234
сәйкес тәрбиелеу. Ол тарихи құбылыс. Әлеуметтік даму
бағыттарын белгілейтін кӛрініс ретінде мақсат адамның рухани
және табиғи мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оған белгілі
талаптар жиынтығын қояды. Онда, бір жағынан, әлеуметтік және
этникалық топтардың қызығушылықтары, екінші жағынан, жеке
тұлғаның қажеттіліктері мен қабілеттері жинақталған.
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде
тәрбиелік ортаны, тәрбиеленушілер әрекетін, тәрбиелеуші ұжымды
және тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін белгілейді.
Педагогикалық қызмет мақсатын жүзеге асыру тәрбиелік ортаны
қалыптастыру,
тәрбиеленушілердің
әрекетін
ұйымдастыру,
тәрбиелеуші ұжымды тудыру, тұлғаның даралығын дамыту сынды
міндеттерін шешумен байланысты.
Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері анықталатын
негізгі функциональды бірлік ретінде
педагогикалық іс-әрекет
танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен,
танымдық міндет формасында кӛрінеді. Ӛзіндегі бар білімге сүйене
отырып, ол теория жүзінде ӛз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және
нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық
тұрғыдан ӛз шешімін тауып, тәжірибелік ӛзгертуші қимылға
айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі
міндеттерді шешу процесі.
Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі –
олардың шешімін табуда.
Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі - адам, оның ақыл-ойы,
еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
1. Адам - тірі табиғат бӛлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері,
қоғамда болып жатқан ӛзгерістерге ӛзіндік түсінушілігі бар
белсенді обьект.
2. Мұғалім әрдайым ӛзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс
жасайды.
3. Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер
етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.
Педагог
студенттерге
Венн
диаграммасы
арқылы
педагогикалық қызметтің екі тҥрі, яғни оқыту және тәрбиелеу
Достарыңызбен бөлісу: