Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет8/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

2.2 Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері әдістемелік, шығармашылық, эмпирикалық болып үшке бөлінеді.
Әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.
Әдістемелік белгілері:

  • мақсатқа бағыттылығы;

  • нақтылығы;

  • анықтылығы;

  • көлемінің шағындылығы.

Әдістемелер машықтандыру (практикалық) жұмыстарға керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар т.б. беруге бағытталған.
Әдістемелік зерттеу – зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Эмпирикалық - педагогика ғылымында жаңа деректер белгіленіп, соның негізінде заңдылықтар анықталады. Практикалық зерттеудің алынған педагогикалық деректерін жинақтау, таңдау, салыстыру, ойша талдау және жинақтау, сандық және сапалық тұрғыдан өңдеу.
Шығармашылық субьекті мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Мәселені шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылыс. Кейбір зерттеушілер шығармашылықты –интуитивтік процесс, екіншілері – алгоритм идеялары, үшіншілері – эвристикалық көрініс ретінде түсіндіреді.
Интуиция – алдын-ала сезу, әрекет нәтижесін білу, алған білімі мен тәжірибе негізінде жаңаны табу, шындықты білу қасиеті.

  • интуиция:

  • орасан зор білім қорының жиналуы;

  • білімді меңгерудегі сезімдік «дайындығы»;

  • стандартты емес тапсырмаларды шешу білігінің нәтижесі ретінде көрінеді.

Алгоритм – берілген мәліметтерді пайдаланып көздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегін көрсететеін ереже. Алгоритм ғылыми ізденісте статистикалық және динамикалық сипаттамаларды талдауда, модельдеуде, зерттеу пәні мен құбылыс жүйесін дұрыс бағалауда қолданылады.
Зерттеуші ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс ережелерімен сәйкес құрып, мынадай элементтерді енгізеді:

  • педагогикалық жағдайға талдау (диагноз);

  • бастапқы мәліметтерді нәтижемен салыстыра отырып жобалау, болжау;

  • оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру;

  • алынған мәліметтерді бағалау;

  • жаңа міндеттерді қалыптастыру.

Мұндай эвристикалық ойды қалыптастыру үшін ғылыми теориялар, идеялар мен ұстанымдар негізінде жасалатын соңғы ғылыми білім жүйесін игеруі тиіс.
В. Бурцеляның пікірінше, ғылыми-нәтижелі ізденіс мынадай белгілер бойынша сипатталады:

  • ізденімпаздық, шығармашылық;

  • болашақ мамандығына ғылыми тұрғыдан жақындығы;

  • білімін тереңдетуге және жеке дамуына мән беру.

Ғылыми қызығушылық көбінесе ғылыми білікке құмарлық, ғылыми еңбектен қанағат алу немесе «жаңалық ашуға ұмтылуға» байланысты.
Шығармашылық тынымсыз ізденістің нәтижесі. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптасады.
Шығармашылық шаралар (процедура):

  • бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға бейімдеу;

  • таныс жағдайдағы мәселені көре білу;

  • нысананың құрылымын анықтау;

  • шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу;

  • бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану;

Шығармашылық – адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты, белсенді іс-әрекеті.
2.3 Шартты түрде педагогикалық зерттеулерді төрт топқа бөлуге болады.
Олар іргелі, теориялық, қолтаңбалы, экспериментальды болып бөлінеді
Іргелі зерттеу – оқыту мен тәрбие процесінің заңдылықтарын ашу, жаңа құбылыстарды зерттеу, жаңалық ашуға, ғылыми білімді тереңдетуге бағытталады.
Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбие теориясы, мазмұн теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы және т.с.с құрылады.
Іргелі зерттеулердің тағы бір мақсаты – әлем туралы, оның мәңгілік элементтерімен бірге, жаңа білімді, рухани танымдық құндылықтар туралы жаңа ілімді алу.
Іргелі зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – дәлдік, нақтылық, нақты бір білім жүйесіне сәйкестілік.
Іргелі зерттеулер табиғаттың жаңа іргелі заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталады. Бұл жұмыстар негізінен академиялық институттарда және бас жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Іргелі зерттеулердің тікелей нәтижелері көбінесе абстрактілі сипатта болады, әйтсе де келешекте бұл зерттеулердің іс жүзінде қолданылуы көптеген жағдайларда экономикалық тиімділік беретінінін атап өтуге болады. Іргелі зерттеулердің мысалдары ретінде А. Эйнштейннің салыстырымдылық теориясын немесе дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясын келтіруге болады.
Іргелі зерттеулерге жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір мақсат қоймайтын жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі болжамдар, теориялар, әдістер, т.с.с. іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяқталынуы мүмкін.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері тәжірибемен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер құрады. Көбіне олар іргелі зерттеулермен бір кешенде жүргізіледі және олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер тәжірибенің нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Алайда мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды.
Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие гепотетикалық теориялық схема құрудан басталады. Жекелеген теориялық ережелер тәжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерттеу обьектісінің мәні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.
Бірақ зерттеудің түпкі мақсаты – нақты білім алу. Келесі кезең –бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару және мән мен мағынаның осы шынайы өмірден нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа апарар жол. Мысалы, «сабақ беру», «оқыту» деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.
Теориялық зерттеу – бұрынғы деректерді түсіндіруге қажетті жалпы педагогикалық заңдылықтар анықталады.
Теория – ойлауда обьективтік табиғи және әлеуметтік шындықты жүйелі және логикалық бірізді қайта жаңғырту. Теорияда обьективтік шындықтың логикасы ұғымдар жүйесінің қатаң бірізділігінен туындайды. Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні теорияда ашылады. Білімдердің жиынтығы ретінде теорияны құру шындықтың қандай да бір болмасын, құбылыстарын зерттеу адамның теориялық іс-әрекетінің мазмұнын құрайды.
Теория – идеялар, көзқарастар жүйесі, адамды қоршаған әлем және оның заңдылықтары ретінде көрініс беретін құбылыс.
Педагогикада териялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні, белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады.
Теориялық зерттеулерде ең бастысы негізгі және қосымша деректерді нақтылайтын идеяларды табуға, дәлелдеуге үйрету болып есептеледі.
Қолтаңбалы зерттеу – заңдылықтарды пайдалану жолдарын табу. Мақсаты – іргелі зерттеу нәтижелеріндегі зерттеудің қорытындысы негізінде алынған ғылыми білімдерді адам әрекетінде пайдаланудың жолын табу қарастырлады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл жұмыстар педагогикалық үдерістің жеке жақтарын терең зерттеуге педагогикалық тәжірибенің жан-жақты заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Қолданбалы зерттеулер дегеніміз нақты түпнұсқа міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.
Қолданбалы зерттеулер мақсаты – рухани-танымдық емес, әлеуметтік тапсырысты орындайтын тәжірибелік нәтиже болып табылады. Қолданбалы зерттеулердің құндылық өлшеуіштері – өнім-нәтиженің тұтынушылық сипаттамасы, технологиялық үдерістің техникалық-экономикалық сипаттамалары.
Қолданбалы жұмыстар бұрыннан белгілі әдістерді елеулі түрде жетілдіруге немесе жаңа әдістер құруға тікелей бағытталады, бұл әдістер негізінде жаңа жабдықтар, машиналар, материалдардан тұрады.
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық тәжірибедегі жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда бар әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент жүргізілуі мүмкін. Одан соң іс-әрекеттің жобасы (мысалы, оқыту тәсілдерінің жүйесі) жасалады, және осы түпкі нәтиже тәжірибе жұмысының барысында тексеріледі. Бұдан кейін соңғы қорытындылар ұсынылады. Бір жағынан эксперимент, екінші жағынан тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу жұмысының барысында ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет