Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


программа бөлімдері 3.2-сурет



бет28/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   210
39


программа бөлімдері


3.2-сурет. Паскаль тіліндегі

Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тəрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программа күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.


Программаның соңғы жəне негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-əрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begіn түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жол-дарға жазылып біткен соң, end түйінді сөзімен аяқталады.
Программа құрылымын төменгі 3.2-суреттегідей етіп бей-нелеуге болады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа (подпрог-рамма, процедура) түрінде де орындалуы мүмкін.
Мəліметтер – сан мəндерін, мəтін ретіндегі сөз тіркестерін де мəн ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т.б. осылар тəрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.
Мəлімет енгізу – бастапқы мəндерді пернетақтадан, дискі-лерден немесе енгізу-шығару порттарынан оқу арқылы жүзеге асырылады.




Операциялар немесе амал-əрекеттер берілген, есептел-ген мəндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру істерін орын-дайды.
Нəтиже алу (шығару) – ара-лық немесе қорытынды мəлі-меттерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.
Шартты атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарт орындалса (ақиқат болса), онда командалар


40

жиыны атқарылады, əйтпесе олар атталып өтіледі немесе басқа командалар жиыны жүзеге асырылады.
Цикл – белгілі бір шарт орындалса (кейде орындалмаса), көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқары-лады немесе шарт көрсетілмей-ақ алдын ала олардың неше рет қайталанатыны бүтін санмен беріледі.
Қосымша программа – алдына ала ат қойылған командалар тобы программаның кез келген жерінен оның атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.
Турбо Паскаль тілінің біріктірілген ортасы – кез келген программа жазып, оны орындауға қажетті құралдарды толық бере алады. Тіл элементтерімен танысу үшін «Мен Паскальда программалай аламын» деген мəтінді экранға шығаратын бір қысқаша программа жазайық. Оның алғашқы нұсқасы төменде келтірілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет