Түрлі нұсқадағы жазбалар Жазбаны сипаттау (RECORD) Жазба – өріс деп аталатын, саны нақты компоненттерден тұратын мəндер құрылымы. Əр өрістің өз идентификаторы жəне типі бар. Жазба компоненттерінің əрқайсысына тікелей қол жеткізуге болады жəне оларды іріктеп жаңартуға болады. Жазбадағы идентификатор бірегей (уникальным) болуы керек. Жазбаның жеке өрісіне қол жеткізу үшін, оның: жазба, нүкте жəне өріс идентификаторынан тұратын құрама атауын көрсету керек. Жазбаны процедура немесе функция параметрі ретінде көрсетуге болады, алайда функция жазба мəні бола алмайды.
Жазба типінің жалпы түрдегі сипаттамасы: