Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – көшбасшылық қабілетті дамытудың негізі



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі84,54 Kb.
#52010
  1   2   3   4
Байланысты:
ШЖМ оқу процесін ұйымдастыру

Тақырыбы:: Шағын жинақты мектептегі оқыту үдерісінің мазмұны.

Жоспары:

  • Жоспары:
  • 1. Шағын жинақты мектептердегі ұйымдастыру жұмыстары

    2. Шағын жинақты мектептің қызметін ұйымдастырудың қағидалары

    3. Шағын жинақты мектептің негізгі проблемалары

  • «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек… Осыған орай, мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл қадам қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқартуға жол ашады»
  • 2020 жыл, 1-қыркүйек
  • Білім алуда теңдей мүмкіндікке қол жеткізу – әлемдегі көптеген елдердің білім жүйесі үшін негіз болатын маңызды принциптердің бірі.
  • Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
  • Республика бойынша шағын комплектілі мектептің үш типі бар:
  • – бірінші – бастауыш шағын комплектілі мектеп;
  • – екінші – негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп;
  • – үшінші – жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп. Олардың бәріне тән қасиеттер: – тек біріктірілген сынып комплектінің болуы.

Шағын кешенді мектептердегі ұйымдастыру жұмыстары

  • Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
  • – сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
  • – бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
  • – көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
  • – сабақ тақырыбының өзара байланысы;
  • – сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
  • – сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
  • тиімді оқыту әдістерін таңдау;
  • – сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау;
  • – оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
  • – мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
  • – барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу және т.б.
  • Шағын жинақты мектепте мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
  • Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын құру, сабақтың жоспарын жазу, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері – аталған мектептердің маңызды мәселелерінің бірі.
  • Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1 сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект – 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау құру керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет