Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011


Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар тапсымаларды орындау



бет57/90
Дата05.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#79474
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Байланысты:
1585201315 Қаңтарбай С. Жүсіпова Ж. Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістемесі

Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар тапсымаларды орындау
Мұндай есептерді, жаттығуларды, тапсырмаларды орындаудағы мақсат - талдау негізінде жалпылықты анықтау іскерлігін қалыптастыру.


Сабақтан үзінді:
Қазақ тілі сабағында ”Біріккен сөздер және олардың жазылуы” туралы оқушылардың білімдерін тексеру және бекіту мақсатында мына мазмұндағы тапсырма берілді: ”Сөздерді үш бағанаға бөліп жаз”
Көкжиек, Сарыадыр, Жылқайдар, қарақұс, Мырзахмет, Қандыағаш.
Әр бағанаға ережеге сәйкес тағы 2 сөз қосып жаз. Оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. К.Марат сөздерді төмендегідей түрде бөліп, келесі сөздерді қосқан:



Көкжиек

Сарыадыр

Жылқайдар

Қарақұс

Қандыағаш

Мырзахмет

Қырықаяқ

Сарыарқа

Жоламан

Қарақұйрық

Қараой

Нұрахмет

Бірнеше оқушы Мараттың жазған Жоламан, Нұрахмет сөздерінің дұрыстығына күмән келтірді. Олар мұғаліммен бірлесіп қана оқушыға қатесін түсіндіре алды. Үшінші баған екі түбірден құралған екі дауысты қатар келсе, олардың біреуінің түсіріліп айтылып, солай жазылатыны туралы ережеге арналған. Ал Мараттың жазған сөздерінде дауысты дыбыс біреу ғана екені анықталды, сондықтан бұл сөздер беріліп отырған ережені ашуға мысал бола алмайды. Марат 3-бағанға Исахмет, Жылқаман сөздерін жазғаннан кейін ғана балалар оның жұмысын мақұлдады. Бұдан соң мұғалім тапсырманың бірден дұрыс орындалмауы оған талдаудың жеткіліксіз жасалуынан, яғни оқушы сыртқы ұқсастықтың әсерінен сөздердің берілген ережеге сәйкес мәнін аңғармаған деген қорытынды жасады. Осы міндетті дұрыс шешуге тапсырманың шартын мұқият талдап, есептің белгілі, белгісіз компоненттерін нақты бөлу арқылы ғана қол жетті. Оқушыларға тапсырманың дұрыс орындалуына талдаудың ықпалы,талдаудың маңыздылығы мен қажеттігі осылай түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар жұмысты тексеру барысында есепті шешудің бірінші операциясына қайта оралғанына назар аударды. Эксперименттік оқыту кезенінде байқалған айырмашылықтарды ескере отырып, біз оқушыларға әр түрлі пәндік мазмұндағы есепті талдауда кездесетін жалпы компонентті аңғартып, түсіндіруге ұмтылдық. (Үшінші сыныптарға дайын кеппешөп негізінде арамшөп пен дақылдық өсімдіктерді салыстыруға тапсырма берілді).


Сабақтан үзінді:
Мұғалім: Тапсырмаға өз беттеріңмен талдау жасаңдар.
Оқушылар: Бізге арамшөптер мен дәнді дақылдардың кеппешөптерді белгілі, ал оларды салыстыру (талап) бізге белгісіз.
Мұғалім: Салыстыру дегенге қалай түсінесіңдер?
Оқушылар: Арамшөп пен дәнді дақылдардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуды салыстыру дейміз.
Әрекеттің мақсаты мен орындау тәсілдерін анықтағаннан кейін 3-ші сынып оқушылары практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Одан соң мұғалім оқушылармен әңгімені одан әрі жалғастырады.
Еңбекке баулу сабағынан үзінді:
Сабақтың тақырыбы: папка дайындау.
Мұғалім папканың моделін, оның ашылуын, жабылып бекітілуін көрсете отырып, оқушылардан папканың не үшін қолданылатынын, неден жасалатынын сұрайды.
Мұғалім: Балалар, тапсырмадағы белгіліні атаңдар.
Оқушылар: Сабақтың аты, заттың үлгісі (папка) белгілі
Мұғалім: Дұрыс, ал бізге не белгісіз (талап).
Оқушылар: Папка дайындау.
Мұғалім: Енді ойланып, біздің сабақтағы жұмысымыздың мақсатын, неге үйренетінімізді айтыңдар.
Оқушылар: Папка дайындау.
Мұғалім: Кім басқаша ойлайды, кім біздің сабақтағы жұмысымыздың мақсатын басқаша айта алады?
Оқушылар: Бізге папка жасап үйрену керек.
Мұғалім: Дұрыс, біз үшін сабақтағы негізгі мәселе - папка жасап үйрену, ол жай папка жасап шығудан гөрі маңыздырақ. Себебі папка жасап үйренсек, оны досымызға, аға-інімізге сыйлыққа жасап бере аламыз. Өмірде мүмкін, болашақ жұмыстарыңда қажет болған жағдайда осындай заттарды өздерің жасап аласыңдар.
Мұғалім: Балалар, қазір біз еңбекке баулу сабағында талдау жасап үйрендік. Біз талдау мәселесіне бұрын қазақ тілі, дүниетану сабақтарында да бірнеше рет қайталап оралғанбыз. Ал осы үш пәнде тапсырмаға талдау жасағанда, сендердің істеген әрекеттеріңде ортақ нәрсе болды ма?
Оқушылар: Иә, ортақ нәрселер бар. Қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу сабақтарының барлығында да біз алдымен белгіліні (шарт), содан соң белгісізді (сұрақ немесе нені табу керектігін анықтау) бөліп алдық.
Талдау процесіндегі ортақ білікті бөліп алу жалпы еңбек міндетін шешу іскерлігін қалыптастыру шарты ретінде қарастырылатынын ескеру керек. Бұдан соң әрекет тәсілдерін меңгеруге қызығушылығын қалыптастыру мақсатында оқушылардың өз әрекеті үшін талдаудың маңызын түсінуіне назар аударылды.Ол үшін төмендегідей сұрақтар қойылды:

  1. Сен тапсырманы не үшін талдайсың?

  2. Сабақ үстінде жүргізілген талдау саған көмек бола ма, әлде тіпті қажеті жоқ деп есептейсің бе?

  3. Талдауды дұрыс жасауға жеке басыңның қандай қасиеттері көмектесті?

  4. Қалай ойлайсыңдар, еңбек тапсырмасын орындауға үйренген талдау жасау білігінің көмегі болды ма?

Үшінші сынып оқушылары сұрақтарға жауап бере отырып, өз беттерінше төмендегідей қорытындылар жасады: талдау оларға есепті шешуге көмектесіп, мақсатты да саналы түрде әрекет етуге мүмкіндік туғызады. Одан басқа талдаудың негізінде кейін есепті шешуде қолданылатын әрекет тәсілін іздеу жатқандықтан, көптеген қателіктерді болғызбауға мүмкіндік туады, еңбек және оқу міндеттерін орындауда өз бетімен жұмыс жасау іскерлігі қалыптасады. Қорыта айтқанда, оқушыларды есепті талдаудың маңыздылығына сендіру үшін оларға оқу мен еңбек міндеттерін талдау әдістемесін меңгеретін, яғни оларды есептің (тапсырманың, жаттығудың) талдауынан қате жібермеуге үйрететін әр түрлі тәсілдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет