Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет100/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

1.
Табиғи олигополия
– ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа 
шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше 
фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2.
Таза (стандартталған) олигополия
– біртекті (стандартты) 
өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған 
бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын 
олигополия нарығының бір түрі.
3.
Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия
– 
нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль
тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын 
сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес;
2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, 
сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады;
3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай 
бағытталған болады;
4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір-бірімен 
тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен 
өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің 
ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады;
5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер 
қойылады.
Жалпы өзара байланыстың салдары:
1) сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P
*
) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q
*
) анықтау 
мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің 
көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-
әрекет модельдеріне бөлінеді.
Кооперативтік емес іс-әрекет
бұл әрбір жеке олигополист-
фирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын 
ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше 
дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет