172
қысқартады
және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол
жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.
Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы
жұмысшылардың жалақының белгілі
деңгейіне өздерінің еңбек
қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.
Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:
1. Елдегі демографиялық жағдайлар;
2.
Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы;
3. Жұмыс күнінің
орташа ұзақтылығы;
4. Миграциялық үдерістер;
5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі;
6.
Кәсіподақтар қозғалысы;
7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері;
8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.
Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше
жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы
деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс
қисығы оң көлбеулі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: