Диплом жұмысының көлемі, қосымшаларды есептегенде, 60-90 парақ көлемінде орындалады. Диплом жұмысы сауатты жазылуы және дұрыс толтырылуы керек. А 4 (210х297) форматының бір жақ бетіне жазылады. Кеглі - 14.
Жұмыс 1 интервал арқылы компьютерде теріледі.
Диплом мәтінін теруде парақ жиектерінің мөлшері:
сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм,
жоғары жағы – 20 мм, төменгі жағы - 25 мм деңгейінде болуы қажет.
Жұмысты тексерген кезде, табылған қателер, графикалық жаңылыстар штрихпен боялып, лайықты сиямен ұқыпты түзетілуі қажет. Бір бетте 3 түзетуден артық болмауы тиіс.
Тараулардың атауы бас әріптермен беріледі.. «Тарау» деген сөз жазылмайды.
Тараулардың атауы, кіріспе, қорытынды, мазмұны парақтың ортасына бас әріптермен жазылады, соңына нүкте қойылмайды, асты сызылмайды, мәтіннен екі жоларалық интервал арқылы бөлінеді.