Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет16/108
Дата23.01.2023
өлшемі8,5 Mb.
#62523
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

 
1.7.3 Объектілік байланыс функциялары 
Нүктелерді енгізудің келесі бір түрі – объектілік байланыс функцияларының 
кӛмегімен нұсқау арқылы. 
Объектілік байланыс функцияларын Object Snap (Объектная привязка) панелі 
(1.13-сурет) арқылы немесе контекстік мәзірдің кӛмегімен шақырады.
Object Snap (Объектная привязка) панелінде келесі функциялардың 
батырмалары жинақталған:
- аралық нүктенің кӛмегімен бақылауды қолдану; 
- басқа (қосымша) нүктеден ығысу; 
- шеткі нүктелер; 
- орта нүктесі; 
- қиылысу нүктесі; 
- жорамал қиылысу нүктесі; 
1.12-сурет 
1.13-сурет 


21 
- сызықтық немесе доғалық сегменттің жалғасу нүктесі; 
- доғаның, шеңбердің немесе эллипстің центрі; 
- доғаның, шеңбердің немесе эллипстің квадранттары (бұл 0, 90, 180, 
270

бұрыштарында орналасқан нүктелер); 
- жанасу нүктесі; 
- объектіге перпендикуляр; 
- объектіге параллель; 
- мәтінді, блокты, сыртқы сілтемені қою нүктесі; 
- тораптық нүкте; 
- объектіге ең жақын нүкте; 
- объектілік байланысты қолданбай; 
- объектілік байланыстың тұрақты режимін күйге келтіру. 
Контекстік 
мәзірдің 
(1.14-сурет) 
кӛмегімен 
объектілік 
байланыс 
функцияларын 
шақыру 
үшін 
 
пернесін басып тұрып, тышқанның оң 
батырмасын басу керек (меңзер міндетті 
түрде графикалық экран аймағында болуы 
керек 
және 
ешқандай 
аспаптар 
панельдерінде болмауы керек). Бұл мәзір 
ӛзінің функциялары жағынан Object Snap 
(Объектная привязка) аспаптар панеліне 
ұқсас. Бұл жерде тек қосымша Mid Between 
2 Points (Середина между точками) пункты 
және Point Filters (Координатные фильтры) 
қосымша мәзірі бар. Point Filters қосымша 
мәзірі 
алты 
түрлі 
координаталық 
фильтрлерді қолдануға мүмкіндік береді: 
X,.Y, .Z, .XY, .XZ, .YZ. Координаталық 
фильтр функциясы кӛбіне үшӛлшемді 
тұрғызулар кезінде қолданылады. Бұл 
функция сызбадағы бір нүктенің бір немесе 
екі координаталарын алып, кейін қалған 
координаталарын 
енгізуге 
мүмкіндік 
береді. Мысалы, келесі нүкте үшін басқа бір нүктенің абсциссасын алу керек 
болса, пернетақтадан Х әрпін (немесе контекстік мәзірден таңдап) енгізіп, 
абсциссасы есептелетін нүктені нұсқау керек. Содан соң нүктенің қалған 
координаталарын енгізе беруге болады. 
1.14-сурет 


22 
Mid Between 2 Points (Середина между точками) функциясы екі нүктенің дәл 
ортасындағы нүктені енгізуге мүмкіндік береді. Екі нүктені нұсқағанда жүйе 
олардың ортасын ӛзі есептейді.
Объектілік 
байланыс 
функцияларын примитивтерді салу 
кезінде контекстік мәзірден Snap 
Overrides 
(Переопределение 
привязок) қосымша мәзірін таңдау 
арқылы шақыруға болады. 1.15-
суретте кесіндіні салу кезіндегі 
контекстік 
мәзірден 
объектілік 
байланыс функцияларының тізімін 
шақырту кӛрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет