Студент өзінің ғылыми жетекшісімен бірге зерттелуге тиіс мәселелер шеңберін нақтылайды, зерттеу жоспарын және әр кезеңде орындалатын жұмыс түрлерін көрсете отырып, күнтізбелік жоспар жасайды.
Студент дерек көздерімен (әдебиетпен) жүйелі жұмыс жасайды, түпкі деректемелерді жинап, талдайды, ғылыми жетекшімен ұдайы байланыста болады, жұмыс барысы туралы баяндайды және қажетті кеңес алады.
Студент белгіленген уақытта ғылыми жетекшісіне және қажетті жағдайда кафедра алдында жұмыстың аяқталғандығы туралы есеп береді.
Ақпараттың дұрыстығы және диплом жұмысының нәтижесі үшін студент-бітіруші жауап береді.
Диплом жұмысының дайындығы туралы негізгі шығарушы кафедрада кесте жасалып, оны факультет деканы бекітеді және бұл кесте кафедрада сақталады.
Ғылыми жетекшінің міндеттері
Диплом жұмысына жүйелі және тікелей басшылық жасау ғылыми жетекшіге жүктеледі.
Диплом жұмысын орындауға тапсырма береді (Қосымша 5, 6). Тапсырмада студенттің тегі, аты, әкесінің аты, факультеті, мамандығы, кафедрасы, жұмыс мазмұны, нақты қандай сұраққа материал жинастырады, эксперимент кезеңдері, жүргізу орны, ұсынылатын негізгі дерек көздері (әдебиет), жұмыстың берілген және аяқталатын уақыты, консультациялар көрсетіледі.
Күнтізбелік жоспардағы әдебиетпен жұмыс, эксперимент жүргізу, алынған мәліметтерді талдау және өңдеу, қорытынды шығаруға бөлінген уақыт диплом жұмысын қорғауға сәйкес келеді.
Студентке диплом жұмысының орындалу барысына арналған күнтізбелік кесте жасауға көмектеседі.
Студентке тақырыбына сай дерек көздерін (әдебиет) ұсынады.
Нақтылы эксперимент жүргізу әдістемесін ұсынады.
Жұмыс барысын жүйелі бақылауға алады және кафедраны жұмыс жағдайымен таныстырып отырады.
Диплом жұмысының теориялық, ғылыми және көркемделу сапасына жауап береді.
Аяқталған диплом жұмысына жан-жақты сын-пікір білдіреді.