезінде қайта жанданған ай- тыс өнерінің әсері де тимей қалма- ды. Алайда, халық ақыны Нұрпейіс, Доскей, Шашубай т.б. туралы ма- қалалар ғұмырнамалық деңгейдегі ой-қорытындылардан алысқа бара алмады. Ең көп жазылды деген Жамбыл туралы мақалалардың өзінде ғылыми тереңдік пен әдеби теориялық талдау жасау жағы же- тіспей жатты. Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы, жырлаған та- қырыптары, толғауларының Отан қорғаудағы мәні, айтыстағы шебер- лігі т.б. совет заманындағы халық ақыны екенін дәлелдеуге құрылған жалпылама баяндаудан аса алма- ды. Әйтсе де бүгінде жамбылтану атанып жан-жақты дамып отырған саланың алғашқы іргетасы осы 1940 жылдары салына бастағанын атап айтар едік. Олай деуге толық негіз бар. Мақалалармен салысты- ра қарағанда, 1946 жылы жарық көрген К. Зелинскийдің «Джам- бул», М. И. Ритман-Фетисовтың
«Д. Джабаев: Жизнь и творчество» аталатын еңбектерінің ғылыми құндылығын жоққа шығаруға бол- майды. Бүгінгі күннің талап-тілегі бойынша қарасақ, «күн көсемдерді»,
партияны жырлауы жағына көбі- рек көңіл аударылғанымен де, Жам- былды халық поэзияның алыбы екенін дәлелдеп шығу жолындағы тұжырымды пікірлер көңіл аударуға тұрарлық. Сол сияқты С. Бегалин, А. Тәжібаев, М. Фетисов шығарған
«Джамбул» атты өмірбаяндық очерк пен библиографиялық көрсеткіш те (орыс тілінде) жамбылтануда тың ізденістер болып жатқанын дәлел- дейді. Әдебиеттану ғылымының ғылыми биіктіктерге қол созған ұмтылыстарын саралаған уақытта қазақ библиографиясы мен тексто- логиясы да өз саралары бойынша батыл қадамдар жасап жатқанын айта кету керек. Жоғарыдағы тарауда айтқанымыздай, төңкеріске дейінгі ізденістері 20-30-жылдары белгілі бір дәрежеде жалғасын тауып жатты. Наркомпростың қолдауымен қазақ тілінде басылған кітаптардың тізімін алу, анықтау, көрсеткіш етіп шығару жұмыстары қолға алына бастады. Ол 1924 жылы Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде де көтеріліп, бұрынғы шыққан кі- таптардың тізімін алып, қажетті деп тапқан таңдаулыларын қайта бас- тырып шығару керектігіне көңіл ау- дарылды. Ол 1926, 1927 жылдары шыққан «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші» және «1929 жылдың 1 тамызына дейін шыққан кітаптардың тізімі» (1929) деген ат- пен жарық көрген библиографиялық
көрсеткіштер дәрежесінде көрініс тапты. Оларды баспаға дайындаған М. Дулатов еді. Бұлар тек төңкерістен бері қарай жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптарға арналған биб- лиографиялық көрсеткіштер бола- тын. Толық әрі жан-жақты жасал- мағанымен, бұлар қазақ библиогра- фиясының бір қадам алға басқанын танытатыны анық еді. Бірақ, алаш- шылдарды қудалауға байланысты, бұл іс еріксіз үзіліп қалды да, тек қырқыншы жылы қайта жалғасты.
Негізінен библиография уақыт тұрғысынан алғанда ағымдық және ретроспективті деп екіге, мазмұны жағынан жалпы, персональды, та- қырыптық библиография деп үшке, ал мақсаты жағынан көпшілікке арналған және ғылыми-зерттеу жұ- мыстар үшін ғылыми библиография болып екіге бөлінеді екен [25, 23]. 1940-55 жылдар аралығындағы сөз еткелі отырған библиографиялық көрсеткіштер негізінен ретроспек- тивті (белгілі тарихи кезең мате- риалдарынан құрастырылған, пер- сональді және ғылыми-зерттеу жұ- мысына арналғанын байқаймыз. Бұл бағыттағы жаңа қадам 1940 жылы Абайдың екі томдық жинағын ба- стырып шығаруға байланысты жұ- мыстарға орай көрінді. Ұлы ақынның туғанына 95 жыл толуына арналған
«Абай» атты библиографиялық көр- сеткішті Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайы- лов, Қ. Бекхожиндер 1940 жылы бас-
тырып шығарды. Осыдан бастап же- ке ақын-жазушы шығармашылығына арналған (персональді) библиогра- фиялар жасау ісі қолға алынды. Осы кездегі қазақ библиографиясының да- муына ерекше еңбек еткен Н. Сәбитов болды. Абайға арналған алғашқы көрсеткіште сыни библиографиялық материалдар, өлеңдер ғана қамтылған болса, Н. Сәбитов оны толықтыра дамыта отырып, 1946 жылы «Абай» атты (қазақша-орысша) өз еңбегін шығарды. Онда ақынның 1889- 1945 жылдар аралығында басылған шығармалары мен ол туралы жазыл- ған танымдық, зерттеушілік еңбек- тердің барлығы библиографиялық тұрғыда жүйеленді.
Бұл библиографиялық көрсеткіш- тердің ғылыми танымдық мәні зор еді. Себебі, Абай шығармашылығын зерттеуге негіз боларлық еңбектерді бір жүйеге келтіріп қана қоймай, ақынның академиялық толық жи- нағын шығаруға, текстология мә- селелерінің нақты сөз бола бас- тауына өз әсерін тигізгені анық. Мысалы, текстология, яғни ақын шығармаларының түп нұсқасын анықтау, нақтылау мәселесі осы ака- демиялық жинақтағы түсініктерде біршама көтерілсе, Б. Жақыпбаевтың
«Абай шығармаларының текстісі» (Майдан, 1945, №2) мақаласында да біршама сөз болады. Абай өлең- деріндегі шумақтар мен кейбір жол- дардың өзгеріске ұшырауын са-
лыстыра қарап, түпнұсқасын табу жолында кейбір жаңсақтықтар жі- бермеу жағы қатты ескертіледі. Абайдың 1933 жылғы толық жина- ғы текстологиялық жағынан сапасы төмен болғандығын М. Әуезов өзі ескерткен болатын. Енді М. Әуезов айтқандай, «текстологиялық талдау- лар үшін Абайдың творчестволық методы мен индивидуалдық ақын- дық ерекшелігі негіз болатыны» басшылыққа алына бастады. Ол Т. Әбдірахмановтың «Абай шы- ғармаларының текстологиясы жай- ында» атты мақаласында біршама тарамдатыла баяндалды да, ақын өлеңдерінің бастапқы түпнұсқасын қалпына келтіру ғылыми тұрғыда қарастырыла басталды.
Абайға арналған осы екі көрсет- кіш қазақ библиографиясының ал- ғашқы іс-тәжірбиесі болғандықтан және абайтанудың барлық мәселе- лерін «ұлтшылдар» мен «халық жау- ларына» байланысты көзқарастың кесірінен қамти алмағандықтан, то- лық мәнді еңбек бола алмағаны айт- паса да түсінікті. Алайда, олар жеке ақын-жазушы шығармашылығын библиографиялық тұрғыда жүйелеу- ге бастама салды. Н. Сәбитов бұл саладағы ізденістерін жалғастыра отырып, Ғылыми академиясының
«Хабаршысында» (1950, № 2) Ш. Уәли- ханов, Ы. Алтынсарин туралы жа- рияланған материалдардың библиог- рафиялық көрсеткішін орыс тілінде
жариялады. Бұл секілді сәтті қа- дамдар қазақ библиографиясының өзге түрлерінің де туа бастауы- на әсерін тигізбей қалмады. Енді ретроспективті сипаты анық, ғылыми- зерттеу жұмыстарына бағытталған жалпы библиографиялық көрсет- кіштер жазыла бастады. Ол алғаш- қыда «Әдебиет және искусство» журналындағы Ә. Тоқмағамбетов- тің «Революцияға дейінгі басылған қазақ көркем әдебиетінің библиогра- фиясы» (1940, №7-8) атты еңбегін- де біршама қарастырса, Н. Сәбитов
«Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» атты кітабында 1862- 1917 жылдар аралығындағы әдеби, ғылыми материалдарды бір жүйеге келтірді. «Бұл библиографиялардың олқы жері: оларға әр түрлі се- бептермен байланысты көптеген маңызды материалдардың енбей қалуында. Толық болмаса да, тұң- ғыш тәжірибелер ретінде қазақ әдебиет библиографиясының та- рихында Н. Сәбитов құрастырған библиографиялық көрсеткіштерінің өзіндік орны бары даусыз» [25, 18]. Бұлардың қатарына 1948 жылғы
«Қазақ әдебиеті тарихының» 1 то- мындағы көрсеткіш пен Ғылым академиясы басылымдарының би- блиографиясын (1952) қоссақ, ағым- дағы және бұрынғы баспасөз бен басылымдардағы әдебиетке қатыс- ты материалдарды бір жүйеге келті- ру, пайдалану жұмыстары үздіксіз
жүріп отырғанын көрер едік. Бұны айтқан уақытта 1940-1955 жылдар аралығындағы қазақ библиография- сында орны елеулі екі еңбекті ерек- ше атаған орынды. Олар қазақ би- блиографиясында ретроспективті тақырыптық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға көмегі тиетін көрсеткіш- терге тән негізгі сипаттарды толық көрсетуімен құнды еді. Алғашқысы – В. М. Сидельниковтің 1951 жылғы халық ауыз әдебиетіне арналған орыс тіліндегі еңбегі. Онда қазақ фолькло- рына байланысты 1771-1916 жыл- дар аралығындағы барлық материал қамтылған. Жарияланған және жа- рық көрген фольклорлық үлгілер мен зерттеу еңбектер енгізіліп, бұрынғы көрсеткіштерде қамтыла қоймаған тың деректермен толықтырылып шықты. Негізінен орыс тілінде жа- рияланған басылымдар бойынша жұмыс жасау басты назарда болып, қазақ тілінде жарияланған бірталай материалдар енгізілмей қалғанымен, бұл еңбек фольклортану саласындағы да ғылыми ой-пікірлерді бір арнаға жүйелеп, библиографиялық тұрғы- да нақтылап берді. Ал келесісі – Ғ. Әбетовтің «Қазақ совет әдебие- тінің библиографиялық көрсеткіші» (1956) аталатын қазақша-орысша шыққан еңбегі. Бұл кеңес дәуіріндегі әдебиет туралы қырқыншы жылдар- да әр түрлі сипатта және мазмұнда шыққан көрсеткіштердің барлығын ғылыми тұрғыда саралай отырып,
толықтырған көрсеткіш болды. Онда ақын-жазушылардың 1917-1946 жыл- дар аралығындағы басылған идеоло- гиялық саясатқа қарсы келмейтін көркем шығармалары және олар ту- ралы сын мақалалар, ғылыми ең- бектер енгізілген. Көрсеткіштің таза әдебиет мәселесіне арналмай марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері, партиялық құжаттар мен қаулы-қарарлардың орын алуын сол кездегі заман талабы деп ұғар болсақ, бұл көрсеткіш те қазақ биб- лиографиясының алға басқан сәтті табысы дер. Қазақ библографиясы мен текстологиясы жайында бұл айтылғандардан шығар қорытынды: ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің даму жолын бастаған кезеңінде бұл салаларында да көңіл аударарлықтай ізденістер жасап, келешекте туатын сүбелі еңбектердің іргетасын қалап жатқанын көреміз.
Қалыптасу жолын бастаған жыл- дардың өзінде-ақ осылайша, әр са- ладағы тақырыптарға батыл барлау жасап жатқан ұлттық әдебиеттану 1920-1930 жылдардағы әдебиеті де назардан тыс қалдыра қойған жоқ. Ғылыми зерттеушілік мақсатта аз- ды-көпті сөз болған С. Мұқанов пен М. Әуезов болды. Бірақ ғылыми- зерттеушілік ой-пікір оларды арнайы мақсатта тексеруге ұмтылды деп кесіп айту қиын. Өйткені, М. Әуезов тура- лы жазылған мақалалар «Абай жо- лы» эпопеясына байланысты жазушы
шеберлігі төңірегіндегі сыншылдық ойға қарай ойыса беретіні байқалса, С. Мұқанов шығармашылығын шола баяндап, үстірт қарау басым түсіп жатты. Алайда, оларға бүгінгі күннің биік көзқарасы тұрғысынан қарап, жетіспеушіліктері мен маркстік-ле- ниндік әдіснаманың талаптарына сай топшылауларын қазбалай көр- сетудің қажеті шамалы. Қазір ай- туға оңай болғанмен, 1937-1938 жылғы зұлмат ызғары жойылған да, ұмтылған да жоқ еді. Сондықтан ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 1920-1930 жылдардағы әдебиетке асқан сақтықпен қарауы түсінікті де еді. Басқалар түгіл, М. Әуезов пен С. Мұқановтың 20-30 жылдардағы шығармаларының кеңестік дәуір- дегі әдебиетті дамытудағы маңызы- на тереңдеп бара алмауының басты себептерінің бірі осында деп ойлау керек. С. Мұқановтың туғанына 50 жыл, жазушылық қызметіне 30 жыл толуына орай жазылған мақалалар- дың монографиялық тұрғыдағы зерттеу еңбектер дәрежесіне жете алмауының сыры да осында. Бұдан 20-30-жылдардағы әдебиет мүлде сөз болмады деген ұғым қалыптаспауы керек. Б. Кенжебаевтың «Қазақ со- вет әдебиеті дамуының алғаш- қы кезеңі» («ҒА хабарлары», 1948,
№55), Қ. Жұмалиевтің «Қазақ со- вет әдебиетінің даму кезеңдері» («Әдебиет және искусство», 1949,
№10 ) секілді мақалалары төңкерістен
бергі әдебиеттің даму тарихы ту- ралы ғылыми түрде жүйелі түсінік беру мен зерттеу жолындағы басты көңіл аударарлық мәселелерді таныта білуімен ерекшеленеді. Негізгі айты- лар ой – С. Бәйішевтің 1947 жылғы
«Қазақ әдебиеті мен әдебиет зерт- теудің күрделі мәселелері» («СҚ», 1947, 15 тамыз) атты мақаласындағы ғылым туралы партия саясатының талаптарынан туындап жатқанымен, осы дәуір әдебиетін зерттеуде алға басқан қадамдардың бірі екенін ашып айтқан дұрыс.
Ұлттық әдебиет туралы ғы- лымның 1940 жылдардағы ғылыми ізденістерін сөз еткен уақытта, зерттеу әдістерінің қандай сипатта көрініс тапқанына көңіл аудармасқа болмайды. Өйткені, қандай да бол- сын ұлттық әдебиет туралы ғылыми бүкіләлемдік әдебиеттануға тән әр түрлі мектептер теориясына сай да- му жолын толықтай бастан өткерме- ген күннің өзінде, олардың негізгі белгілері байқалмай қалуы мүмкін емес. Маркстік-лениндік әдіснама төңкеріске дейінгі орыс әдебиеттану ғылымындағы академиялық мек- тептер қалыптастырған әдіс-тәсіл- дерді жоққа шығарғанымен, олар біржола құрып кетті дей алмаймыз. Көркемөнер мен ғылымды марк- стік-лениндік әдіснаманың прин- циптерінен шығармаған партия сая- сатының 40-жылдары тізгінді сәл де болса босатыңқырағаны тарихи
шындық. Осыған сай Ресейде ғана емес, ұлт республикаларында да көркем әдебиетті ғылыми тексерудегі бүкіләлемдік іс-тәжірибеден үйрену, жаңашыл деп танылған кейбір тео- рияларды пайдалану процесі қатар жүріп жатты. Ол кейін ғылымдағы космополитизм, батысқа бас июші- лік, буржуазияшыл-ұлтшылдық деп табылғаны мәлім.
Бұл тұрғысынан келгенде, осы кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғы- лымы да өз мүмкіндігі келгенше ұм- тылыстар жасамай қалған жоқ емес. Оқулықтар мен хрестоматияларда негізінен биографизм мектебінің та- лаптарына сай ғұмырнамалық тұр- ғыдағы тексеру басты бағыт алды. Бірақ оған кеңестік әдебиеттануға тән таптық наным, қоғамдық тар- тыс, дүниеге таптық көзқарас секіл- ді қағидалары да араласып отырды. Ал жеке ақын-жазушылар мұрасын монографиялық тұрғыда зерттеуде ғылыми-зерттеушілік ой-пікір био- графизм ауқымынан шығып, со- циологиялық арқауы басым талдау- лардан алыстай бастағаны байқалды. Мысалы, оны Абай мен Ыбырай шығармашылығына арналған ғылыми мақалалар мен еңбектердегі мәдени- тарихи салыстырмалық мектепке тән ой-көзқарастардан байқауға болады. Шоқан, Махамбет, Сұлтанмахмұт мұралары алғаш рет тексерілу ны- санасына алынып отырғандықтан да ғұмырнамалық сипатта қарастыру
басым түсіп жатқанымен, тарихи және әдеби-теориялық талдау жасай отырып тексеруге деген талпыныс анық байқалды. Ең бастысы, ұлт- тық әдебиеттану ғылымы «социоло- гизм» теориясының зиянды ықпалы- нан алыстап, сталиндік «түзетулер» енгізілгенге дейінгі маркстік-ле- ниндік әдіснама талаптары анық байқала отырса да бар мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылды. Ста- линдік түзетулерге СОКП ОК-нің қаулылары мен Қазақстан КП ОК-нің 1947 жылғы қаулыларынан басталған саяси науқанға қатысты сөз ету бары- сында әлі де тоқталамыз. Ал әзірше оқу құралдары мен монографиялық тұрғыдағы зерттеулердің қолға алынуына орай ұлттық әдебиетта- ну ғылымының екі табысын атап көрсету қажет. Оның алғашқысы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің тек әдеби тарихи бағыттағы зерттеулер- мен шектеліп қалмай, теориялық талдауларға батыл бара білуі дер едік. Оған тыйым салынды деген күннің өзінде А. Байтұрсыновтың
«Әдебиет танытқышынан» бастау алған Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет тео- риясы», Е. Ысмайыловтың «Әде- биет теориясының негіздері» секілді еңбектерінің теориялық таным-бі- ліктің өз дәрежесінде танылуына тигізген әсері мол болды. Абай, Ма- хамбет, Сұлтанмахмұт шығармала- рының қазақ өлеңінің құрылысын зерттеуге деген жаңашыл бағыт-
бағдардың басталуына сай зерт- телу нысанасына нақты түскені оған айқын дәлел. Сонымен қатар, оны осы кездегі сын, рецензиялық мақалалардағы көркем шығарманың ішкі құрылысына қарай талдау жасауға деген қадамдардың аяқ алы- сынан да көруге болады. Бұл қазақ әдебиетінде әдеби жанрлардың да- му жолын тексеруде деген ізденіс- тердің басталуына, жанр табиғатын теориялық тұрғыда танып білу жо- лындағы алғашқы барлаулар жасала бастауына әкелді.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір- дің осы кезеңдегі екінші жетістігі оқулықтар, ғылыми мақалалар жә- не зерттеу еңбектердегі тексеріле бастаған ақын-жазушылардың қа- зақ әдебиеті тарихындағы ала- тын орындарының дұрыс жөне әділ бағалануы еді. Оған біз қате қаулылардың қағидаға айналған тұжырымдары өз күшін жойғаннан кейін ғана көз жеткіздік. Көптеген дарындардың әдеби мұрасын зерт- теудегі осы маңызды бастаманы тек соңғы он жыл ішінде ғана жал- ғастыруға мүмкіндік туды. Оған дейін қазақ әдебиеттану ғылы- мының 1940 жылдарда-ақ қол жет- кізген осы табысы бұрмалана түсін- діріліп келді. Ол «Қазақ әдебиеті тарихының» ІІІ томында: «Алайда соғыс кезінде жазылған оқулықтар мен зерттеу еңбектерде идеялық қа- теліктер жіберілді. Өткен дәуірдегі
ақындардың бәрін бірдей халық ақыны, ағартушы-демократ етіп көрсетпек болған көзқарастар, яғни
«бірыңғай ағым» теориясы бұл тұстағы қазақ әдебиетшілерінің ең- бектерінен орын алды. Сондықтан әдебиет тарихын зерттеуде орын тепкен қате-кемшіліктер мен шала- ғайлықтар мезгілінде және соғыстан кейінгі дәуірде партияның идеоло- гия мәселелері жөніндегі қаулыла- рында сыналып көрсетілді», – деп бағаланды [27, 160]. Бұл – негізсіз және тым артық айтылған пайым- дау. Себебі, осы 40-жылдардағы оқу құралдары мен зерттеулерді қа- растырғанда, классик деп тану үш ұлы ағартушы-ойшылымыздан бас- қа тек Сұлтанмахмұтқа байланысты айтылған екен. Ал бұл шындықтың ау- лынан алыс жатқан жоқ. Оның өзінде де ақынның Қазан төңкерісін бірден түсінбей «адасушылыққа» ұшыра- уын таптық көзқарасқа сай түсінді- ре кету де назардан тыс қалмаған. Зерттеушілер бұлардан басқа ақын- жазушылар мұрасын сөз еткенде, қоғамдық және дүниетанушылық көзқарастарын ашуға айрықша кө- ңіл аударуы маркстік-лениндік әдіс- нама талаптарынан табылуға деген амалсыздықтан еді. Бұл жерде біз коммунистік идеялар мен таптық көзқарасқа біржола берілгендік се- німді жоққа шығарайын деп отыр- ған жоқпыз. Тым өріс алып кете қоймағанмен ол да болғаны жалған
емес. ХХ ғасырдағы әдебиетті бы- лай қойғанда, маркстік-лениндік ілім түгіл олардың аты да белгісіз кезеңдегі, яғни фольклор мен ХVІІІ- ХІХ ғасырдағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығын маркстік-ленин- дік әдіснама қағидаларына сай ба- ғалауды талап етуді бүгінде еш қисынға сиғызу мүмкін емес. Ста- линнің жеке басына табыну ке- зеңіндегі партия саясаты мен идео- логиясы ғылыми ой-сананың ұлттық танымға тамыр тартуына тыйым салған айла-шарғысы екені анық. Кейінде жеке басқа табынудың зар- даптарын әшкерелеген күннің өзін- де Сталин басқарған партияның ғылым мен көркемөнер саласындағы саясатының аса бұрмалаушылыққа толы қисындарын жеңіл-желпі сөз етумен ғана шектелдік. Сол се- бептен де кейінгі қаулылар қате зерттелді деп тапқан М. Ж. Көпеев, Н. Наушабаев, Н. Орманбетұлы, Ғ. Қарашев, Ш. Бөкеев, Шортанбай, Мұрат, т.б. ақындарға берілген әділ бағаны жоққа шығарумен болдық. Шындығына келгенде, сол кезде олардың ұлт мүддесін жырлаған халық ақыны, заман шындығын айта білген реалист екендігіне берілген бағаны арада қырық жыл өткен соң қайталай айтып, жаңалық тапқандай болып жатырмыз.
Жинақтай айтар болсақ, ұлт- тық әдебиеттану ғылымының осы 40-жылдардағы қол жеткізе алған
жетістігі аз табыс емес еді. Бірақ осылайша, ұлттық әдебиеттің бар- жоғын түгелдеуге ұмтылып, ол жол- да іркілісінен ізденісі басым түсіп жатқан қазақ әдебиеттану ғылымына Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрес- кел қателер туралы» қаулысы сарт ете түсті. Ол қазақ әдебиетін ұлттық мүддеге сай танып-білу және зерт- теу жолындағы тың бағыттағы қа- дамдарды жоққа шығарғанымен қоймай, ақыл-ойға ұзақ жылдар бойы тұсау салған кеңестік саясат пен идеологияның қатаң талапта- рын ала келді. Негізінен бұл қаулы БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылғы «Звезда» және «Ленин- град» журналдары туралы», «Дра- малық театрлардың репертуарлары және оны жақсарту шаралары ту- ралы» және тағы да басқа қаулы- қарарларынан туындаған партия сая- сатына үн қосу мен саяси қырағылық танытудан туғанымен, тарихи мән- мағынасы тереңде жатыр. Соғыстан кейін Кеңестер Одағында Еуропа өнері мен мәдениетінің, ғылымының әсері айқын көрініс таба бастаған еді. Ол «космополитизм», «батысқа еліктеушілік», «батысқа бас июшілік» деп бағалана бастады. «Если разгром
«врагов народа» в партии все еще про- исходил в глубокой тайне (даже чле- нам Политбюро было запрещено со-
общать кому-либо об аресте их жен), то разгром «идеологических вредите- лей» среди ученых и писателей велся открыто. Под непосредственным ру- ководством Суслова не только на всех учасках идеологического фронта про- должались «разоблачения», начатые Ждановым (литература и искусство, наука и философия), но зоны бое- вых действий еще и расширились»,
– деп атап айтылғандай, орталықта басталған әшкерелеу науқаны ұлт республикаларында «буржуазиялық- ұлтшылдықты», «идеясыздық пен саяси көрсоқырлықты» талқандауға ұласты [78, 55]. Қазақстанда 1947 жылғы қаулының жарық көруінің осындай негізі бар еді. Бұл қаулы ұлттық әдебиеттің болмыс-бітімін тарихи шындыққа сай жүйелі түрде зерттеуді жасауға батыл қадымдарды теріске шығарып қана қойған жоқ, ғылыми мәне зор ізденістерге тоқтау да салды. Нақтылай айтар болсақ, батырлар жырының төрт томдығы мен «Қазақ әдебиеті тарихының» басуға даярланып қойған бірінші томдығы, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кен- жебаев, Ә. Мәметова, Т. Нұртазин- нің кандидаттық диссертациясында- ғы маркстік-лениндік әдіснаманың таптық принциптеріне сай келмей- тін жаңашыл бағыттары мен көз- қарастары сынға ұшырады. Соны- мен қатар еңбектер мен мақалаларға, орта мектепке арналған әдебиеттік оқу кітаптарына «ақын-жазушылар
шығармашылығы тап күресімен байланыстырылмай бір жақтылықта түсіндіреді, тек жақсы жағынан бағалап, олардың феодалдық-реак- цияшыл, ұлтшыл-буржуазияшыл са- рындарын бүркемелей баяндады» деген айып тағылды. Әсіресе Ба- зар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей, О. Қарашев, С. Торайғыров мұрала- ры ғылымға жат, «зиянды концепция- мен» зерттелгені баса айтылды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының 1940-жылдардағы табыстарын осы- лайша жоққа шығарған бұл қаулы В. И. Лениннің «ескі мәдениет ту- ралы» қағидасын тағы да алға тар- тып, «тұрпайы социологизм» тео- риясына тән қате көзқарастың қайта өріс алуына жол ашты. Ең бастысы, ұлттық әдебиеттанудың ғылыми әдіснамалық ізденістерінде кең өркен жая бастаған тарихилық жә- не халықтық принциптеріне маркс- тік-лениндік ілімнің таптық қағи- дасының тар шеңберіне қайта апарып құрсаулауды саяси мән бере отырып негіздеді.
Қаулыда ресми тұрғыда тұжы- рымдала айтылған айыптауларды Қазақстан Компартиясының секре- тары Ж. Шаяхметов Алматыдағы творчестволық зиялы қауым ал- дында жасаған «Идеология майда- нындағы қызметкерлердің айбын- ды міндеттері» аталатын баяндама- сында тарамдата баяндады. Онда әдебиетші ғалымдарының «қазақ
аулында тап күресінің болғанын мойындамағандықтан әдебиет та- рихын ғылымға қайшы әдіспен тек- сергені, соның салдарынан бұрынғы әдебиет мұрасын бір жақты бағалап, оның өкілдерінің бәрін жалпы ұлт, халық қамқоры етіп көрсеткені, марксизм-ленинизм қағидаларынан ауа жайылуы өткен замандағы хан- дарды, байларды, билерді дәріптеуге, қазақ аулының бұрынғы феодалдық- рушылық қалпын көксеуге әкеліп соққаны» атап көрсетілді [79]. Ба- яндамашы Ленин мен Сталиннің ғылыми зерттеу жұмыстары тура- лы көзқарастарынан, Ждановтың идеология жұмыстарын жандан- дыру туралы баяндамаларындағы сөздерінен үзінділер келтіре отырып, Ә. Мәметова мен Б. Кенжебаевтың кандидаттың диссертацияларына, Е. Ысмайылов пен Қ. Жұмалиевтің оқулықтарына, әсіресе оның Ду- лат, Шортанбай, Мұрат, Ш. Бөкеев, Ғ. Қарашев шығармашылықтары сөз болған бөлімдеріне қатты шүйлікті. Соның негізінде ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің 1940-1947 жылдар аралығында әдебиет тари- хын тарихи шындыққа сай тексеру- ге бет алған соны бағыты «қателік» деп табылды. Қазақстан тарихы мен әдебиетін зерттеуде танылған
«жаңа ұлтшылдықты» әшкерелеуге арналған бұл баяндама, идеология са- ласында кеткен «қателіктерді» түзету жолында партия талап етіп отырған
келелі міндеттерді де белгілеп берді. Олардың ең басты дегендерін атасақ, жергілікті ұлтшылдықтың ешбір түріне жол бермеу. Өткен дәуір әдебиетін зерттеудегі бұрма- лаушылықты батыл әшкерелеп оты- ру, бұрынғы заман қайраткерлері шығармашылығын маркстік-ленин- дік әдіснамаға сай ғылыми негізде зерттеу, идеясыздыққа, саясаттан тыс қалушылыққа жол бермеу, керітартпа көзқарастарға партиялық принцип- пен қарсы тұру, «өрескел қателерді» большевиктерше әшкерелеу, түзету жолында қажырлылықпен күресу, әділ сынды өрістету, т.б. Қолында шынайы билік жоқ республика пар- тия ұйымының шешімі ретінде танылған қаулының бірінші басшы Ж. Шаяхметов баяндамасында осы- лайша негізделуі қазақ зиялыларына қарсы тағы да саяси науқан басталып кеткенін дәлелдейді.
Қаулы мен баяндамадан туын- даған міндеттерді жүзеге асыруға шұғыл жұмылдырылған идеология майданының қызметкерлері көр- сетілген қателіктерді әшкерелеу мен түзетуге белсене кірісті. Ол кө- бінесе партиялық тапсырма ретін- де бағаланып, сол кездегі саяси қы- рағылық болып танылды. 1950 жыл- дардағы қудалауға дейін ұласқан бұл науқанның қаулыдан соңғы алғашқы қадамдары екі сипатта көрініс тапты және олар бір-бірімен байланыстылықта болды. Оның бі-
ріншісі, партиялық баспасөз орны болып табылатын «Социалистік Қа- зақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің жол бастауымен мерзім- ді жарияланымдарда «тұрпайы со- циологизм» көзқарасындағы сола- қай сыншылдықтың өріс алуы бол- са, екіншісі, жарамсыз деп табылған оқулықтарды пайдаланудан алу мен сынға ұшыраған ақын-жыраулар шы- ғармашылығын алып тастап, қаулы талабына сай жаңа оқулықтар жазу еді. Қаулының егемендік алғанға де- йінгі ғылыми зерттеу жұмыстарына тигізген орасан зор кесірін таныту үшін бұл жайттарға кеңінен тоқтала кеткен артық болмайды.
Қаулы мен баяндамадан соң-ақ іле-шала белсенділік танытуға ұм- тылған партиялық баспасөздер тал- қандауға құрылған саяси науқанды бастап жіберді. «Социалистік Қазақ- стандағы» «Идеологиялық жұмыс- тағы қате-кемшіліктерді батыл жоя- йық» (11 наурыз) атты бас мақала,
«Казахстанская правдадағы» В. На- умов пен Н. Антоновтың «На пози- циях гнилого либерализма» аталатын мақаласы қазақ әдебиеттану ғылы- мы туралы солақай сыншылдық- тың өріс алуына жол ашты. Қаулы шықпай тұрып-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарының ұлттық мүддеге сай бағыт алуына күмәндана қарап, осы қаулының қабылдануына не- гіз болды деп ойлауға болатындай мақалалар жарияланғандардың күні
оңынан туды. Оны қаулыдағы рес- ми тұжырымдар мен 1946 жылғы
«Социалистік Қазақстанда» жария- ланған П. Кузнецовтың «Идеясыз- дық пен жайбарақаттық жағдайында» (4 қазан), Б. Степановтың «Қазақстан- да идеологиялық жұмыстың кей- бір мәселелері туралы» (10 тамыз), С. Төлешевтің «Әдебиеттік оқу кітаптарындағы елеулі кемшіліктер» (13 қараша), «Қазақ әдебиетін зерт- теудегі елеулі қателіктер мен кемші- ліктерді батыл және тез жояйық» (1 желтоқсан) секілді мақалалардағы сын нысанасына түскен мәселелер мен пікірлерді салыстыра қарағанда анық байқауға болады.
Ұлттық әдебиеттанудағы қате- ліктерді жоюға шақырған үндеуге идеологияға жақын екенін үнемі дәлелдеуге ұмтылатын сол кездегі әдеби сын бірден үн қосты. Сын- шылдық көзқарастың қаулыға дейін анда-санда көрініс беріп қалып отырған тапшылыққа негізделген сыңар жақ солақайлығы қайта дә- уірлеп, ғылыми-тарихи, әдеби-тео- риялық ой-пікірдің «өрескел қа- теліктерін» аямай әшкерелеу мен өлтіре сынау өрістеді. Ол партиялық басшылықпен арнайы ұйымдасты- рылды және осындай сәттерге көзге түсіп қалуға тырысатын айғайшыл адамдарды шеберлікпен пайдалан- ды, мақсатты тапсырыс беріліп жаз- дырылды. Ол 1947 жылғы «Әдебиет және искусстводағы» М. Ақынжанов-
тың «Профессор Марғұланның қате- лері» (№4), «Социалистік Қазақстан- дағы» С. Бәйішев, Қ. Шәріпов, А. Қа- йыргелдиндердің «Ғылымдағы идея- сыздық пен бейсаясаттыққа жол бе- рілмесін» (21 ақпан), С. Бәйішев- тің «Қазақ әдебиеті мен әдебиет зерттеудің күрделі мәселелері ту- ралы» (15 тамыз), «Профессор М. Әуезов өткендегі қателерінің шырмауында» (14 наурыз), Қ. Тұр- ғанбаевтың «Шығыстың шылауын- дағы әдебиетші» (5 қазан), орыс тіліндегі баспасөзде Б. Степановтың
«Об идеологических ошибках ра- ботников общественных наук Ка- захстана» («Большевик Казахста- на», №1), «За высокую партийность в общественной науке Казахстана» («Вестник АН КазССР», №1-2), «За большевистскую идейность в ли- тературоведении» («Казахстан»,
№6), Е. Бурсиловский, Вл. Месс- монның «Лженаучные упражне- ния» («Каз.правда», 22 сәуір) секілді мақалаларынан айқын сезілді. Олар бүгінде айтылып жүргендей сынның өз жанрлық принципті жолынан та- юын ғана дәлелдемейді, қаулыда әдебиет саласындағы ғылыми-зерт- теу жұмыстар маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы, партиялығы, халықтығы тұрғысынан айыпталса, сын оны даңғазаланып әкетті де «тұрпайы социологизм» теориясының талаптарына сай асыра бұрмалап жіберді. Біз жоғарыда сын
нысанасына әдебиеттану ғылымы ғана алынған мақалаларды атадық. Әдеби сын сол кездегі жарияланған (тіпті Ә. Тәжібаевтың «Біз де қа- зақпыз» секілді жарияланбаған) шы- ғармаларды, жинақтар мен «Әдебиет және искусство» журналын сынаған уақытта «тұрпайы социологизм» тұрғысынан қарауды басшылыққа ала бастады. Жаппай кемшілік іздеу, таптық позициядан аулақтауы мен идеясыздықты табуды мақсат тұтқан қаралағыш сипатқа жол ашыл- ды. Осының салдарынан ғылыми- зерттеушілік ой-пікір дағдарысқа ұшырады. Ұлт әдебиеті тарихында тексерілетін ештеңе қалмағандай бір ғана 1948 жылы басқа орыс жазушы, сыншыларын айтпағанда В. Белин- скийге арналған 17 мақала, неме- се өзбек ақыны Ә. Новои туралы 11 мақала жариялануына таң қалмасқа болмайды. Өзгелер түгіл Абай, Шоқан, Ыбырай туралы ғылыми- зерттеу жұмысын қатаң бақылауға алғанын көрсетеді.
Әдебиетші-ғалымдар тапшыл- дық көзқарасты дәріптейтін, «тұр- пайы социологизмге» сүйенген әсіре солақай, сыңаржақ сынның 20-30 жылдардағы «ұлтшылдық- ты» әшкерелеудегі іс-тәжірибесін әлі ұмыта қойған жоқ болатын. Олар сталиндік саясаттың төніп келе жатқан қара бұлтынан әдебиет тура- лы ұлттық ғылымды сақтап қалу үшін кейбір құрбандықтарға бара отырып,
өз «қателіктерін» большевиктерше түзетуге амалсыздан кірісті. 1947 жылы С. Кеңесбаев «Тіл және әде- биет институты өзінің қателіктерін большевикше түзетуде» («СҚ», 22 маусым) мақаласында партияның
«әділ сынынан» қорытынды шыға- рып жатқанын хабарлап, бұл ба- ғыттардағы жұмыстардың жал- пы жобасын баяндап берді. Қаулы мен оны насихаттаған баяндама- лар және мақалалардағы «совет дәуіріндегі қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді назардан тыс қалдырды» деген сынынан қорытынды шығару ісі қолға алынғаны дәлелдене бас- тады. Ол «Вестник АН КазССР- де» Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. Ритман-Фетисовтардың «Работа над историей казахской советской литературы» (№4), М.Сильченко мен Ә.Тәжібаевтың «На пути к созданию истории казахской литературы» (№8), Қ.Сатбаевтың «Наука в Казахстане за 30 лет Советской власти» (№12) секілді мақалаларда көрініс тапты. Бұларға М. Әуезовтің 1948 жылғы
«Қазақ әдебиетін жасау мәселелері» («Әдебиет және искусство», №2) атты мақаласын қоссақ, ұлттық әде- биет туралы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір маркстік-лениндік әдіснама- ның әдебиеттің таптығы, халық- тығы секілді қате қағидаларының тар шеңберлі құрсауына біржо- ла түскенін көрер едік. Әсіресе, М. Әуезов өз мақаласында фольклор-
тану саласындағы алға басқандық болып танылатын соны табыстар мен ізденістерді жоққа шығаруға мәжбүр болды. Атап айтсақ, І том- ды жаңаша редакциялауда әдет-салт жырлары таптық, тарихи, халықтық тұрғыдан қайта қарастырылды, ба- тырлар жырынан халыққа салт- санасы жат ақындар жырлап келген
«Едіге», «Орақ-Мамай», «Шора ба- тыр», т.б. жырлар алынып тасталды. Лиро-эпостық жырлардың таптық, қоғамдық негізі қаза тексерілді, та- рихи жырлардан Абылай, Кенесары- Наурызбай, Қабанбай және басқа ха- лық батырлары туралы жырлардың» халыққа жат мазмұнда» екені атап көрсетілді, шешендік сөздер фоль- клор классификациясынан шетте- тілді. М. Әуезов осы мақаласында басқа да фольклорлық жанр түрлерін таптық, идеологиялық позицияда қарау керектігін, рушылдық, ескі са- налы қайшылықтарды ашу қажеттігін маркстік-лениндік әдіснама талапта- рына сай баяндап берді.
Қаулы мен идеологиялық сая- саттын қатаң талаптарына сай ғылыми зерттеу жұмыстарындағы қателіктерді түзету үшін оқулықтар мен оқу құралдарын қайта жазу ісі де қауырт қолға алынды. Бұл са- лада бұрын жұмыс жасап жүрген авторлардың көбіне саяси сенімсіз- дік білдірілді және қырағылықпен қадағаланып отырылды. Сол се- бептен 8 сыныпқа арналған «Қазақ
әдебиеті» хрестоматиясы (1947) С. Мұқанов пен Қ. Бекқожин ав- торлығымен жарық көрді. Онда қамтылған фольклорлық үлгілердің таптық сипатта болуына айрықша көңіл аударылды. Сол сияқты 1948 жылғы Қ. Бекқожиннің 10 класқа, Ә. Шәріповтің 9 класқа арналған
«Қазақ әдебиеті» хрестоматияла- рында, Қ. Жұмалиевтің 8 класқа, С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиевтің 9 класқа, Ғ. Мүсірепов, Қ. Бекқожин, Қ. Жармағанбетов, С. Сейітовтердің 10 класқа арналған оқу құралдарын- да қазақ әдебиеті тарихының «құй- рық-жалы күзеліп», таптық көзқарас пен партиялық саясаттың талапта- рына сай келетін ақын-жазушылар шығармашылығы ғана қамтылды. Оның өзінде олардың дүниетанымы мен шығармаларындағы тапшыл- дық қайшылықтарды «тұрпайы со- циологизм» теориясының ықпалын- дағы талдаулар арқылы ашу жағы басым түсіп жатты. Бұдан жоғары оқу орындарындағы әдебиет пәні бағдарламалары да сау қалған жоқ.
Алайда қаулы белгілеген мін- деттерді осылайша жүзеге асыруға жұмыла кірісіп, сыннан қорытынды шығарып жатқандарын дәлелде- гендерімен де әдебиетші-ғалым- дардың әдебиеттану саласындағы олқылықтарын әшкерелеу науқаны жалғаса берді. Оған Ж. Шаяхме- товтің Алматыда творчестволық зиялы қауым алдында 1948 жылы
«Идеология майданындағы қыз- меткерлердің айбынды міндеттері» деген тақырыпта тағы да баянда- ма жасап, Орталық Комитет соның негізінде жаңа қаулы қабылдауы әсер етпей қалған жоқ емес. Ғ. Мүсі- репов, С. Төлешов, Ә. Сатыбалдиев, Д. Әбілевтер «Тіл-әдебиет инсти- тутының жұмысты қайта құра алмау себебі неден?» деп сынға ұшыраған әдебиетшілердің бұрынғы «ұлтшыл- дық» көзқарастарынан айыға қой- мағанын сынап өтсе, С. Төлешов жоғарыда аталған хрестоматияларға енгізілген шығармалар маркстік- лениндік әдіснаманың таптық прин- ципіне сай құрастырылмағанын, ав- торлардың солқылдақтық танытып отырғанын әшкереледі. Ал М. Рит- ман-Фетисов «Против низопоклон- ства перед реакционно-мусульман- ской культурой Востока» деген ма- қаласында ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің халық тарихына қарай бағыт алуы мен әдет-ғұрып, салт-санаға сай дәстүрдің дәріптелуін дінмен байла- ныстыра талқандап шықты.
Қазақ әдебиеттану ғылымының сорына қарай осы екі қаулы аз бол- ғандай 1949 жылы «Коммунист» журналында «Космополитизм – им- периалистік реакцияшыл идеоло- гияның ұлы қаруы» деген бас ма- қаланың жариялануы сыншылдық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің астан-кестеңін шығарды. Қазақ әде- биеттануы саласындағы «ұлтшыл-
дықты» әшкерелеуге енді сол кездегі көркем әдебиеттегі космополиттерді талқандау қосылды. А. Жұбановтың
«Көркем өнердегі космополиттер- ді әшкерелейік» атты мақаласын- дағы шақыруды Қ. Жармағанбетов, С. Бақбергенов «Қазақ әдебиетіндегі сыңаржақ сыншылар», Х. Сүйініш- әлиев «Әдебиетімізге жат, сыңар жақ идеяға орын жоқ», Н. Сабитов
«Против реакционный идеологии панисламизма и пантюркизма» де- ген солақай мақалаларымен қызу қолдады. Ғылыми-зерттеу жұмысына арналмаған басқа қаралағыш сын- дарды айтпағанда космополиттер- ді әшкерелеу ұлтшылдықпен тығыз байланыстырылып, қызды-қызды- мен келгенде Ғылым Академиясы- ның «Хабаршысы» «За искоренение космополитизма и буржуазно-наци- оналистических извращений в на- уке» (1949, №3) деген мақаласында Абай, Шоқан, Кенесары туралы зерттеулердегі маркстік-сталиндік ғылымнан ауа жайылушылықты сы- нап, ұлы ағартушылар шығармашы- лығына «тұрпайы социологизмге» негізделген күмән туғызып қойды. Қанаушы қоғамда өмір сүргендіктен және үстем таптан шыққандықтан, олардың дүниетанымдық көзқара- сындағы таптық қайшылықты ашу- дан көрі бірыңғай мадақтау басым деп көрсетеді. Бұндай көзқарастың айтылуында негізде жоқ емес еді.
«Ұлтшыл» әдебиетшілер зерттеген-
діктен сезіктене қарау орын алғаны да рас. Салыстыра қарағанда, 1947-1949 жылдары Шоқан мен Абай мұрасы- на қарағанда ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің көбірек назар аударғаны Ы. Алтынсарин шығармашылығы екен. Ғылыми сипаты әр түрлі деңгей- дегі оннан астам мақаланың жария- лануы – соның айғағы. Бұларды және Шоқан, Абай, Сұлтанмахмұт туралы бірді-екілі мақалаларды (олардың өзін сынға ұшыраған Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиевтер жаз- ды) қарастыра отырып, тығырыққа тірелген ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қыспақтан шығар жол іздегенін байқау қиын емес. Ол үшін 1947 жылғы Ж. Шаяхметов жасаған баяндамадағы «ҚК(б)П Орталық Ко- митеті кейбір сыншылардың қазақ халқының өткендегісінің бәрін жоққа шығару дұрыс емес деп табады. Қа- зақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына көмектескен өткенде- гі бірде-бір прогресшіл қайраткерді кімнің болсын тарихтан шығарып тастауына жол бермейміз. Өткен за- мандағы қайраткерлердің творче- ствосын маркстік-лениндік ғылыми методология тұрғысынан қарап зерт- теу керек» деген тезисін тірек ете отырып, зерттеу жұмыстарын тоқ- татпауға ұмтылды. Ол екі сипатта көрініс тапты. Біріншісі, маркстік- лениндік әдіснаманың таптық принципі ықпалында болса да өз ізденістерін жалғастыра беру бол-
са, екіншісі, сол арқылы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірде «тұрпайы социологизм» теориясының ерек- ше өріс алып кетпеуі үшін күресу еді. Оған дәлел ретінде 1948-1949 жылдары Қ. Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі», «М. Өтемісұлы», Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұттың ақындығы», «Қазақ әдебиеті тари- хының» І томы, «Қазақ совет тарихының очеркі» және тағы да басқа еңбектерді атай отырып, олар- ды заман талабына сай таптық көз- қарас пен социологиялық арқауы басым талдаулардың көбірек орын алғанына бола, бүгінгі күнгі талапқа сай даттай беруге де болмас. Ең бас- тысы, олар ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің «тұрпайы социоло- гизм» теориясының ықпалына бір- жола мойын ұсынудан, азды-көпті табыстарды түгелдей жоққа шыға- рудан сақтап қалды. Шынын айтсақ,
«тұрпайы социологизм» бұл бағытта өз ұмтылыстарын жасамай да қалған жоқ емес. 50-жылдардың басын- дағы Абай мұрасына байланысты дискуссияның болуы оған нақты дәлел.
Қазақ әдебиеттану ғылымы ой- пікірге тұсау салған қаулы-қарарлар қыспағына түсіп, өз «қателіктерін» маркстік-лениндік әдіснама талап- тарына сай түзету жасауға талпын- ғандарымен, әшкерелеуге құрылған саяси науқан жалғаса берді. 1950
жылдардың басынан бастап ол тіпті үдеп кетті. Оған «халықтар көсемі» Сталиннің ғылыми жұмыстардағы дискуссияға белсене араласуы се- беп болды да, идеологиялық тазалау басталды. Физиологияда академик Павловтың, тіл білімінде Маррдың, саяси экономияда Вознесенскийдің шәкірттеріне қарсы күрес өрістеді. Шарлатан Лысенконың ілімі дә- ріптелді. Әсіресе, Сталиннің тіл білі- міне қосқан «жаңалығы» ұлт респуб- ликаларында «ұлтшылдық-буржуа- зияшылдық», космополититтік көз- қарасты әшкерелеумен тығыз ұш- тастырылды. Марксизм-ленинизмнің негізін салушыларға түзетулер енгізе отырып, тілді қондырмаға да, ба- зиске де жатпайтынын дәлелдеген Сталин «жаңалықтары» ғылымдағы буржуазияшыл-ұлтшыл пиғылда- ғы жаңа тап жауларын талқандауды кеңестік идеологияға міндеттеп бер- ді. Басқаларды былай қойғанда, М. Әуезовтің өзі «Дружба народов» журналында «Вопросы казахско- го языка в свете трудов И. Сталина по языкознанию» (1951, №6) ма- қаласында қолдаса, Ә. Хасенов де- ген «Қазақ тіл ғылымындағы марр- шылдық пен ұлтшылдыққа қарсы» атты мақаласымен талқандағыш күшке айналдырып жіберді. Бұл ұлт- шылдықты әшкерелеудің басқа ғы- лым салаларына да ауыз сала бас- тағанының белгісі еді. Тіл-әдебиет институты қаралағыш сипаттағы ауыр
соққының нысанасына айналды. ХІХ ғасыр әдебиетінен ұлы ағартушылар шығармашылығындағы, олардың із- басары ретінде ХХ ғасыр басында- ғы ағартушы-демократ деп бағалана бастаған кейбір ақын-жазушылар- дың дүниетанымдық көзқарасында- ғы қайшылықтарды таптық тұрғы- дан ашу жетіспей жатқанына шұғыл көңіл аударылды. 1951 жылы «Ле- ниншіл жаста» жарияланған С. Нұ- рышевтың «Абай ақындығының алғашқы кезеңі»мақаласы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің әдебиеттің таптығы, халықтығы қағидасының талаптарына сай болса да жасап жатқан зерттеулерін «тұрпайы соци- ологизм» теориясы мен нигилистік көзқараста жоққа шығаруға жол ашып берді. Мақала Абайдың ақындық тұлғасының қалыптасуындағы шы- ғыс әдебиетінің әсеріне күмәнмен қарап, 1880 жылға дейінгі жазған шығармаларынан панисламизмді, реакцияшыл керітартпалықты ашу керек деген қатерлі бағыт ұстады. Бұл аяқ асты пайда бола қойған жоқ еді. Өйткені, Қазақстан тарихының кез келген мәселесін орыс халқымен, оның өнері мен әдебиетімен бай- ланыстылықта қарау тенденция- сы орын алып келе жатқан бола- тын. 1947 жылғы қаулыда сына- лып, әдебиет тарихынан сызылып қалған дарындар туралы айыпқа амалсыз келіскен ұлттық ғылыми- зерттеушілік ой-пікір «тұрпайы
социологизмді» арқау тұтқан негізсіз жаладан ұлы Абайды, абайтану саласындағы жаңа ізденістерді қор- ғап қалуға ұмтылды. М. Әуезов бас болып бірнеше мақалалар жария- лады. Бірақ ғылым саласындағы кеңестік идеология қырағылық та- нытып, абайтанудағы бұрын-соңды ұлтшылдықтың белгісі болып та- нылатын кемшілікті тізбелей келе, Ә. Жиреншиннің «Абай және оның орыс достары» атты диссертациясы мен кітабына, Қ. Мұқаметхановтың
«Абайдың әдеби мектебі туралы» аталатын тақырыптағы диссерта- ция қорғауына байланысты үлкен айтыс-тартыс өзегіне айналдырып жіберді. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің зор табысы деп бағаланып жатқанына қарамастан, Абай мұрасын зерттеудегі бұрмалау- шылықты әшкерелеу, «ұлтшыл-бур- жуазияшылдық» пиғылды талқандау ісі қолға алынды. Мұның бір шеті
«Абай жолына» да тимей қалған жоқ емес. Әдебиеттің таптығы қағидасын арқау тұтып сыңар жақтыққа басқан әдеби сын шығармадағы «үстем тап өкілдері саналатын тұлғалар- дың сомдалуынан» кемшілік таба бастады. Идеологиялық саясаттың қолшоқпарына айналған сын мен
«тұрпайы социологизмге» бой ұрған зерттеушілік сипаттағы мақалаларды Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеудегі өрескел саяси қателіктер
туралы қым-қиғаш көзқарастағы пікірлер айтылып жатты. 20-жыл- дардың соңына қарай абай тура- лы айтыста «Абайдан қалған мұра қазіргі ұлтшыл зиялыларының иде- ологиясын қорғайды... Сол себептен де біз Қазақстан партия ұйымының идеологиялық майдандағы бірін- ші кезектегі міндеттерінің бірі, кә- дуілгі буржуазиялық қоқыс ретінде,
«абайшылдықтың» түбіне жету бол- мақ деп есептейміз», деген И. Ома- ровтың «тұрпайы социологизм» көзқарасы қайта айналып келді [80, 68]. Ұлы ақын мұрасын зерттеу жұмыстарынан ұлтшылдық сипат- тағы саяси қателіктер табуға С. Нұ- рышов, Ә. Нілдібаев, Т. Жароков, М. Ақынжанов және т.б. әпербақан сыншылар құлшына кірісті. Бұның тез өріс ала бастауы басқалар түгіл ұлы Абайдың өзін қазақ әдебиеті тарихынан сызып тастау, панислам- шы, керітартпа діншіл, шығысшыл ұлтшыл болып бағаланып кету қаупін туғызды. Абай жоққа шығарылса, қазақ әдебиеттану ғылымының сол кезге дейін қол жеткізген барлық та- бысы құрдымға кететінін түсінген ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой- пікір өз позициясын қорғауға мәжбүр болды.
Ғылым академиясының Тіл жә- не әдебиет институты Жазушы- лар одағымен бірлесе отырып, Абай мұрасын зерттеу туралы үш күнге созылған ғылыми айтыс
ұйымдастыруы сол ниеттен туған- ды. Бұл қазақ әдебиеттану ғылымы- ның 1920 жылдардан бергі «ұлтшыл- дық бұрмалаушылыққа» құрыл- ған кемшіліктері қаза тексеріліп, әсіресе 1940 жылдардағы жаңашыл ізденістері ауыр айыпталған, әде- биетші-сыншы ғалымдар тағдыры сталиндік жеке басқа табынушылық саясаттың қанды шеңгеліне ілінген, ұлт зиялыларын қудалау, соттау нау- қанының үшінші кезегін өткізуге қызу дайындық жүріп жатқан қатерлі кезең еді. Соған қарамастан, партия- лық қаулы-қарарларда көрсетіл- ген «өрескел қателіктерін» амалсыз мойындаған әдебиетші-ғалымдар әдебиеттің таптығы қағидасын же- леу етіп «тұрпайы социологизм» да- уылын көтерген С. Нұрышев секілді әсіре тапшыл сыншыларға қарсы тұра білді.
Ғылыми айтыста С. Мұқанов
«Абайдың ақындық мектебі және оның шәкірттері», М. Әуезов «Абай мұрасын танудағы жетістіктер мен кемшіліктер», М. Сильченко «Абай творчествосының идеялық арнала- ры», С. Нұрышев «Абайдың әдеби мұрасын танудағы кейбір талас мә- селелер» деген тақырыптарда баян- дамалар жасады. Жарыссөзде 18 адам сөйлеп, өз пікірін ортаға салды. Абай ақындығының алғашқы кезеңі тура- лы теріс көзқарас С. Нұрышев пен жарыссөздегі кейбір сөйлеушілер- дің пікірлерінде көрініс тапқанымен,
негізінен айтыс ұлы ақынның әдеби мектебі мен шәкірттері төңірегінде өтті. М. Сильченко да маркстік- лениндік ілім тұрғысынан қарау керектігін сөз етіп, ақын тұлғасының қалыптасуына қазақ фольклоры мен орыс әдебиетінің ықпалына қарай ой- ыса берді. С. Мұқанов өз сөзін әріден бастап, 1920 жылдардағы «ұлтшыл- алашордашылардың» абайтанудағы еңбектеріне тоқтала келе, «Қоңыр» деген автор (М. Әуезов) «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты ма- қаласында «А. Байтұрсынов, М. Ду- латовтан бастап Абай шәкірттері» деген тізімге 10 ақын-жазушыны тіркеді. Олардың жетеуі революцияға қарсы болып қазақ халқының тари- хында қара тақтаға жазылғандығын» атап көрсетті [81]. М. Әуезовтің 1934 жылғы «Абайдың ақындық айналасы» мақаласында Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Шәкәрім ғана бол- са, Ә.Жиреншин кітабы мен Қ. Мұқа- метқанов диссертациясында 25- 30-ға жеткенін сынап өтті. Баянда- машы Шәкәрім, Нарманбет, Турағұл, Кәкітай, Мүқа, Әубәкірлерді ақын шәкірттері деген тізімнен шыға- рып тастау керектігін айтып, әде- биеттің таптығы мен ұлтшылдық бұрмалаушылыққа қарсы күрес ауа- нында талдау жасады. Соның салда- рынан Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Әсет, Машһүр Жүсіп, Сұлтан- махмұт, С. Дөнентаев – барлығы сегіз ақынды ғана қалдырды. Әйтсе де С.
Мұқановтың: «Бейсенбай, Имам- базар, Махмуд, Әлмағанбет, Мүр- сейіт, Мұхаметжан, Самарбай секілді адамдардың Абай шәкірттері де- ген тізімге неге кіргізілгенін түсіне алмадық» деген пікірінің жаны да жоқ емес еді. Айтыста абайта- ну саласындағы саяси қате болып табылған ғылыми негізсіз қатаң айыптаулардың соққысына ұшыра- ған М. Әуезов Абай ақындығының алғашқы кезеңі туралы «тұрпайы социологизмге» сүйенген теріс көз- қарасқа дәлелді де дәйекті түрде тойтарыс беріп, ақынды «керітарт- па шығысшыл», «түрікшіл-ұлтшыл» деген секілді оспадар бағалаулардан қорғап қалды. Шынын айтқанда, ай- тыста қазақ әдебиеттану ғылымында абайтану саласындағы жетістіктер мен ізденістер туралы тарихи тұр- ғыдан таразылап өткен тек М. Әуе- зов болды. Басқаларында қайткен күнде де өзгелер байқамаған қателік іздеп табу, сол арқылы өзінің ұлтшыл емес екенін дәлелдеуге деген ұмты- лыс басым болғаны байқалады. Өз өмірін Абай мұрасын зерттеуге арнап өткен М. Әуезов маркстік-лениндік тұрғыдан сыналған «қателіктерге» амалсыздықтан келісе отырып, оны
«жою» жолында алда тұрған мін- деттерді де белгілеуге мәжбүр бол- ды. Бұл абайтануда жаңашыл бағыт болып табылатын Абайдың әдеби мектебі мен шәкірттері туралы соны ізденістерді жоққа шығарды да, ұзақ
жылдар бойы зерттеу нысанасынан тыс қалуға апарып соқтырды. Ай- тыстан соңғы жылдарда ол солақай сынға таптырмас тақырып болса, Шәкәрім, Нарманбет, М.Ж.Көпеев мұраларына байланысты соңғы кез- ге дейін орын алып келгені тарихи шындық.
Айтыста Абай мұрасын зерттеу- дің «идеялық-теориялық жағынан төмен дәрежеде қалып отырғаны,
«ақындық мектебі» деген буржуа- зиялық-обьективтік концепцияның уағыздалып келгендігі, тарихи шын- дықтан аулақ бұл концепциядан Абай шәкірттері деген жалған бағыт туындағанын, ол ақынды халыққа жат және буржуазияшыл-ұлтшылдар деңгейінен асырмай, әдебиет та- рихындағы өнерпаздың тұлғасы мен дәстүрін төмендетуге дейін апарған қателіктердің орын алғаны» және т.б. саяси қателер ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірге үлкен айып бо- лып тағылды. Ол осы айтыстың қорытындысында: «Абай мектебінің» концепциясын тұңғыш рет қазақ әде- биетінің тарихына профессор М. Әуе- зов енгізді. Дәл осы сияқты саяси қатені С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, А. Жиреншин жаса- ды, бұлар бірсыпыра еңбектері мен оқу құралдарында марксизмнен аулақ кетіп, тарихи-әдебиеттік процесті ре- акцияшыл «бірыңғай ағым» рухын- да көрсетті», – деп тұжырымдалды. Абайдың тарихтағы орнын жақсарту
мен ұлылығын көрсету үшін шә- кірттерін күмәнді адамдармен тол- тыру Абайға қиянат деп табылды. Айтпаққа орай, «тұрпайы социо- логизм» ықпалына бой алдырған, нигилистік көзқарасты дәріптеуге бет алған әдеби сын «Социалистік Қазақстандағы» «Абайды зерттеу- дегі бұрмалаушылыққа қарсы» (4 шілде) деген бас мақаладан өріс алды. Б. Сахариев «Абай шәкірт- тері деген кімдер?», Қ. Туғанбаев
«Абайдың ақындық мектебі тура- лы», М. Сильченко мен Н. Смирнова
«Қазақ әдебиетінің тарихы партия жолымен, марксизм-ленинизм жо- лымен зерттелсін», «Правдиво ос- вещать жизнь и творчество Абая» (284), М. Сильченко «Состояние и задачи научной разработки наследия Абая» секілді мақалалар жариялап, әдебиетші-ғалымдар арасындағы ұлт- шылдық бұрмалаушылыққа барған
«зиянкестерді» әшкерелеу науқанын жалғастырып жатты. Оларда Абай мұрасын маркстік-лениндік әдіснама негізінде зерттеп, түзету талап етіліп жатқанымен, әсіре тапшылдыққа салынудың салдарынан тұрпайы со- циологизм мен нигилизм сарыны айқын сезіліп тұрды.
Ұлттық әдебиеттану ғылымына ұлтшылдықты әшкерелеу саясаты- на сүйенген «тұрпайы социоло- гизм» теориясының шабуылы абай- тануға байланысты ғана жүргі- зілген жоқ. Ол қазақ фольклорын,
әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуде әдебиеттің таптығы мен халықтығы қағидаларына сәйкес келмейді деп тапқан зерттеу ең- бектердің бәрін қамтыды және бір- бірімен байланыстылықта алып тал- қандап отырды. Оған дәлел – 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде жарияланған Т. Шойын- баев, Х. Айдарова, А. Якунин се- кілді тарихшылардың «За марк- систко-ленинское освещение во- просов истории Казахстана» деп аталатын мақаласынан туған сыңар- жақ көзқарастың өріс алуы. Осы мақалаға сай КП(б)П Орталық ко- митеті қаулы қабылдап, жан-жақты талқылау ұйымдастырды. «Кенеса- ры – халықтың қас жауы» деген ат- пен «Әдебиет және искусство» (1951,
№5) журналында жарияланған осы талқылау қорытындысынан кейін мерзімді баспасөз бетінде Кенесары- Наурызбай туралы тарихи жырлар- дың халыққа жат екендігін дәлелдеу басталды. «Әдебиет және искусство» өзінің осы жылғы №6 санын тарих пен әдебиеттанудағы қаулы көрсеткен саяси қателіктерді түзету жұмыста- рына арнады. М. Ақыжановтың
«Қазақстан тарихындағы буржуа- зияшыл-ұлтшылдыққа қарсы» мақа- ласында тарих ғылымындағы хан- дық, феодалдық дәуірді дәріптеуді талқандаса, Т. Нұртазин «Кенесары- ның зұлымдығын әшкерелейтін по- эма» мақаласында М. Сералиннің
«Топ жарған» шығармасын тілге тиек ете отырып, Кенесарының еңбекші тапқа, халыққа жат тұлға екенін түсіндірді. Бұндай әсіре тап- шыл сорақылықты «Социалистік Қазақстан» партиялық баспасөз ретінде саяси тұрғыдан негіздей түсіп, қазақ әдебиеттануындағы Кене- сарыға байланысты зерттеулердегі
«ұлтшылдыққа» қарсы күрес ашты. Мысалы, Ж. Жұмаханов «Тарихи қаулының бес жылдығы» (14 тамыз) мақаласында республика партия ұйымы 1947 жылғы және одан кейін- гі қаулыларында әдебиетші-ғалым- дар әдебиет тарихын ұлтшылдық тұрғыдан баяндап келгенін, ескі ауыз әдебиетін сын көзімен қарау мін- деттелгеніне тоқтала келе, «Алай- да, Е. Ысмайылов, Х. Жұмалиев, М. Әуезов, Б. Кенжебаев және басқалары бұл қаулыдан сабақ ала білмеді. Олар өткен заманда ұлт- шылдықты жырлаған, қазақ халқын өзінің досы ұлы орыс халқына қар- сы күреске шақырған реакцияшыл ақындар мен жыршыларды мадақтап, оларға оқу кітаптарынан орын бер- ді. Е. Ысмайылов пен Х. Жұмалиев өзінің кітаптары мен мақалаларын- да қазақ халқының қас дұшпандары Кенесары мен Наурызбайды жер- көкке сиғызбай дәріптеумен болды»,
– деп жазады. Сол сияқты респуб- ликалық партияның үгіт және на- сихат бөлімінің бастығы И. Храм- ковтың «Қазақстан әдебиеті жо-
ғары идеялы болсын» деген ма- қаласы ұлтшылдықты әшкерелеу науқанының партия басшылығымен жүргізіліп жатқанын дәлелдейді. Автор Қ. Қасымов көтерілісін ұлтшылдық көзқараста бағалаудың орын алғанын сынай келе, әдебиетші ғалымдар өз қателерін больше- викше түзетудің орнына зиянда мақалаларын әлі де жариялап жат- қанын айта тұқыртып тастады. Бұл көрнекті әдебиет зерттеушілерін қу- далаудың жоғарыдан басталғанына бір дәлел болса, екіншіден олардың зерттеулері мен шығармаларындағы ұлтшылдықты ашуға арналған қа- ралағыш мақалалардың жарияла- нуына жол ашты. Сол-ақ екен, та- рихта Е. Бекмаханов, тіл білімінде С. Аманжолов бастаған ғалымдарды сынау қолға алынды. Әдебиеттану- дан М. Ғумарова «Қазақ әдебиет тарихындағы Қ. Қасымов қозғалы- сын зерттеушілерге қарсы» деген мақаласында бүкіл әдебиетшілерді топтастыра алып, ұлтшылдықтың қамытын кигізіп жіберді. Б. Кенже- баев «Сұлтанмахмұттың ақынды- ғы» монографиясына байланысты солақай сынның астында қалды.
«Большевиктік әділ сынды» арқау еткен Н. Жандилдин «Сұлтанмах- мұт туралы сапасыз кітап», Ж. Сәр- секов «Тарихи шындық бұрма- ланбасын», Б. Сахариев «Б. Кен- жебаев творчествосындағы қате- ліктер» секілді мақалаларында
ақын шығармашылығын зерттеудегі
«бірыңғай ағым» теориясына шал- дыққан қателерді «өлтіре сына- ды». Соның негізінде «Кенжебаев жолдастың кітабы шынайы ғылыми еңбек емес, көп ретте тарихи шын- дықты бұрмалайтын бірбеткей, Сұлтанмахмұтты дұрыс түсінуге мүмкіндік бермейтін, қайта көп жерінде шатастыратын кітап» болып бағаланды, ақын мұрасын зерттеу мен оқытуға күмән тудырып, тіпті әдебиет тарихынан сызып тастау керек деген қатал үкімнің шетін де шығарып қойды [82]. Бұл сипатта- ғы сыңаржақ ой Т. Нұртазиннің
«С. Мұқанов творчествосы туралы» еңбегіне арналған Қ. Сатыбалдиннің
«Қателіктерді бүркемелейтін моно- графия» деген сынында да көрініс тапты [83].
Автор орта мектепке арналған оқу құралдары мен 1949 жылғы
«Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктеріндегі» мақалалардан басқа, кеңес дәуіріндегі ақын-жазушылар туралы еңбек жоқ екенін орынды атап етіп, бұл бағыттағы тұңғыш еңбек екеніне көңіл аударады. Бұл салада қазақ әдебиеттануы жеткілік- сіз жұмыс жасап отырғанын, оның өзінде ұлтшылдық шырмауындағы өрескел қателерге жол берілгенін, осы еңбек арқылы дәлелдеуді мақ- сат тұтады. Сыншы «С. Мұқанов шығармашылығын орынды-орын- сыз мақтау, олардың кемшіліктеріне
көз жұму секілді совет әдебиет зерттеушісіне жат керексіз тенден- ция монография бойында үнемі орын алып отырады. Мұндай жаман тенденция, әсіресе, «Адасқандар»,
«Теміртас», «Балуан Шолақ», «Ақ аю», «Мырзабек», «Жайлауда» се- кілді шығармаларын талдаған та- рауда бірден көзге түседі» деген ойдың жетегінде кеткен. Мақалада автордың Т. Нұртазинді ғана емес, С. Мұқановты да «ұлтшыл» етіп шығару ниеті анық байқалады. Ғы- лыми-зерттеушілік тұрғыда әдеби теориялық талдау жасай отырып, нақты мысалдармен дәлелдеудің ор- нына барлығын жоққа шығару басым түскен. Мысалы, «Нұртазин Сәбит- тің «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихының очеркі» деген кітабын әдебиетшілерге өте керекті ғылыми шығарма есебінде ұсынады. Қазақ тарихының сол бір шытыр- ман дәуіріндегі әдебиетті жан-жақты зерттеуде әдебиетшілер осы кітапта келтірілген материалдарды негіз ету керек, олардың методикалық кілті осы кітап болуы керек дейді. Ал бұл кітапта кейбір поэма, дастандарды талдаумен байланысты Сәбиттің Ке- несары-Наурызбай қозғалысын дә- ріптегенін, оларды халық батырла- ры есебінде көрсеткенін Нұртазин әшкерелемейді» деген пікірі сол кездегі идеологиялық саясат тала- бынан табылуға деген ұмтылыстың айғағы. «Совет дәуіріндегі басқа да
көрнекті жазушылар туралы еңбек- тер жазылуы керек. Бірақ олар осы монография секілді емес, партиялық принциппен маркстік-лениндік мето- дологиямен қаруланып барып жазы- луы керек» деген түйінмен аяқталуы да сондықтан.
Қ. Сатыбалдин мақаласынан ұзақ үзінді келтіріп, көбірек тоқталу се- бебіміз, қазақ әдебиеттану ғылы- мының соны бағыттардағы ізде- ністерін ғана емес, қол жеткізген барлық табыстарын жоққа шы- ғаруға ұмтылған осы сипаттағы мақалалардың ғылыми және сын- шылдық деңгейдегі «классикалық» үлгісінің қандай болғанын көрсету еді. Шынын айтқанда, қазақ әдебиет- тануының әдеби-теориялық, әдіс- намалық деңгейі жоғары дәрежеде бола қоймағаны, әдеби даму проце- сіне орай «ұлтшыл» және «халық жауы» атанған арыстарымыздың шығармашылығымен байланысты- лықта қарау мүмкіндігінен айырыл- ғандықтан, тарихи-салыстырмалық тұрғыдан тексерудің жетіспегені, шығарма құрылысын жан-жақты талдаудан көрі мазмұн қуалап ке- тушілік орын алғаны, зерттеліп отырған ақын-жазушыны немесе шығарманы көтере бағалаудың орын алғаны рас. Бірақ ол ұлттық ғылы- ми-зерттеушілік, әдеби-теориялық ой-пікірдің сол кезге дейінгі бүкіл жетістігін «бірыңғай ағым» теория- сына апарып жатқызу мен ғылыми
зерттеу еңбектерді түгелге жуық ғылыми айналымнан алып тастауға дейін апарған қатал үкім шығаруға еш негіз бола алмайды. Әдебиеттің таптығы мен партиялығының асы- ра дәріптелуіне, «тұрпайы социоло- гизм» теориясындағы көзқарастың оңды-солды айтылуына идеология саласындағы саясат кең өріс ашып,
«ұлтшылдықты» әшкерелеу үшін пайдаланып отырды. Әрі-беріден соң осы еңбек пен З. Кедринаның
«М. Әуезов» атты кітабын жарам- сыз деп тапқан П. Кузнецов респу- блика баспасөзінде жарық көрген
«Cынау орнына мақтағандық» атты мақаласын, кейінірек «Правда» газе- тінде (1953, 31 қаңтар) жариялап жіберді. Ол партияның қолдауымен жүзеге асқаны айтпаса да түсінікті.
Көркем әдебиеттің басына Қ. Аман- жоловтың «Сарыарқаны Сарыарқа демей, қара арқа деп жырлаймын ба?» дегеніндей келеңсіз жағдай туды. Бұған «Правда» газетінде жарияланған «Искоренить идеоло- гические извращения в литературе» атты бас мақалада украин ақыны В. Сосюраның «Украинаны сүй» атты өлеңінің ұлтшылдық сарында деп танылуы себепші болды да, әр ұлт әдебиетінен ұлтшылдық іздеу қолға алынды. Бізде ол Ж. Шаяхметовтің ҚК(б)П-нің VІІІ пленумында жасаған
«Республика партия ұйымдарында идеология жұмыстарының жайы және оны жақсарту шаралары ту-
ралы» баяндамасында қатты ай- тылып, бұл салада «артта қалып келе жатқанымыз» атап көрсетілді. Қазақстанды орыс халқынан басқа туысқан республикалардан бөліп алып жырлап жүрген «ұлтшылдарды» шұғыл түрде әшкерелеу әдеби сынға қатаң тапсырылды. Ауыр айыпта- улардан көз ашпаған Жазушылар одағы астаналық қаламгерлер жина- лысын қауырт ұйымдастырып, ақын- жазушылар ұлтшылдығын көрсе- туге белсене кірісті. Оның нәтижесі
«Қазақ әдебиетіндегі идеологиялық бұрмалаушылыққа қарсы» деген ат- пен баспасөзде жарық көрді. Жина- лыста сынға ұшыраған Қ. Бекқожин, С. Мұқанов, Т. Жароков, Қ. Аман- жолов, Ә. Тәжібаев, т.б. ақын-жа- зушылардың ұлтшылдығы тура- лы сыңаржақ солақай сын қазақ баспасөзінің бетін бермеді десе де болады. Республика партия ұйымы, оның идеология саласындағы сая- саты бұл жолы әдебиет сынына енді ғана араласа бастаған А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Қ. Нұрмаханов, Ә. Жә- мішев, Ә. Жұмабаев, М. Сәрсекеев, Ә. Сатыбалдиев, Ә. Нілдібаев се- кілді жас күштерді шеберлікпен ұйымдастырып отырды. Әдеби сын идеологиялық саясаттың қол шоқпарына айналып, ғылыми-тео- риялық дәйекті ой-пікір айтудың орнына, әсіре тапшылдыққа сүйен- ген социологиялық арқауы басым талдауларға, өлтіре сынап қателік
табу бағытындағы нигилизмге ұшы- рады. «Тұрпайы социологизм» тео- риясындағы көзқарастан мектеп- терге арналған оқу құралдары мен бағдарламалар да сау қалған жоқ.
«Ұлтшылдық бұрмалаушылықта» деп табылған оқу құралдары пай- даланудан алынып тасталды. Қазақ әдебиетінен мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламалары қаулы-қарарлар талап еткен маркстік- лениндік әдіснамаға сай қайта жа- зылды. Олардың алғашқы жобалары Қ. Тұрғанбаев пен М. Сармурзинаның
«Қазақ әдебиетінің программа- сындағы өрескел қателіктер тура- лы» деген мақаласында сыналып та үлгерді. Ұзақ талқылаудан және идеология саласындағы «қырағы көздердің» сынынан өткен 5-7 кластардағы әдебиеттік оқу үшін, VІІІ-ІХ кластарға әдебиеттің тари- хи курсын жүргізу үшін орта мек- теп бағдарламалары жарық көрді (1951). Олардың негізінде «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен фольклорға арналған І томының проспектісі, «Қазақ ССР-нің ерте за- маннан Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі тарихының» проспектілері басылып шықты. Бұ- лар ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдына маркстік-лениндік әдіс- нама қағидаларының талаптары- нан шығармайтын жолбасшылық мақсат-міндеттерді белгілеп берді. Орта мектептің VІІІ, ІХ кластары-
на арналған «Қазақ әдебиеті» оқу құралдары түзетіліп төртінші рет басылды (Редакциясын басқарған М. Ғабдуллин). ІХ класс үшін Ә. Шәріповтің әдебиет хрестома- тиясы шықты. Қатты өзгерістерге ұшырағандықтан, қарастырылған фольклорлық үлгілер мен ақын- жазушылар шығармалары қоғам заңдылықтарымен, тап күресімен тығыз байланыстылықта алынғаны айтпаса да түсінікті. Ғалым Қ. Жұ- малиев айтқандай, «1950-1951 жыл- дардан бастап әдебиет оқу құрал- дарында, жеке мақалаларда өткен ғасырлардағы әдебиет тарихын жоқ- қа шығаратын теріс көзқарастар пай- да болды» [1, 93].
Біздің жоғарыда Абай мұрасын зерттеудегі қателіктерді әшкерелеуден бері қарай ұзақ-сонар сөз етіп келген
«тұрпайы социологизм» теориясы- ның бұрмалаушылықтарының бар- лығы бір ғана 1951 жылы жүзеге асқанын ескеретін болсақ, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің бас сауғалауға көшкенін, үн-түнсіз қалуға мәжбүр болғанын түсінуге болады. Осы жылдың соңына қарай
«ұлтшыл-буржуазияшылдарды» әшкерелеу науқаны қазақ әдебиетта- ну ғылымының даму жолында еңбек еткен Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Қ. Мұқаметханов, Қ. Жұмалиевтер- дің ұсталып, социалистік қоғамға жат элементтер ретінде әдеби ортадан аластатылып, 25 жылға сотталуы-
на жалғасты. Бұдан тарихшылар- дан Б. Сүлейменов, Е. Бекмаханов, тілші ғалымдардан С. Аманжолов, С. Кеңесбаевтар да құтыла алма- ды. Ал Б. Кенжебаев, Ә. Жирен- шин, Ә. Қоңыратбаев, т.б. жұмыстан шығарылып, қудалауға ұшырады.
Бірақ өткендегі әдеби мұраға
«тұрпайы социологизм» көзқарасын- да қарау мұнымен тоқталған жоқ. Сталиннің жеке басына табынудың ерекше бір ширық атып тұрған кезін- де идеологиялық жұмысты жақсар- туға шақыруды көбейе түскені, оған сынға алынатын тың нысаналар та- уып беріп отырды. 1952 жылы «Ли- тературная газетаның» 1 шілдеде шыққан санындағы «Халық эпосын терең зерттейік» атты бас мақала көтерген мәселеге Қазақстанда жеткілікті көңіл бөлінбей отыр- ғанына бірден назар аударылды. ҚК(б)П Орталық Комитетінің секре- тары М. Сужиков «Идеологиялық жұмыстың дәрежесін бұдан да арт- тыра түсейік» атты мақаласында, халық эпостарын әдебиеттің таптығы және халықтығы принципімен зерт- теуде көп кемшілік орын алып,
«бірыңғай ағым» теориясына бағалау басымдығын сынап өтті. 1950 жылғы Т. Шойынбаев бастаған тарихшы- лар жариялаған мақалаға байланыс- ты алынған қаулыдағы сындар толық түзелмей, Кенесары-Наурызбайға байланысты жырлар ғана халыққа жат екені әшкереленіп, қалған
эпостар әлі де болса «ұлтшылдық бұрмалаушылықтағы» көзқараста зерттеліп жүргені атап айтылды. Маркстік-лениндік әдіснаманы наси- хаттаған партия шақыруына жедел үн қосуға дағдыланған «тұрпайы со- циологизмге» бұл салада да кең жол ашылды. Ол Ғылым академиясының
«хабаршысында» М. Ғабдуллиннің
«Қазақтың батырлар жыры туралы» (1952, №9) атты мақаласында алғаш көрініс тапты да, оның «О состоянии и задачах изучения казахского эпо- са» (1953, №4), Н. Смирнованың «Об источниках и вариантах казахского героического и сказочного эпоса» (1953, №4) секілді мақалаларында таптық тұрғыда ғылыми негізделе бастады. Халық эпосының зерттелуі үлкен айтысқа айналды да, «сол кездегі газет-журналдарда шыққан мақалалар мен жиналыстарда ай- тылған пікірлер екі топқа бөлінді. Біріншісі – «ұр да жық» бағытында болса, екіншісі – өткендегі мұраға әділдікпен қарауды, мұра атаулының бәрін құртып жібермеуді айтады». Ақырында академияның Тіл-әдебиет институты Орталық Комитеттің қолдауымен ғылыми айтыс өткізу керек деп шешті. Бұдан ұлттық ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің Абай мұрасын зерттеу туралы өткен ғы- лыми айтыстағыдай «тұрпайы соци- ологизм» теориясына қарсы тұруға дайындалған күресін тағы да көреміз. Сондықтан кеңірек тоқталалық.
Алғашқы шешім бойынша «Қа- зақтың батырлар жыры туралы» баяндама М. Әуезовке, «Тұрмыс- салт жырлары туралы» баяндама С. Мұқановқа тапсырылған. Бірақ бұрынғы зерттеулеріндегі «ұлтшыл- дықтары әшкереленген» екеуі де бас тартқан. М. Ғабдуллиннің сөзіне сен- сек, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуде көп қате жібергендерін тілге тиек ете келіп, өздерінің сыналуы қажет- тігін айтып, баяндама жасаудан бас тартқан. Соның салдарынан ғылыми айтысты өткізу кешеуілдеп барып, 1953 жылы сәуірдің он екісінде өтілді. Дискуссияға Москва, Ленин- град, Ташкент, Фрунзе қалаларынан фольклорист ғалымдар шақырылып, республикалық дәрежеде өтуіне үлкен мән берілді. «Қазақтың ба- тырлық жырын зерттеу жөніндегі проблемалар туралы» деген алғашқы баяндаманы М. Ғабдуллин жаса- ды. 1947 жылы «Қобыланды батыр» жырынан диссертация қорғағандық- тан, эпостанушы ретінде баяндама М. Ғабдуллинге партия тарапынан
«үлкен сеніммен» тапсырылған. Ал
«Қазақтың тұрмыс-салт жырлары ту- ралы» баяндаманы (әдебиетшілерден мойнына ешкім алмаған болуы керек) тарих ғылымдарының кандидаты М. Ақынжанов жасады. Қырыққа тар- таадамжарыссөзгеқатысқан айтысүш күнге созылды. М. Ғабдуллин баянда- масында негізінен екі түрлі мәселеге айрықша көңіл аударылды. Бірі – ба-
тырлар жырының халықтығын ашу, яғни халыққа жат жырларды анықтау, екіншісі – эпостарды зерттеудегі жіберілген қате кемшіліктерді сы- нау. Оның әдіснамалық негізіне әдебиеттің таптығы мен халықтығы туралы маркстік-лениндік қағида алынғандықтан, көптеген жырлар халыққа жат деп бағаланды да, «тұр- пайы социологизм» көзқарасын- дағы ой-пікірмен тұжырымдалды. Соның негізінде батырлар жырын зерттеудегі М. Әуезов, Ә. Марғұлан, С. Мұқанов, Б. Кенжебаевтардың жіберген «қателіктері» партиялық сын деген желеумен сыңар жақтық- пен «өлтіре сыналды». «Бүкіл ру- хани байлығымыз шонжарлардың ықпалынан туған қауіпті феодалдық дүниеге айналды. Қазақстандағы үш жүзден аса батырлық жырлардан тек
«Қамбар батыр» жыры ғана тоқсан үйлі тобырды асырағаны үшін тәуір аталып, өзгелерінің бәріне теріс ба- ға берілді». Көрсетілген қателіктер
«ұлтшыл-буржуазияшылдық» ұғым- мен тығыз байланыстылықта ай- тылғандықтан, С. Нұрышев, Т. Шо- йынбаев, Ә. Нілдібаев, Ә. Тәкежанов және тағы да басқа жарыссөзде сөйлеушілердің көбі әшкерелегіш бағыт ұстай сөйлеп, нигилистік көзқа- растағы жоққа шығарушылықты даурықтырып жіберді. Оның үстіне сыналушылардан өз қателіктерін мойындауын талап етілуі, олар- ды қудалауға ұшыраған әдебиетші
ғалымдардың соңынан жіберуге де- ген іс-шараның да ұйымдастырылып жатқанынан хабар бергендей. Оған дәлел ретінде С. Нұрышевтың Ғылым Академиясының «Хабаршысына» шыққан «До конца искоренить бур- жуазно-националистические извра- щения в изучении творчество Абая» (1953, №4) атты мақаласын атасақ та жеткілікті .
Ғылыми айтыс қорытындысында және соған сай алынған қаулыда,
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын»,
«Алпамыс», «Қамбар», «Қозы Көр- пеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқ- ты жырлар халықтық негізде ту- ғандығы атап көрсетілгенмен, еу- ропацентристік көзқарастан қолдау тапқан «тұрпайы социологизм» тео- риясының үстемдік алып кеткені айқын сезілді. Басқа жырларды ғылыми тұрғыда зерттей беру керек, таптық, халықтық тұрғыдан қай- шылықтарын ашу қажет деп көр- сетілгенімен, оларға нигилистік көз- қараста қарау кең өріс жая берді. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өз табыстарын қорғау мүмкіндігінен мүлде айырылды да, қазақ әде- биеттану ғылымы маркстік-ленин- дік әдіснаманың «тұрпайы социо- логизм» теориясына ұшыраған қате қағидаларының қатал үкімінің құр- бандығына айналды. Бұл келді де қазақ фольклорынан нені, әдебиет тарихынан және кеңестік дәуірдегі әдебиеттен кімді, қалай оқыту керек
деген мәселені туғызды. Еңбекші халық пен таптық мүддені ғана жырлайтын ақын-жазушылар мен шығармалар асыра дәріптелді, басқа- лары сынға ұшырады. Мысалы, «Со- циалистік Қазақстанда» «Көпеев – ұлтшыл, діншіл ақын» (1952, 15 та- мыз) атты К. Көлбаевтың мақаласына бола Орталық Комитеттің арнайы қаулы алуынан республика ғылымын қадағалап отырған идеология сая- сатының өзі маркстік-лениндік әдіс- наманы өрескел бұрмалауға жол беріп алғанын көреміз.
«Тұрпайы социологизм» теория- сының өріс алғаны сондай, 1952 жылғы оқу бағдарламалары мен оқулықтардың ғылыми-танымдық сапасы нашарлап, ғасырлар бойы жасалған фольклор мен тари- хи әдебиет түгелге жуық жоққа шығарылды. Қ. Жұмалиевтің сәл кейінірек айтқан сөзімен келтірер болсақ, олардың сипаты төменде- гідей сорақы мазмұнға дейін жетті, сондықтан толық келтірейік: «1952 жылы басылып шыққан 8 класқа арналған оқу құралында (авторы М. Ғабдуллин) ауыз әдебиеті де, XVІІІ-XІX ғасыр әдебиеті де жоқ- қа тәндік дәрежеге жеткен. Жеке тексерілу үшін бүкіл эпостан Қамбар, лиро-эпостан Қозы Көр- пеш те, ақындардан тек Махамбет қана қалдырылған. XVІІІ-XІX ға- сырлардағы әдебиет өкілдерінен Махамбеттен басқа бірде-бірі же-
ке тексерілмейді. Олардың твор- чествосындағы заңды байланыстар айтылмайды. Басқалары сөз арасын- да аталады да, әдебиет тарихы деп бір ғана ақынды ұсынады.
Қазақ әдебиетінен 9 класқа ар- налған оқу құралында (авторлары Қабдолов, Қирабаев, Нұрқатов) қазақ әдебиетінің тарихы Белинский- ден, Чернышевскийден, Добролю- бовтен басталады... Кітапты «Қа- зақ әдебиетінің тарихы» деп Бе- линскийді, Чернышевскийді, Добро- любовті қазақ әдебиетінің өкілі етуде авторлардың қандай принцип ұстағаны белгісіз» деген өткір сын- да ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қандай деңгейге дейін төмендеге- нінің шындығы жатыр.
Ғылыми айтыс қорытындысы мен соңғы қаулыдан туындаған ниги- листік көзқарас мектеп бағдарла- малары мен оқулықтарын, хресто- матияларды әлі де болса жақсарта түсуге шақырды. «Социалистік Қа- зақстандағы», М. Ғабдуллиннің «Қа- зақ әдебиетінің оқулықтарын жазу туралы» (1952, 16 қараша), М. Базар- баевтың «Қазақ әдебиетінің оқу- лықтарын жазу туралы» (1953,
9 сәуір), «Халық мұғалімінде» Ә. Дербісалиннің «Халық ауыз әдебиетінің орта мектепке арналған оқулығы» (1953, №1) секілді мақа- лалары әдебиеттің таптығы мен ха- лықтығы қағидаларының әлі де болса толық басшылыққа алынбай
жатқанын бір жақты сынады. Ал сын- шы Қ. Нұрмаханов «Қазақ әдебиеті оқулығындағы елеулі қателер ту- ралы» мақаласында, ІХ класс үшін жазылған оқулықтағы жоғарыдағы Қ. Жұмалиев айтқан қателікті сынай отырғанымен, «екі түрлі мәдениет- тің элементі» туралы В. И. Ленин қағидасын тілге тиек етіп, сол кездегі
«тұрпайы социологизм» позициясы- нан аулақтап кете алмады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің туу дәуіріндегі және даму кезеңінің алғашқы жылдарындағы азды-көпті жетістігінен бас тартуға дейін барған осы бір қиын кезеңде И. Сталин өлді де, Коммунистік пар- тия мен кеңес өкіметіндегі «халықтар көсемінің» жеке билігі құлады. 1929 жылдан бастап Сталиннің жеке ба- сына табынудың ықпалында келген кеңестік идеология Ленин өлгендегі
«Ленин өлді, бірақ, ленин жолы мәңгі жасайды» деген ұранын, «Ста- лин өлді, бірақ сталин ісі жалғаса береді» деп қайта көтерген жоқ. Бұл
«буржуазияшыл-ұлтшыл» таңбасы басылған, енді ұсталып темір тордың ар жағынан шығуға тиісті әдебиетші- ғалымдар мен ақын-жазушылардың аман-сау қалуына басты себеп бол- ды. Жоғарыдағы партиялық билік үшін таласта Сталиндік дәуірдің қай- та оралмайтыны, керісінше сынға ұшырайтыны белгілі бола бастағаны және жергілікті басшылардың ау- ысуы үлкен өзгерістің болатыны-
нан хабарлағандай еді. Алғашқыда аңысын аңдыған қазақ әдебиеттану ғылымы көп ұзамай-ақ даңғыл жолға бастаған бұрынғы сүрлеуін іздеп тап- ты. Ғылыми ортадан аластатылған әдебиетші кадрлар қайта оралып, өз мақалалары мен еңбектерін жа- риялай бастауға мүмкіндік алды. Әдебиет тарихы мен теориясының мәселелерін зерттеуде үзіліп қалған жолды әрі қарай жалғастыруға бар- лаулар жасала бастады. Ол үшін орынсыз қараланған жеке дарындар- ды «тұрпайы социологизмнің» бат- пағынан тазалап алу керек болды.
1954-1955 жылдары ұлттық ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің
«тұрпайы социологизм» теориясы- на қарсы күреске шығуына жол бастаған тағы да Абай мұрасын жаңашыл көзқараста жан-жақты зерттеудің қолға алынуы еді. Осы екі жылда ұлы ақынның қайтыс болуы- на 50 жыл, туғанына 110 жыл толу- ына байланысты мерзімді баспасөз бетінде орыс, қазақ тілдерінде жүзден астам мақала жарияланып үлгерді. Әрине, барлығы бірдей Абай шығармашылығы мен оның зерттелу жайы туралы ғылыми сипатта бола қойған жоқ. Алайда жанрлық және көркемдік әдіс, жаңашылдығы мен ақындық шеберлігі, дүниетаным- дық көзқарасы, текстологиясы, өлең құрылысы, образ жасау шеберлігі секілді теориялық мәселелер тұр- ғысынан қарастыра бастаған
мақалалар ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің бір қадам алға басқанын танытты. Абай қазақ әдебиетінің негізін салушы, классик екені алғаш айтылмағанымен, ғылыми тұрғыда негізделді, сыншы реалист екені рет дәлелденді. Соның негізінде Абай шығармаларының екі томды, жинағы (1954), «Абай өмірі мен творчество- сы» (1954) атты зерттеу мақалалар жинағы, Т. Әлімқұловтың «Абай», Б. Кенжебаевтың «Абай – қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы», Х. Сүйіншәлиевтің
«Абай – қазақ халқының ұлы ақы- ны және ағартушысы» секілді кітап- шалары жарық көрді. Тіпті кеше ға- на Абайды даттаушылардың бірі – С. Нұрышевтың «Абайдың аудар- ма жөніндегі тәжірибесінен» атты кітапшасына қарасақ, «тұрпайы со- циологизм» өз позициясын жоғалта бастағанын байқаймыз. Бұл ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің үлкен жеңісі еді. Ол бұл бағыттағы ізденістерін баянды ету мақсатында Шоқан мен Ыбырай мұрасын зерттеу- де де жалғастыра түсті. Шоқанның ағартушылығы мен орыс достары ту- ралы көбірек шиырлаған ой-пікір ен- ді фольклорист, публицист, әдебиет- ші, тарихшы секілді қырларына кө- ңіл аудара бастады. Ал Ыбырайдың ағартушылық, педагогтік қызметін сөз ету тереңдеп, балалар әдебиетінің атасы, қазақ прозасының негізін са- лушы ретіндегі тұлғасы ашылып,
шығармалары әдеби-теориялық тал- даулардың нысанасына алынды. Рас, ұлы ағартушылардың шығар- машылығы маркстік-лениндік әдіс- намадағы әдебиеттің таптығы мен халықтығы қағидаларымен тығыз байланыстылықта қаралды. Көбі- несе үстем тап өкілдеріне деген сыншылдық көзқарас, шығарма- ларындағы қоғамдық және таптық қайшылықтар, орыс әдебиеті мен мәдениетінің әсері секілді мәселелер айтылғанымен, ол социологиялық талдау жасауда тұрпайылық пен нигилистіктен аулақтай бастады.
Қазақтың ұлы ағартушы-ой- шылдары туралы зерттеу жұмыс- тарының осылайша тездете қолға алынуы – «тұрпайы социологизм» көзқарасында сыналған ақын-жа- зушылар мұрасына жаңаша қарау- ды өрістетті. Бұл әсіресе Сұлтан- махмұт шығармашылығына арналған мақалаларда көрініс тапты. Соны- мен қатар, осы ХХ ғасыр басын- дағы әдебиет өкілдерінен С. Көбеев, С. Дөнентаев, Ә. Ғалымов, М. Се- ралиндердің шығармашылығының зерттеушілік мақсатта сөз болып, әдебиет тарихына енгізу туралы мәселенің көтерілуі жақсы ізде- ністердің нышанасы екені анық. Төңкеріске дейінгі әдебиет тарихы- нан шығармашылық мұрасы маркс- тік-лениндік әдіснама талапта- рына сай деп танылған көрнекті өкілдері туралы ғылыми ой біршама
жүйеленіп, алдағы зерттеу нысана- сына айналатын негізгі мәселелер айқындала бастады. Ал кеңес дәуі- ріндегі әдебиеттің дарынды өкіл- деріне деген күдікшіл, салқын көз- қарастағы бұрмалай бағалау да түзу жолға көшті. Кез келген мақалада
«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген кі- нәлаудан көз ашпаған М. Әуезов, С. Мұқановтар туралы ғылыми және теориялық сипаттағы талдаулары ба- сым түсіп жатқан алғашқы мақала- лар жарияланды. Ғылыми-зерттеу- шілік ой-пікір осы дәуірдегі ақын- жазушылар шығармашылығын тексе- руде идеологиялық саясат ықпалын- да жіберіп алған олқылықтарының орнын толтыруға шешуші қадамдар жасады. Мысалы, 1937 жылдан ба- стап өмірі мен шығармашылығы мақсатты түрде ғылыми ой-пікірдің назарынан тыс қалдырылып келген, егер сөз бола қалса, сыңаржақ сын- мен датталып келген Ғ. Мүсірепов туралы зерттеушілік мәні айқын мақалалар мен С. Сейітовтің «Ғ. Мү- сірепов творчествосы» аталатын кітапшасының шығуы – оған айқын дәлел. Немесе мектеп оқулықтары- на енгізілгенімен, арнайы тексеріле қоймаған Ғ. Мұстафин, Т. Жароков, И. Байзақов, А.Тоқмағанбетовтер шығармашылығы ғылыми тұрғыда сөз бола бастады. Тың ізденістер нә- тижесінде әдебиет тарихына С. Еру- баев, Ж. Тілепбергенов секілді жа- ңа есімдер енгізіліп, қалдырған
мұраларын жинап-жариялау, зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Осы 1954-1955 жылдардағы қазақ әдебиеттануының айтарлықтай ізде- ністері болып табылатын табысы деп әдеби-теориялық сипаттағы зерттеулердің көбейе түсуін атар едік. Жеке ақын-жазушыға арналған ғылыми және сын мақалалардағы ой- пікірді айтпағанда, таза теориялық ұғым-түсініктерді ғылыми сөз ете бастаған еңбектердің жариялануы құптарлық құбылыс еді. Нақты айт- қанда, реализм және сыншыл реализм, жанр түрлері, идея және тақырып, конфликт және характер, ұнамды об- раз, тип және типтік тұлға, түр мен стиль, дәстүр мен жаңашылдық, өлең сөздің құрылысы секілді келелі мәселелердің қазақ әдебиетіндегі табиғаты мен игерілуіне арналған бірнеше мақала жарық көрді.
1954-1955 жылдарда ғана көрінген осы ізденістерден қазақ әдебиет- тану ғылымының 1947-1953 жылдар аралығындағы дағдарыстан кейін қайта дами бастағанын көреміз. Бірақ оның бәрі өздігінен және оп- оңай жүзеге аса қойған жоқ. «Тұр- пайы социологизм» теориясы мен нигилистік көзқарас өз позициясы- нан айырылғысы келмегенмен, енді әрі-сәріде тұрған кеңестік идеология оған сүйеу бола алмады. Саясатқа құрылған ғылыми негізсіз бұл те- ория мен көзқарастың үні біржола өшпегенімен, бұрынғыдай белсеніп
шыға алмады. Оның С. Нұрышев, Ә. Нілдібаев, Ә. Жәмішев, М. Ақын- жанов, Т. Шойынбаев, Х. Айдарова сияқты «қайраткерлері» үн-түнсіз қалуға мәжбүр болды. Осындай жағдайда ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің соны бағыттардағы ізденістер жасауына тәжірибелі зерттеушілер М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев және тағы басқалары білімдарлықпен басшылық жасады. Ал сын мен әдебиеттануға келген алғашқы қадамдар «тұрпайы со- циологизм» мен нигилизм дәуірлеп тұрған кезеңге тап келгендіктен, олардың бұрмалаушылықтарынан сау қала алмаған. Қ. Нұрмаханов, А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Х. Сү- йіншәлиев, М. Сәрсекеев, М. Ғаб- дуллин, Ә. Дербісалин, Қ. Құтты- баевтар және т.б. өз қателіктерін тез түсініп, жаңашыл бағыттағы зерт- теу жұмыстарына белсене кірісті. Әсіресе, қазақ әдебиеттануының әдеби-теориялық бағыттағы тың қадамдары осылардың еншісінде екенін атап айту керек. Сын мен әдебиеттанудың қатары С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Н. Ғаб- дуллин, Ә. Нарымбетов, М. Дүй- сенов секілді жас кадрлармен то- лықты. Олар ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды дамытудағы дәуір алға тартқан күрделі істерге жасқанбай араласты. Бұлар маркстік-лениндік
ілім мен әдіснаманы бақайшағына дейін шаға меңгерген, оның қағи- даларын дәріптеудің соңы өрес- кел бұрмалаушылықтар мен қате- ліктерге апарып соқтыратынын ал- дыңғы толқындағы әдебиетші-сын- шылардың іс-тәжірибесінен үйреніп өскен ұрпақ болды. Коммунистік идеологияның көркемөнер мен әдебиетті, ғылымды саяси қыра- ғылықтағы қыспағынан босата бас- таған кезеңдегі ауыр жүкті қайыспай көтеріп әкетуге ғылыми-теориялық
дайындықпен келді де, бірден көзге түсе бастады.
Қазақ әдебиеттану ғылымының өз даму жолын қайта жалғастыра бастаған осы соңғы екі жыл ішіндегі соны қадамдарын жеке басқа та- бынудан туындаған кемшіліктерді түзетуге бағытталатын алдағы үлкен өзгерістерге іштей дайындығы болды десек қателеспейміз.Ол СОКП-ның 1956 жылғы ХХ съезінен басталған бетбұрыста, яғни жаңару, жаңғыру кезеңінде жүзеге асты.
Достарыңызбен бөлісу: |