Сабақ және орындалатын тапсырманың мақсатын анықтауға үйрету Енді бастауыш сынып оқушыларын есепті (жаттығуды, тапсырманы) орындаудың екінші кезенін меңгеруге бағытталған тәсілдерге көшейік.
Қазақ тілі сабағынан үзінді.308-жаттығуды орындау.
Мұғалім: Жаттығу бойынша неше белгісіз бар?
Оқушылар: 3 белгісіз бар:көшіріп жазу, болымсыз етістікті табу, астын сызу.
Мұғалім: Дұрыс. Сендер белгісіздердің санын қалай анықтадыңдар?
Оқушылар: Жаттығуды талдау негізінде білдік.
Мұғалім: Дұрыс. Бұл жаттығудың қандай мақсатпен берілгенін айтыңдар.
Оқушылар: Болымсыз етістіктерді табуға үйренеміз.
Мұғалім: Оқушылар, сендердің айтқандарыңа келісемін, бірақ сендер жаттығуда 3 белгісіз (сұрақ) бар деген болатынсыңдар. Неге?
Оқушылар: Жауап беруге қиналады.
Мұғалім: Ойланып, бұл жаттығуды неге орындайтынымызды айтыңдаршы?
Оқушылар: Бір нәрсеге үйрену үшін орындаймыз.
Мұғалім: Жақсы, жарайсыңдар? Ал тек оқу, көшіру, астын сызу - ол қандай міндет?
Оқушылар: Нақтылы-практикалық міндеттер.
Мұғалім: Дұрыс. Берілген жаттығуды орындай отырып, сендер болымсыз етістікті қалай табуды үйренесіңдер. Бұл - оқу міндеті. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар берілген тапсырманы орындай отырып, неге үйренетінімізді қалай анықтадық?
Оқушылар: Жаттығуға талдау жасау (не белгілі, не белгісіз) біздің нені үйренетінімізді анықтауға көмектесті.
Мұғалім: Дұрыс. Жаттығудың мақсатын анықтауға көмектескен шарттар мыналар: жаттығудың мазмұны, өтілген материалдар бойынша біліміміз, бұрынғы тәжірибеміз (амал тәсілі).
Бұдан соң мұғалім оқушыға орындаған тапсырманың тұсына ”М-1” белгісін қоюды ұсынады. Бұл - мақсаттың санын көрсетеді, бұдан соң оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Жаттығуды орындау барысында мұғалім ”Тапсырманы орындай отырып, нені үйренесің?” деген сұраққа жауап алып отырды.
Мұғалім үшінші сынып оқушыларына үй тапсырмасын орындағанда жаттығудың тұсына жиек сызыққа қарындашпен мақсат санын көрсететін ”М-1”, ”М-2”... белгілерін қойып отыруды ұсынады.