1.Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы



бет1/10
Дата16.05.2022
өлшемі24,26 Kb.
#34663
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әлеуметтану СЕССИЯ 1


1.Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады. Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Әлеуметтану пәні даму үшін басқа ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Сол үшін әлеуметтану байланысты ғылымдарға жеке-жеке тоқталып кетейік:1)Әлеуметтану және философия. Бұл екі пәннің ұқсастығы екеуіде қоғамның дамуын зерттейді.2)Әлеуметтану және психология. Әлеуметтан бағыты – қоғамды зерттегендіктен, сол қоғам арасындағы және адам арасындағы арнайы қасиеттерді, оның әлеуметтік позицияларын, рөлдік күтілімдерін зерттейді 3)Экономика және әлеуметтану. Бұл екі пәннің ұқсастығы — материалдық керек жарақтар және де экономика бұл қоғамдағы басты заттардың және мәселелердің бірі. Экономика математикалық өнімдерді және жабдықтарды зерттесе.Әлеуметтану қоғамдағы адамдардың экономикалық жағдайын, адамдар арасындағы әр түрлі экономикалық жағдайларды зерттейді. 4)Әлеуметтану және саясаттану. Саясаттану политикалық бағыттарды зерттейді, структурасын, режимдерін, мемлекеттің қоғамға ықпалын зерттейді. Әлеуметтану болса, политикалық бағыттарды адамдардың қатысы арқылы және ол қоғамға қалай әсер ететінін зерттейді.5)География және әлеуметтану. Соңғы кездері адамдар арасында территорияға байланысты көптеген даулар болып жүр. Әлеуметтану қоғамға миграция, эмиграция, қоныс аудару жайлы көптеген көмегін бере алады.6)Экология және әлеуметтану. Қазіргі таңда қоғамда ең көп кезедесетін проблема ол — экологиялық мәселе болып саналады. Табиғатты қорғау мәселесі, қоғамдық қатынастар және де қоршаған ортаның әсерін әлеуметтік анализдер арқылы анықтауға болмайды. Соған орай қазір «әлеуметтік экология» бағыты пайда болды, ол табиғатты қорғаумен тығыз байланысты.

7)Медицина және әлеуметтану. Қоғам ішіндегі адамдардың денсаулығын зерттеу, олардың алдын алу осы арнайы бағыттың келуіне себепші болды.

Сонымен, қорыта келгенде әлеуметтану тек қоғам арасындағы қатынастарды ғана емес, соған қоса сол қоғамды басқа ғылымдармен ұштастырып, байланыстырып қоғам арасындағы мәселелерді шеше білген сала болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет