Туре <Файлдық айнымалы идентификаторы> - file; ... Сыртқы есте сақтау құрылғысы мен жедел жады арасында ұзындықтары көрсетілген физикалық жазбаларды жоғары жыл-дамдықта тасымалдау кезінде типтелмеген файлдар пайдала-нылады, олар тасымалдау кезінде түрлендірілмейді.
Файлдық айнымалылар Pascal тілінің кез келген айнымалысы тəрізді сипаттау бөлімінде де жариялана береді, мысалы:
Var F1:fi le of real;
F2:file;
F3:text; ...
немесе типтерді алдын ала сипаттау арқылы да көрсетіледі:
Type FF = fi le of integer; Var F1:FF; ...
Қажет болса, файлдық айнымалыны ішкі программаға параметрлер арқылы беруге болады. Бірақ бұл мақсатта тек параметр-айнымалыларды ғана пайдалануға болады, мысалы:
Type FF = fi le of integer; Procedure Print(Var F1:FF); ...
Файлдармен жұмыс істеу кезінде мынадай əрекеттер атқа-рылады: