13
Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады.
Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша,
байлықтың көзі сауда емес, өндіріс.
Өндіріс ретінде олар ауыл
шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы
жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жер
табиғаттың
берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана
қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді.
Бұл жерде ауыл
шаруашылығынан басқа экономиканың салалары (өнеркәсіп, сауда,
т.б.) «өнімсіз» деп саналды. Физиократтардың жеткен жетістігі
болып олардың алғаш рет ұлттық экономика шеңберінде (әсіресе,
Кенэнің Францияның ұлттық шаруашылығын зерттеуі) ұдайы өндіріс
үдерістерін зерттеуі табылады. Сонымен,
физиократизм – бұл
пайда табудың жолы,
ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласында
қалыптасатын және өндіріс аясын зерттейтін экономикалық
теорияның бір бағыты.
КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның
қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері
Уильям
Петти (1623-1687),
Адам Смит (1723-1790),
Давид Рикардо (1772-
1823),
Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі
Жан
Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер»
деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып,
байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы
ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын
қадап айтты. Бұл бағыт шеңберінде еңбек құнының теориясы жаса-
лып, барлық саладағы және бүкіл халықтың еңбегі өндіріс үдерісіне
қатыса отырып ең тиімді нарықтық айырбас нысандарын жүзеге
асырады деген ойлар дамыды. Классикалық
саяси экономияның
өкілдері ең алдымен, экономикалық еркіндікті және бәсекелестікті
қолдады, мемлекеттің экономикаға араласуын жақтамады, яғни бұлар
«экономикалық адам» ұғымын қалыптастырды. Классикалық саяси
экономия уақытында экономикалық ғылым өз дамуының шарықтау
шегіне жетті. Бұл бағытты әрі қарай жалғастырушы мектептер пайда
болды. Сонымен,
классикалық саяси экономия – бұл еңбекті барлық
тауарлар мен қызметтердің соңғы құны деп санайтын және еңбек
құнының тұжырымдамасы арқылы қоғамның барлық топтарының
табыс көздерін анықтауды қарастыратын экономикалық теорияның
ең басты бағыттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: