Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет130/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

218

QutText процедурасы курсордың ағымдағы орнынан бастап мəтіндік жолды шығарады. Тақырыбы:

Procedure OutText(Txt: String); мұндағы Txt – шығарылатын жол.
Мəтін көлденеңінен шығарылғаннан кейін көрсеткіш мəтін соңында орналасады, ал егер мəтін тігінен шығарылса, көрсеткіш бастапқы орнында қалады. Жол алдын ала орнатылған стиль жəне туралау параметрлері бойынша шығарылады. Егер мəтін экран шекарасынан шығып кетсе, штрихтық қаріптерді қолданғанда шекарадан шыққан қаріптер кесіп тасталынады, ал стандартты қаріптер мүлде шығарылмайды.
OutTextXY процедурасы көрсетілген орыннан бастап мəтін шығарады. Тақырыбы:
Procedure OutTextXY (X,Y: Integer; Txt: String);
мұндағы X, Y – мəтін шығару нүктесінің координатасы; Txt – шығарылатын жол. OutText процедурасынан тек шығару нүктесінің координатасымен ғана ерекшеленеді. Көрсеткіш өз орнын өзгертпейді.
SetTextStyle процедурасы экранға шығарылатын мəтін стилін орнатады. Тақырыбы:
Procedure SetTextStyle(Font,Direct,Size: Word);
мұндағы Font – қаріп коды (нөмірі); Direct – бағытталу коды; Size – қаріп мөлшерінің коды.
Қаріп кодын көрсету үшін төмендегідей алдын ала анықталған тұрақтыларды қолдануға болады:

const
DefaultFont = 0;{Нүктелік қаріп 8x8} TriplexFont = 1;{Үш еселенген қаріп TRIP.CHR} SmallFont = 2;{Кішірейтілген қаріп LITT.CHR} SansSerifFont = 3;{Тік қаріп SANS.CHR} GothicFont = 4;{Готикалық қаріп GOTH.CHR}
Бұл тұрақтылар 4.0, 5,0, 5.5 жəне 6.0 версиялар үшін барлық қаріптерді анықтайтындығын еске сала кетеміз. 7.0 версия-да қаріптер саны əлде қайда кеңейген, алайда жаңа қаріптер үшін мнемоникалық тұрақтылар қарастырылмаған. Бұл версия-да, SetTextStyle процедурасында келесі қаріптер нөмірін қол-дануыңызға болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет