Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет163/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

Файлдық айнымалыны инициалдау. Физикалық құрылғы (дискіжетек немесе сыртқы құрылғы) мен файлдық айнымалы арасындағы байланыс арнайы процедура арқылы орнатылады.
Assign (Var f; st:string) процедурасы f файлдық айнымалысын st тіркесімен анықталатын файлмен немесе логикалық құ-рылғымен байланыстыра отырып, оны инициалдайды.
Егер файл ағымдағы каталогта болса, онда тек файл мен оның


266

типін көрсету жеткілікті, əйтпесе файлдың толық атын көрсету керек, мысалы:
Type FI1 = fi le of integer; Var f1,f2,f3:FI1; ...
Assign (f1,’F1.dat’); {файлдық айнымалыны ағымдағы каталог ішіндегі файлмен байланыстыру}
Assign (f2,’d:\iva\a.dat’); {файлдық айнымалыны көрсетілген каталогтағы файлмен байланыстыру }
Assign (f3,’CON’); {файлдық айнымалыны консольмен байланыстыру}
Файлды ашу кезінде мəліметті тасымалдау бағыты көр-сетіледі, мұнда файл мəлімет оқу немесе жазу үшін ашылады. Мəтіндік файл сөз тіркестерін қосу үшін де ашылуы мүмкін. Мəлімет оқу үшін ашылған типтелген файлға жаңа жазбалар қосуға немесе ескі жазбалар үстіне жаңаларын жазуға болады.

  1. ReSet(Var f) процедурасы - f файлдық айнымалысымен анықталған файлды мəлімет оқу үшін ашады. Бұл процедура орындалар кезде файл көрсеткіші бірінші компонентке орналасады (жазбалардың бірінші блогы буферге оқылады). Мұнда логикалық құрылғы енгізу операциясын орындауға даярланады. Егер бұрын болмаған файлды ашу көрсетілсе, онда қате болғаны тіркеліп, Word

типтес lOResult функциясы 0-ден басқа мəн қайтарады (төмендегі функция сипатталуын қараңыз). Енгізу-шыға-ру операцияларын бақылауды алып тастап, lOResult функ-циясын пайдалана отырып, аты көрсетілген файлдың бұрын дискіде болғанын-болмағанын тексеруге болады:


Var f:fi le of char;
Begin
Assign(f, ‘a.dat’); {файлдық айнымалыны инициалдау}
{$ I-} {енгізу-шығару қателерін бақылауды алып тастау}
ReSet(f); {файлды оқу үшін ашу}


267

{$ I+} {қателерді бақылауды іске қосу} If IOResult <>0then WriteLn(‘Файл жоқ’); else WriteLn(‘Файл бар’); ...


  1. ReWrite(Var f) процедурасы f файлдық айнымалысымен анықталған файлды оған мəлімет жазу үшін ашады. Бұрын бар файлды ашу көрсетілсе, ондағы мəлімет өшіріледі жəне ол туралы мəлімет берілмейді. Ал бұрын болмаған жаңа файлды ашу көрсетілсе, ол жаңадан пайда болып, мəлімет жазуға дайын болады (физикалық түрде буфер тазаланады). Мұнда логикалық құрылғы мəлімет қабылдауға дайындалады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет