123
Сол
тізімнің ішіне А4-ті таңдау үшін тышқанның сол жақ батырмасын
басамыз.
Енді сызбаны сызбас бұрын, барлық түзулер
тек горизонталь немесе
вертикаль ғана сызылатын режимді орнатып аламыз, оны
ОРТО (режимдер
тақтасы, немесе қалып-күй қатары, AutoCAD жұмыс терезесінің тӛменгі жағында
орналасқан) батырмасын басу арқылы орнатамыз.
Содан кейін
Кесінді (Отрезок) түзулерді сызу командасын пайдаланамыз. Бұл
команданы келесі тәсілдер арқылы шақырса болады: меню жолынан
Салу
(Рисование)–ден
Кесінді(Отрезок) пунктін
таңдау арқылы, немесе
Салу(Рисование) құрал-
саймандар тақтасының сәйкес
пиктограмманы
басу
арқылы.
Осыдан кейін командалық жолда келесідей жазу пайда болады:
(Команда : бірінші нүкте:) яғни, компьютер түзудің бастапқы нүктесінің
координаталарын сұрап тұр. Сұранысқа жауап ретінде 0,0 координаталарын
енгізіп,
Enter пернесін басамыз.
4 - сурет
6 - сурет
5 - сурет
124
Бастапқы нүктесі
берілгеннен кейін, командалық жолда келесі сұраныс
шығады:
(Келесі нүкте немесе [Болдырмау]:) яғни компьютер түзудің екінші нүктесін
беруді сұрап тұр. Оған А4 форматының ені 210 мм
деп жазамыз да тағы Enter
пернесін басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің
бағытын жоғары
қарай деп кӛрсетіп, оған А4 форматының ұзындығын енгіземіз 297 мм де
Enter
пернесін басамыз. Осы операцияны 7-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша
қайталаймыз.
7-сурет
Ендігі кезекте МЕСТ 2.301-68- ге сәйкес сызба алаңының рамкасын сызу
қажет.
Контур қабатын ағымдағы қылып орнатамыз да, қайта
Кесінді(Отрезок)
түзулерді сызу командасын таңдаймыз. Командалық жолда шыққан сұранысқа
жауап ретінде 20,5 деп енгізіп,
Enter пернесін басамыз.
Келесі сұраныста компьютер түзудің екінші нүктесін беруді сұрайды. Оған
сызба алаңының рамкасының ені 185 мм деп жазамыз да тағы
Enter пернесін
басамыз. Содан кейін тышқанның кӛмегімен түзудің бағытын жоғары қарай деп
кӛрсетіп, оған сызба алаңының рамкасының ұзындығын 287 мм енгіземіз де,
Enter
125
пернесін басамыз. Осы операцияны 8-суреттегідей тік тӛртбұрыш жасалынғанша
қайталаймыз.
8-cурет
Салынған сызбаның сызықтарының қалыңдықтарын кӛру үшін
Достарыңызбен бөлісу: