197
болады. Жалақы, пайыз, рента, пайда сияқты факторлық табыстардың
есепке алынуымен қатар, жанама салықтар, амортизация, меншіктен
түскен
табыстар, бөлінбеген пайда
көрсеткіштері де ЖІӨ-ге
жатқызылады.
Шығындар мен табыстар бойынша есептелетін ЖІӨ-ді төмендегі
кесте арқылы көрсетуге болады:
10.1-кесте. ЖІӨ-ді есептеу әдістері
Шығындармен
есептелген ЖІӨ
Табыстармен есептелген ЖІӨ
1. Тұтыну шығындары (С)
1. Жалақы (w)
2. Жалпы жеке инвестициялар (І)
2. Пайыз (r)
3. Мемлекеттік шығындар (G)
3. Рента (R)
4. Таза экспорт (NX)
4. Пайда (P)
5. Жанама салықтар (Tindirect)
6. Амортизация (d)
Осы екі әдіс арқылы ЖІӨ бойынша шығындар мен табыстар бір-
біріне
тең болады, яғни нәтижесінде бірдей шаманы көрсетуі тиіс.
ҰШЖ-де екінші макроэкономикалық көрсеткіш – ол
жалпы
ұлттық өнім
(ЖҰӨ).
ЖҰӨ
– бұл ел азаматтарының ел ішінде және
оның сыртында ұлттық факторлардың
көмегімен өндірген соңғы
тауарлар мен қызметтерінің жылдық құны.
ҰШЖ-гі ЖІӨ мен ЖҰӨ-нен басқа макроэкономикалық көрсет-
кіштер бар. Оларға таза ұлттық өнім (ТҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке
табыс (ЖТ) және қолда бар табыс (ҚБТ) жатады.
ТҰӨ
–
ЖҰӨ мен амортизациялық аударымдар арасындағы айыр-
ма.
ТҰӨ көрсеткіші тозған құрал-жабдықтарға
амортизациялық
аударымдарды аударып болғаннан кейінгі тұтынуға қажетті түпкілікті
өнімдер мен қызметтердің соңғы нарықтық құнының жиынтығын
көрсетеді. ТҰӨ-нің құрамында акциздер, кедендік салықтар және
қосылған құн салығы сияқты жанама салықтардың түрлері болады.
Осы салықтарды ТҰӨ-нен азайтсақ, макроэкономикалық көрсеткіш-
тің келесі түрін аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: