Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет15/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

1.7 Нүктелерді енгізу тәсілдері 
Жұмыс барысында нүктелерді экранда тышқанның кӛмегімен шерту арқылы 
енгізуге болады. Одан басқа AutoCAD жүйесінде нүктелерді енгізудің бірнеше 
тәсілдері бар.


19 
1.7.1 Нүктелерді координаталары арқылы енгізу
Екінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның кӛмегімен нүктенің 
координаталарын енгізу, мысалы: 85,717.15
Бұл мысалда нүкте екі координатасымен берілген: Х= 85 мм, Y= 717,15 мм. 
Пернетақтадан координаталарды енгізген кезде абсцисса мен ордината арасына 
үтір қойылады, ал санның бүтін мен бӛлшек бӛлігінің арасына нүкте қойылады. 
Абсолюттік координаталарды енгізген кезде координаталары 0,0 болатын 
нүктені сызбаның қай жерінде орналасқанын ескеру керек. 
Үшінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның кӛмегімен салыстырмалы 
декарттық координаталарды енгізу, мысалы: 
@80,35 
Бұл жазудағы @ символы нүкте алдыңғы енгізілген нүктеге қатысты 
орналасатынын анықтайды. Бұл жазудағы 80 саны нүктенің алдыңғы нүктеге 
қатысты Х осі бойымен 80 мм оңға ығысатынын, ал 35 саны – Y осі бойымен 35 
мм жоғары ығысатынын білдіреді.
Тӛртінші тәсіл – командалық жолда пернетақтаның кӛмегімен салыстырмалы 
полярлық координаталарды енгізу, мысалы: 
@43.5<60 
Бұл тәсілде үтір жоқ, бірақ бұрышты білдіретін "<" символы бар. Бұл мысалда 
жаңа нүкте бұрынғы нүктеге қатысты 43.5 мм қашықтықта орналасады, ал ескі 
нүктеден жаңа нүктеге жүргізілген векторының абсцисса осінің оң бағытымен 
жасайтын бұрыш 60 градусқа тең. Бұл жерде ара қашықтық оң мәнді болу керек, 
ал бұрыштың мәні оң немесе теріс бола береді. 
1.7.2. Динамикалық енгізу 
AutoCAD жүйесінде командалық жолды COMMAND LINE HIDE (СКРЫТЬ 
КОМАНДНУЮ СТРОКУ) командасының кӛмегімен жасырып қоюға болады. 
Бұдан кейін графикалық экранда тек динамикалық енгізу ғана қолжетімді болады. 
Командалық жолды қайтадан кӛрінетін ету үшін COMMAND LINЕ 
(КОМАНДНАЯ СТРОКА) командасы қолданылады. Бұдан бӛлек командалық 
жолды басқару үшін Сервис панелінен Командная строка пунктін таңдауға 
болады немесе +<9> пернелерінің комбинациясын қолдануға болады. 
Кӛбіне курсор командалық жолда емес, графикалық экран алаңында 
орналасатындығынан деректерді динамикалық енгізуді қолдануға тура келеді. 
Бұл жағдайда LINE (ОТРЕЗОК) командасы орындалғанда бірінші нүктенің 
координаталары 
абсолюттік 
болады. 
Меңзердің қасындағы бірінші тӛртбұрышты 
терезеде санды енгізген соң, үтір пернесін 
басқан кезде бұл терезе жабылады да, екінші 
терезе ашылады (1.11-сурет). Ол терезеге 
нүктенің екінші координатасын енгізу керек. 
1.11-сурет 


20 
Екінші координатаны енгізген кезде бірінші координата терезесінде жабық 
құлыптың белгісі тұрады. Координаталар терезелерінен бір-біріне <Таb> 
пернесінің кӛмегімен ауысуға болады. Егер енгізуді қате жасаса, жүйе енгізуге 
тыйым салады, бұл кезде қате координатаны қызыл тӛртбұрышпен қоршайды. 
Екінші және келесі нүктелерді 
енгізу кезінде жүйе енгізуді бірінші 
нүктеге қатысты салыстырмалы 
координаталарда енгізуді ұсынады. 
Бұл кезде меңзердің қасында 
деректерді енгізудің екі терезесін 
кӛреміз: қашықтық терезесі және 
бұрыш 
терезесі 
(1.12-сурет). 
Бастапқыда қашықтық терезесі 
екпінді болады. Бұл терезелерде де бір-біріне ӛту үшін <Таb> пернесін қолдану 
керек. Графикалық экранда клавиатурадан деректерді енгізген кезде, 
координаталардың типін ӛзгерту үшін бірінші координатаның алдында келесі 
символдарды қолдану керек:
 
• # - абсолюттік координаталарға ӛту; 
• @ - салыстырмалы координаталарға ӛту. 
Динамикалық енгізуден бас тарту үшін DYN (ДИН) режимін ӛшіріп қою 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет