Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет278/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   295
Монополистік бәсеке – нарықта көптеген фирмалар бір-бірінен 
ерекше-ленген өнімдер шығаратын, бәсекелестіктің бағалық емес 


344
әдістерін кеңінен қолданатын, өнімнің сатылу бағасына шектеулі 
түрде бақылау жасай алатын жетілмеген бәсекенің бір типі.
Монополия – ұсыныстың жалпы көлеміне және өнімнің бағасына 
толық бақылау орната алатын нарықта бір ғана сатушының үстемдік 
жүргізуін сипаттайтын бәсекелестіктің ең шеткі үлгісі. 
Монопсония – нарықта тауарды, қызметті немесе ресурсты жалғыз 
ғана сатып алушының орын алу жағдайы.
Мультипликатор – жиынтық сұраныс құрамындағы бір құрауыш-
тың (тұтыну шығындарының, инвестициялардың, мемлекеттік 
шығындардың және таза экспорттың) бір мәрте өзгеруінен тепе-теңдік 
жалпы ішкі өнім көлемінің бірнеше есе өсуін көрсететін сандық 
коэффициент.
Нақты жалақы – жұмысшының өзінің атаулы жалақысына сатып 
ала алатын тауарлары мен қызметтерінің саны; атаулы жалақының 
сатып алушылық қабілеті; бағалар деңгейінің өзгеруін есепке алатын 
атаулы жалақы.
Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын 
ақшалай нысандағы пайыздық қойылым.
Нарық – нақты тауарды немесе қызметті сатушы мен сатып 
алушыны келістіретін тетік немесе институт.
Нарықтық жүйе – экономиканы құрайтын өнімдер нарығы 
мен ресурс-тар нарығы және олардың арасындағы байланыстар;
шектел ген экономикалық ресурстарды осы нарықтарда қалыптасқан 
бағалармен тиімді бөлуге мүмкіндік беретін, тұтынушылардың, 
фирмалардың және ресурстар иелерінің қабылдай-тын шешімдері 
және сол шешімдерді келісу туралы ақпараттарды қамтамасыз ететін 
тетік.
Неоклассикалық экономикалық теория – қысқа мерзімді 
кезеңде бағалар деңгейінің қатаңдығынан макроэкономикалық 
тұрақсыздықтың орын алатындығын түсіндіретін, ұзақ мерзімді 
кезеңде икемді бағалар мен жалақыға сәйкес ресурстардың толық 
қамтылуы қамтамасыз етілетін жалпы ішкі өнім өндірісі кезінде 
экономиканың тұрақтылығы сақталады деп дәріптейтін теория.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет