Байланысты: 1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі
Практикалық сабақтар мазмұны: №7 Байқау және зерттеудің сұрақ әдістері: Жоспары
Байқау әдісі, оның түрлері
Байқау әдістерін ұйымдастыру және жүргізу
Сұрақ әдістері:
а) әңгіме және анкета алу
ә) сұхбат
б) мектеп құжаттары және оқушы іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу
Әдістемелік ұсыныстар. Зерттеу әдістерін нақты біліп, қолдану жағын қарастырыңыз. Әрбір әдістің мазмұнына, ерекшелігіне көңіл бөліңіз. Әдістерді не үшін қолдандыңыз, күтілетін нәтиже болашақ істің бағытын анықтайтындықтан, сұрақ жай және күрделі болатынын ескеріңіз.
Әрбір әдісті қолдану жолдарына нақтылы мысалдар келтіріп, модельдерін дайындап, ұжымда талқылауға дайындалыңыз.
Әңгімелесу: сұрақтардың байланыстылығын ескере отырып, сұрақ тізбегін дайындау
Анкета:, сұраққа қойылатын талаптарды ескеруе отырып, сұрақтар дайындау. Сұхбат: қажетті ақпараттың мазмұнын анықтау, алғашқы сұрақтар тізбегі мен үлгі сұрақтар тізбегін дайындау; алғашқы сұрақтар тізбегі.
Оқушылар жұмысын зерттеу: жазу жұмыстары, бақылау жұмыстарын, сурет дәптер т.б.
7.1 Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу және дамудың обьективтік заңдылықтарын тану жолдары мен тәсілдері.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді: тәжірибелік-экспериментальдық және теориялық. Екеуінің де бастауы таным теориясы.
«Таным теориясы нақты пайымдаудан басталады» деп жоғарыда атап өттік. Таным теориясы - оқытудың және зерттеудің методологиялық негізі. Тәжірибелік-эксперименталдық әдістердің диапазоны (ауқымы) өте кең. Ол эмпиризмдік (тәжірибелі) фактілер жинақтаудан күрделі теориялық концепцияларды, тұжырымдамаларды іс жүзінде тексеруге дейін қарастырады.
Әрбір зерттеу мәселені анықтаудан басталады. Мәселенің пайда болу сипатына қарамастан, оны талдау, нақтылануы және негізделуі зерттеудің теориялық әдістері көмегімен анықталады.
Теориялық әдістерге салыстырмалы-тарихи талдау, моделдеу, әдебиеттерді талдау, мұрағат материалдары мен құжаттарды талдау, зерттеудің базалық ұғымдарының талдауы, құбылыстардың себептік-салдарлы талдау, болжамдау жатады.
Салыстырмалы-тарихи талдау зерттеушінің әдебиеттермен танысуы, ғылыми монографиялар мен басылымдармен танысуы. Зерттеуші өз мәселесінің даму тарихын, мәселені қарастыру жолдарын салыстырып, талдайды, тұжырымдар мен жалпылама жасайды.
Әр ғылымның өзіне сай зерттейтін әдістері болады. Бұлардың көмегімен ғылымды байыта түсетін, өмір алға тартып отыратын оның міндеттерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізіледі. Біздің қазіргі педагогикалық зерттеудің методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм. Бұл әдістің талаптары бойынша материалдық болмыстың негіздеріне орайластыра отырып, педагогикалық құбылыстарды зерттеу, қандай да болмасын іс-әрекетті, құбылысты немесе тіршілік жағдайларын зерттеу қажеттігін анықтайды.
Диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді. Әр құбылыс өзінің даму барысында зерттелуге тиіс. Зерттеуші осы құбылысқа нендей жаңалық енгізілген және енгізіледі, ескі неге қайта құрылады немесе ығыстырылады дегенді әрқашан да анықтап алуға тиіс.
Бұл әдіс педагогикалық құбылыстардағы сапа өзгерістеріне қадала қарап, санның сапаға өтуінің жағдайларын анықтауды үйретеді. Оқушыларды іскерлікке, дағдыға үйрету, мінез-құлық нормаларын қалыптастырады.
Педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында оның мәселелерін анықтағанда зерттеуші ғылыми ізденістердің екі негізгі бағытына сай деген әдістерді қолданады. Бұл көбінесе көп қол жетпейтін тәжірибе сипатталған ғылыми әдебиеттерге бағыттайды (негізі әдебиеттердің тізімі, аннотациялау, библиография ғылыми жұмыстың өте қысқа баяндалуы). Мәнжазба жасау және конспектілеу қарастырған әдебиеттің негізгі пікірлері мен қағидаларын неғұрлым кеңейтілген түрде жазып алу, цифр және нақты материалдарды көшіріп алу, цитата келтіру сияқты ғылыми әдебиетпен жұмыс істеудің түрлері пайдаланылады.
Ғылымы педагогикалық іздестірудің екінші жолы, бағыты тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру, оқыту мен тәрбие берудің нақтылы үдерісін ғылыми түсініктермен сипаттау - бұған сайма-сай келетін зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтап береді.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін жеке-жеке тоқталып айтатын болсақ келесідей:
1. Ең көп тараған әдіс – байқау (бақылау)
2. Әңгіме, ерекше бір түрі сұхбат алу.
3. Жазба, графикалық жұмыстары, суреттер, сызбалар, жеке пәндер бойынша дәптерлер.
4. Мектеп құжаттары.
5. Эксперимент: табиғи, лабораториялық эксперимент, ғылыми гипотеза, жасампаз эксперимент.
6. Кибернетикалық, математикалық әдістері, педагогикалық құбылыстарды өлшеу белгілі бір көрсеткіштердің бар немесе жоқ екенін тіркеу, тәртіпке келтіру, ранжирлеу өзінің жіберген қателіктерін, қатыспаған сабақтарының санын т.б. тізімін жасау. Зерттелетін белгі шамасының оның мүмкін боларлық мәндерінің интервалдарымен орайластыру.
7. Тесттер - қазір бізде қолданыла бастады. Қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар сериясы. Статистикалық өңдеу – сандық деректерді, материалдардың нәтижелерін өңдеу.
Кейінгі кезде педагогикалық әдістерге, жаңа ғылыми идеяларды игеру барысында диагностикалық зерттеу әдісі қолданыла бастады. Ол ұстаздық шеберлікті көтеруді қарастырады. Бұл әдістемелік жұмыс құрылымын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Диагностикалық зерттеудің тиімділігі:
1. Оқытушының өз жұмысына өзінің талдау жасауы, артықшылығын екшеп, тәжірибесін түйіндеу;
2. Өз кемшілігін анықтап мұғалім оны жоюдың да жолын іздейді. Ондай мұғалімнің шығармашылық тынысы кеңейіп озат тәжірибелерге ден қоя бастайды.
Диагностикалық зерттеу жұмысы ең алдымен анкеталық сұрақтарға жауап беруден, сол арқылы карта жасалудан басталады.
Анкеталық сұрақтар үш бөлімнен тұрады:
1. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін мұғалімдерге қойылатын талаптар мен міндеттер.
2. Сабақ беру әдісін меңгеру дәрежесін анықтайтын сұрақтар.
3. Тәрбие жұмысын жүргізу үшін әр бөлімде бірнеше параметр.
Ғылым жаңа дәйектермен толыққан жағдайда ғана жан-жақты дами алады. Сонымен қатар, оны жинақтау және пайымдау үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет. Зерттеу әдістері ғылымтануда әдіснама деп аталатын теориялық қағидалардың жиынтығына тәуелді болып келеді.
Қазіргі ғылымтануда әдіснама деп, ең алдымен, ғылыми-танымдық іс-әрекеттік қағидалары, түрлері және тәсілдері туралы ғылымды айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттеріне сипаттама береді: оқыту нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері мен мақсаттары т.б. Осыдан келіп, педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және шындықты өзгерту туралы теориялық қағидалардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер тәжірибелік және теориялық сипатта болуы мүмкін. Тәжірибе жұмысы ғылыми ұстанымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық эксперимент өмірлік, тәрбиелік қарама-қайшылықтарды қалыптасқан мәселелерді шешуге қатысты ғылыми ұйғарымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады.
Ғылыми зерттеудің қағидалары зерттеушілік қызметтің жалпы нормалары болып табылады.
Зерттеу әдістерін іріктеу ұстанымдары төмендегідей:
Зерттеудің әртүрлі өзара толықтыратын әдістерін қолдану;
Алынатын нәтижелерді қомақты материал негізінде бірнеше рет тексеру және ұзақ бақылау;
Зерттеу әдісінің, зерттеу құбылысының зерттеушінің мүмкіндігіне және зерттелінетін мәселеге сәйкестігі;
Оқу-тәрбие үрдісіне, зерттеуге қатысушыларға зиян келтіретін, адамгершілік нормаларына қайшы келетін әдістерді қолдануға тыйым салу.
Ғылыми зерттеулер қағидасын негіздеуде іс-әрекеттік, тұлғалық, жүйелілік тұрғыдан қараудың маңызы зор.
Іс-әрекеттік тұрғыдан қарау оқу-тәрбие барысын, іс-әрекеттің барлық негізгі құрамаларын, оның мақсаттарын, себептерін, әрекеттерін, амалдарын, реттеу тәсілдерін, түзетулерін, бақылау және қол жеткен нәтижелерін талдауды біртұтас зерттеуді талап етеді.
Педагогикалық құбылыстарда міндетті түрде тұлғалардың өзара әрекеттері болғандықтан, зерттеулер үшін оқу-тәрбие барысын тұлғалық тұрғыдан да қарау маңызды.
Зерттеулерді тұлғалық тұрғыдан қарап жүргізудің әдіснамалық негізі – тұлғаның қоғамдағы орны, ұжым мен тұлғаның арақатынасы, оны дамытудағы ұжымның алатын орны, тұлғалық жан-жақты, үйлесімді дамуы, тұлғаны тәрбиенің обьекті, әрі субьекті деп қарау жөніндегі ілім.
Педагогикалық зерттеу әдістері мынадай бірнеше топтарға бөлінеді:
Жалпы ғылымы: