214
көлеміне деген теориялық көзқарастардың әртүрлі болуы табылады.
Осыған байланысты, макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізінен,
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді үлгілері орын алады.
11.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-тең-
дік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан.
Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін
талдауды қарастырамыз.
Классикалық үлгі француз экономисі
Жан-Батист Сэйдің
(1762-
1832) заңымен тығыз байланысты
және осы тұжырымға сәйкес
құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында
жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар
әрқашанда бір-біріне тең болады.
Өндірілген өнімдердің құны
автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс
сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға
айналып отырады, олардың белгілі
бір бөлігі жинақталмайды,
түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді
деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық
кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады
және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне
2
тең
болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы,
пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық
сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек
бағалар деңгейі ғана өзгереді (11.3-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: