Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру



Pdf көрінісі
бет196/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс және оның 
салдарлары;
Экономикалық дағдарыстардың түрлері;
Қазақстанның қазіргі дағдарысқа шараларының нәтижелері;
Экономикалық өсудің қазіргі заманғы үлгілері;
Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны.
4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
1) Ростоу моделі;
2) Қазақстандағы экономикалық өсудің негізгі бағыттары.
5. Есептер:
1. Экономистердің болжауынша, келесі жылы ел ішіндегі 
экономикалық жағдай мына мәліметтермен сипатталды:


244
C = 10 + 0,9Y
I = 60 млрд. тг.
G = 100 млрд. тг.
Осыған сәйкес, келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің 
қанша көлемде болатындығын есептеңіз.
2. Белгілі бір елде тұтыну шығындары мен инвестициялар көлемі 
мына теңдіктермен беріледі:
C = 8 + 0,7Y
I = 0,2Y
Экономистердің бағалауынша, келесі жылы мемлекеттік шығындар 
көлемі 60 млрд. теңгені, ал таза экспорт 4 млрд. теңгені құрайды. 
Онда келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің қанша көлемде 
болатындығын есептеңіз.
3. Үкімет экономист-мамандарға келесі жылға ЖІӨ-нің өсуін 
болжап беруді ұсынды. Мамандар келесі жылы тұтынушылық 
шығындар ЖІӨ-нің 70%-ын құрайды, инвестициялар мен мемлекеттік 
шығындар сомасы 2 млрд. долларға жетеді, ал таза экспорт нөлге тең 
болады деп есептейді.
1) Экономист-мамандардың ЖІӨ-нің мүмкін болатын көлеміне 
деген болжамы қандай болды?
2) Егер тұтынушылық шығындар деңгейі болжанған шамасынан 
ауытқып, шын мәнінде, ЖІӨ-нің 75%-ын құраса, онда ЖІӨ-нің нақты 
көлемі мен болжанған көлемі арасындағы айырмашылық қандай?
3) Тұтынушылық шығындар деңгейі, инвестициялар мен 
мемлекеттік шығындар сомасы туралы экономист-мамандардың 
болжамдары қате болып шықты. Іс жүзінде олардың мәндері 
сәйкесінше 0,75 Y және 2,5 млрд. доллар болып шықты. Олай 
болса, ЖІӨ-нің нақты көлемі мен болжанған көлемі арасындағы 
айырмашылық қандай?
4. Төменде келтірілген мәліметтер негізінде ЖІӨ-нің нақты 
деңгейін және оның өсу қарқынын анықтаңыз.
Жылдар
Атаулы ЖІӨ, 
млн.тг.
Бағалар 
индексі
Нақты ЖІӨ, 
млн.тг.
Экономикалық 
өсудің қарқыны
1
2 600
10
2
2 800
5


245
3
3 800
40
4
6 000
100
5
6 600
20
6
7 100
15
5. Төменде келтірілген мәліметтер негізінде нақты ЖІӨ-нің өсу 
қарқынын және жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынын 
есептеңіз және салыстырыңыз.
Жылдар
Нақты 
ЖІӨ, 
млн.тг.
Халық 
саны, млн. 
адам
Жан басына 
шаққандағы 
ЖІӨ
Нақты 
ЖІӨ-
нің өсу 
қарқыны
Жан басына 
шаққандағы 
нақты ЖІӨ-нің 
өсу қарқыны
1
12 000
120
2
13 120
122
3
13 240
124
4
13 340
127
5
14 000
128
6
14 700
130
7
15 000
130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет