Байланысты: 1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі
Сан алуан жаттығулар, есептер мен тапсырмаларды орындаудағы мақсатты анықтау іскерлігін байқау Бастауыш сынып оқушыларының оқу міндетін қабылдау ерекшеліктерін, оқу әрекетінің мақсатын анықтау іскерлігінің деңгейін зерттеуде бақылау, әңгімелесу, эксперимент (тәжірибе) әдістерін қолдануға болады.
Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі іс-қызметін бақылау үлгісі:
өтіліп жатқан тақырып, жеке және жалпы тапсырмалардың мақсатын оқушылар қабылдай ма?
тапсырма мақсатының өзгеруіне байланысты оқу әрекеті өзгере ме?
әрекет мақсатына байланысты оқушылар тарапынан сұрақтар болды ма?
оқушылар әрекет нәтижесін оның мақсатының іс жүзіне асуына байланысты бағалады ма?
Оқушыларға төмендегідей тапсырмаларды ұсынуға болады:
1. Мәтінге ұ,ү әріптерінің емлесіне байланысты тиісті әріпті жаз және мына сұраққа жауап бер: Осы тапсырманы орындау барысында неге үйренесің?. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының жұмысқа кіріспес бұрын оқу міндетін қабылдағаны немесе практикалық міндетпен шектелгені бірден байқалады.
Бүг..н қ..ла бие қ...лындады. Маңдайында ж..лдызға ...қсайтын төбелі бар. Қ...лыным өскесін, қолыма қ...рық алып, жылқы бағамын.
2. Кестені толтыр. Берілген тапсырманы орындай отырып, неге үйренесің?
А
15
13
В
12
А+В
37
28
56
3. Мақсаттың өзгеруі әрекетке ықпал ететін тапсырма ұсыну.
Мысалы, оқушыларға бір сөз жазылған үш қима үлестірме ұсынылады. Ол сөзге фонетикалық, сөз табы және құрамы бойынша талдау жасалынады. Тапсырманың неге әр түрлі орындалғанын негіздеу (түсіндіру) керек. Мысалы, жұмысшылар, ...
(Басқа пәндерден де осындай бағыттағы тапсырмаларды беруге болады).
Оқушылардың жауаптарына талдау жасай отырып, олардың оқу міндетін қабылдайтындығы немесе практикалық міндетпен шектелгендігі анықталады.