7.5 Графикалық режимде мəтін шығару Төменде сипатталатын стандарт процедуралар мен функция-лар графикалық режимде мəтін шығаруды қолдайды. Бұл Write немесе WriteLn процедураларын қолданудан ерекше. Себебі, графикалық режимде түрлі қаріптермен, көлденеңінен немесе тігінен, қаріп мөлшерін өзгерте отырып, экранға мəтін шығара-тын арнайы процедуралар бар. Бірақ Borland фирмасының графикалық режимде экранға шығарылатын стандартты қаріп-терінің ішінде орыс қаріптері жоқ. Сол себепті, орысша мəтінді экранға шығару мүмкін емес.
Төменде Graph модулінің мəтін шығаруға арналған стандарт-ты құралдары сипатталады.