Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011



бет9/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

2.4 Философиялық тұрғыдан әдіснама таным және обьективті шынайылықты өзгерту үрдісінің тәсілдері мен жолдары жөніндегі ғылым.
Педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны, атқаратын ролі ғылыми зерттеулерде ғана емес, практикалық деңгейде де күн санап өсіп келеді. Оның себептері:

  • ғылымдардың арасындағы нақты шектің жойылуы, обьективті әлемнің кешенді талдаудар арқылы өтуі, бір заттың бірнеше ғылымның зерттеу пәніне айналуы. Әдіснама зерттеулердің ғылыми тұтастығын, жүйелілігін, кәсіби бағытталуын анықтайды;

  • ғылыми зерттеулердегі зерттеу обьектісінің, пәнінің жаңа қырларының ашылуына байланысты әдіснама педагогиканың іргелі мәселелерін шешуге бағыттайды.

  • әлеуметтендіру үрдісінің басымдығына сай педагогиканың әдістемелік жүйелерін жетілдіру үшін әдіснама рөлінің ғылыми зерттеулер үшін де тәжірибелік әдістер үшін де қажеттігі артып отыр. Практикада қолданылып жүрген әр саланың әдіс-тәсілдерін педагогика талаптарына сай өңдеуден өткізу әдіснаманың 1-ші міндеті болса, ересектерге арналған көптеген тәсілдер мен әдістерді студенттің деңгейлеріне сай реттеу әдіснаманың екінші міндеті.

Ғылымның әдіснамасы – адамның әр түрлі теориялық және тәжірибелік әрекетін реттеудің, ұйымдастыру принциптерінің, жолдарының, ережелерінің жүйесі, жалпы осы жүйе туралы ілім.
Ғылыми білім эмпирикалық деректердің жай жиынтығы емес, ол сол деректерді теориялық негіздеу деп түсініледі.
Қазіргі ғылым тануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.
Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттерінің сипаттамасын – оның обьектісін талдау пәнін, зерттеу міндеттерін, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығын береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін, шешу үдерісіндегі қимыл-қозғалыстардың дәйектілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн.
Ғылымның әдіснамасы – ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның құралдары мен әдістерін, білімді дамыту мен негіздеу тәсілдерін зерттейтін ғылымтану бөлімі. Әдіснамалық мәселелердің жүйеленген шешімі белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылатын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Ал, ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу әрекетінің принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде, арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г. В. Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі педагогикалық білімдер жүйесін (Ф. Ф. Королев) зерттеу үдерісі екендігі анықталған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогикалық категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы-терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, «білетін туралы білім», яғни, педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г. В. Воробьев, В. И. Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәні, заңдылықтары, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасы, педагогикалық үдерісте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым, ұжымның тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пән аралық және ғылым аралық байланыстарын дифференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиктердің зерттеу үдерісін ұйымдастыруы оңтайлы шешілуі мүмкін.
Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.

  • біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М. А. Данилов);

  • екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);

  • үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);

  • төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);

  • бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);

  • алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н:Скаткин).

Педагогикалық әдіснама – жалпы әдіснама негізінде құрастырылған педагогикалық білім туралы, білім алу үдерісі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім.
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістердізерттейді. Педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды жүйеге келтіреді.
Педагогикалық әдіснама (В.И.Журавлев) «Педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптерін, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы ілім». Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы немесе жалпы алғанда ғылыми әдіс туралы деп түсінеді.
«Әдіснаманың» осындай анықталған қызметтері бойынша, педагогиканың әдіснамасы – зерттеу әдіснамасының, мазмұнының, мақсатының концептуалды баяндалуы. Мұндай баяндамалар арқылы педагогикалық процестер мен құбылыстар туралы обьективті, дәл, жүйелік ақпарат алуға болады.
Әдіснама термині гректің «әдіс жөніндегі ілім» немесе «әдістер теориясы» деген мағынаны білдіреді. Әдіснама – кең мағынасында алдымен дүниетанымдық көзқарас, дүниетанымдық ұстанымдар, тар мағынасында ғылыми зерттеулердің әдістері жөніндегі ілім.
Әдіснаманың мәнін түсінуде ғалымдар оның негізгі қызметтеріне тоқталады:
Әдіснама – үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шынайылықты көрсететін ғылыми білімді алу тәсілдерін, нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жету жолдарын анықтайды (Новиков А. М.), құбылысты немесе үрдісті оқу жөніндегі ақпараттарды алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (Данилов М. А., Скаткин М. Н.). Әдіснама – (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (философиялық энциклопедия сөздігі).
Әдіснама – қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы; 2) теориялық (танымдық) және тәжірибелік-өзгертушілік әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері принциптерінің жүйесі. Әдіснаманың жалпы танымдық іс-әрекет процесін зерттейтін таным теориясынан ерекшелігі – ол шынайы және тәжірибелік тұрғыдан тиімді білімге жету әдістері мен жолдарына баса назар аударады. Егер теория таным процесінің нәтижесі болса, әдіснама осы білімге қол жеткізу мен оны құру тәсілі болып табылады.
Берілген анықтамалар педагогика әдіснамасы бұл зерттеудің әдістерін, мазмұнын, мақсатын мазмұндау тұжырымдамасы деген қорытындыға әкеледі (Құдайбергенова К.С.).
Әдіснама нақты ұйымдастыру, тәсілдер жиынтығын құрайтын әдіс емес, әдіснама зерттелетін нысананың, пәннің нақты анықтамасы арқылы қойылған мәселеге қай қырынан, қай бұрышынан келу керектігін қарастырады.
Әдіснама философиялық, жалпығылымилық, нақты-ғылымилық және технологиялық болып төрт деңгейге бөлінеді (В. В. Краевский, В. А. Сластенин). Әдіснаманың барлық деңгейі, өз арасында нақты байланысы бар, күрделі жүйені құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет