153
4. Заң жүйесінің көмегімен меншік құқығын және оның тәртібін
қорғауға
жұмсалған шығындар;
5. Нарықта ойланбай жасалған (оппортунистік мінез-құлық)
әрекеттерден болған шығындар.
8.2. Шығындардың түрлері. Фирманың
шығындарын барынша азайту мәселесі
Өндіріс шығындары
– бұл фирманың
өндіріс факторларын
тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалым-
дардың ақшалай көрінісі.
Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық
көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы
өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды
анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады.
Бухгалтерлік
шығындар
фирма қызметінің нәтижесін шығарумен,
айқын
қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады.
Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан
да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда
болады.
Достарыңызбен бөлісу: