Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет220/308
Дата24.09.2023
өлшемі2,49 Mb.
#110107
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

- теңестірілген инфляция;
- теңестірілмеген инфляция.
6) Мемлекеттің инфляцияға әсер етуіне байланысты:
- бақылаудан инфляция;
- бақылауға көнбейтін инфляция. 
7) ЖІӨ көрсеткішінің өзгеруіне байланысты:
- ақиқат инфляция;
- жалған инфляция.
8) Бағалардың болашақтағы өсу қарқынын болжауға байланысты:
- болжауға келетін инфляция;
- болжауға келмейтін инфляция 
болып бөлінеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының басына дейін инфляция әлемнің 
көптеген елдерінде үлкен экономикалық дерт ретінде қаралды. 
90-жылдары инфляция қарқыны төмендей бастады. Ал ХХІ ғасырдың 
басында инфляцияға деген көзқарастар өзгере бастады. Дәстүрлі түрде 
инфляция тұтынушылық бағалардың өсуі ретінде сипатталады. 
Инфляцияның зардаптары.
Инфляция экономикаға қарама- қарсы 
түрде әсер етеді. Бағалардың қарқынды түрде өсуі инфляцияның 
барлық жағынан ұдайы өндірілуіне алып келеді. Бағалардың өсуінен 
жалақы өседі. Жалақының өсуі өз кезегінде бағалардың әріқарай 
өсуіне себепші болып табылады. 
Инфляция амортизациялық қорды құнсыздандырады және 
өндірістің жұмыс істеуіне қауіп төндіреді. Несиелер құнсызданады. 
Қалыпты экономикалық қатынастар бұзылады. Ақшаның 
қызметтері істен шығып олардың сатып алушылық қабілеті 
төмендейді. Қандай бағаларға және пайыздың қандай мөлшерлемесіне 
бейімделу керек екені түсініксіз болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар 
тиімсіз болып табылады. 
Әсіресе, гиперинфляция құбылысы өте қауіпті, мұндай жағдайда 
ақшадан қашу деген орын алады. Бартерлік келісімдер (тауарды тауарға 
айырбастау) орын алады, бірақ олар кейбір өндірілген өнімдерді 
тұтыну заттарына айырбастауға болмайтын кәсіпорындарды
аймақтарды және қалаларды күйзеліске ұшыратады.
Инфляция ұлттық табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. 
Инфляциядан табысы тұрақты болып табылатын адамдар (зейнет-
керлер, қызметкерлер) көп зардап шегеді. Инфляция кредиторлар 
үшін де қолайсыз болып табылады.


261
Инфляцияның дамуында инфляциялық күтімдер деген құбылыстар 
өте үлкен рөл атқарады. Инфляция тек экономикалық себептерден 
ғана емес, психологиялық себептерге де байланысты өрши түседі. 
Бағалардың өсуін күту тұтынушыларды ақшалардың құнсыздануынан 
сақтану үшін тауарларды молынан сатып алуға мәжбүрлейді. Мұндай 
жағдайда тұтынушылардың мінез-құлқы дүрлікпе сұраныстың пайда 
болуына алып келеді. Инфляциялық күтімдерді басу инфляциямен 
күресудің дұрыс бағытын таңдауға көмектеседі. Инфляциялық 
күтімдерді алдын алу мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты дұрыс 
жүргізе алуына байланысты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   308




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет