Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет248/295
Дата22.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#51721
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   295
Байланысты:
Экономикалык теория

15.1-суретСалыстырмалы артықшылықтар
Суреттен көріп отырғанымыздай, Қазақстанның ішкі нарығында 
бидайдың 300 бірлігі 450 бірлік матаға айырбасталар еді (аb сызығы). 
Ал егер бидайды Қырғыз Республикасына шығарсақ, онда оған 600 
бірлік мата алуға болады (ас сызығы). 
Қырғыз Республикасы үшін ішкі нарықта 600 бірлік матаға 300 
бірлік бидайды айырбастауға болады (de сызығы). Ал егер ол матаны 
Қазақстанға сатса, онда оған 450 бірлік бидай ала алады (fe сызығы).


307
Егер Қазақ Республикасы үшін сыртқы саудадан болатын ұтыс 
ас аралығын құраса, онда Қырғызстан үшін бұл ұтыс df аралығын 
қамтиды. Сонымен, екі елдің салыстырмалы шығындарын осылайша 
есептеу сыртқы сауданың дамуына мүмкіндік жасайды.
Швед экономистері Эли Хекшер мен Бертиль Олин Рикардоның 
салыстырмалы артықшылықтар теориясын әріқарай дамытты. 
Олардың ойын-ша, сыртқы саудаға түсетін өнімдердің шығындары 
өндіріс факторларының салыстырмалы бағаларымен, технологиямен 
және сұраныс пен ұсыныстың жағдайына байланысты анықталады. 
Әлем елдерінде еңбек, капитал, жер және ғылыми жетістіктер сияқты 
өндірістің негізгі факторларының әртүрлі үлестірілуіне байланысты 
өнімді экспорттаудың сипаты табиғи, еңбектік, капиталдық, және 
ғылымды қажет ететін болып бөлінуі мүмкін. 
Осындай ерекшеліктерге қатысты, Хекшер-Олин дәлелдемесі 
қалыптас-ты: мәселен, капитал артықшылығына ие ел капитал 
сиымды тауарларды экспорттайды немесе сол елде жұмыс күші көп 
болса, онда еңбек сиымды тауарларды сыртқа шығарады. Демек, 
қандай да бір елде белгілі бір фактор тапшы болса, онда ол ел сол 
фактордың көмегімен өндірілген тауарларды импорттайды.
Қазіргі әлемдік шаруашылық ХЭБ және ұлттық экономикалардың 
ынтымақтастығы негізінде туындайтын экономикалық қатынастар 
жүйесі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, әлемдік 
шаруашылықтың пайда болу шарты ең алдымен, ХЭБ-ке негізделеді. 
ХЭБ – бұл жекелеген елдерде өнімнің белгілі бір түрін өндіруге 
тұрақты түрде мамандану және шоғырлану. ХЭБ-ның аса маңызды 
алғышарты болып өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі 
табылады. Өндірістің барлық факторлары былай бөлінеді:
1. Негізгі факторлар – бұл елге табиғаттың сыйы ретінде берілген 
және тарихи ұзақ жылдар бойы қолданылып келетін факторлар;
2. Дамыған факторлар – бұл интенсивті ізденістер мен капитал 
салымдарының нәтижесінде игерілген факторлар;
3. Жалпы факторлар – бұл әртүрлі салаларда қолданылатын 
факторлар;
4. Ерекше факторлар – бұл бір салаға арналған немесе өнімнің 
белгілі бір тар топтарын жасау үшін қажетті факторлар.
Қазіргі әлемдік шаруашылық үшін өндіріс факторларының 
халықаралық алмасуының дамуы, екі жақты және көп жақты жүйелер, 
көптеген мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктер шеңберіндегі 
ашық экономиканың пайда болуы тән.


308
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Халықаралық Валюталық 
Қордың (ХВҚ) стандартты жіктемесі әлемнің 184 елін қамтиды және 
келесідей топтарды бөліп көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет