Жиындармен орындалатын қандай операцияларды білесіз?
Turbo Pascal программалау жүйесінде жиындармен орындалатын операциялар қалай жазылады?
Жиын құрастырушы дегеніміз не жəне ол қандай жағдайда қолданылады?
Жиын типті айнымалылар қалай хабарланады?
Бос жиын дегеніміз не жəне ол қалай беріледі?
жиын элементтерін шығаруды қалай ұйымдастырамыз?
Тапсырмалар
1..100 бүтін сандар жиынынан 444 қалдықсыз бөлінетін сандар жиынын бөліп алыңыз. Жиынды экранға шығарыңыз.
латын əріптерінен құралған жиыннан өз атыңызға кірмейтін əріптерден тұратын жиынды құрастырыңыз. Жиынды экранға шығарыңыз.
Пернетақтадан енгізілген фамилияға да, атқа да жəне текке де кіретін символдардан тұратын жиын құрастырыңыз. Жиынды экранға шығарыңыз.
Пернетақтадан енгізілген фамилияға, атқа жəне текке кіретін символдардан тұратын жиын құрастырыңыз. Жиынды экранға.
'0'..'9' диапозонына кіретін жəне пернетақтадан енгізілген туған жыл датасына кірмейтін символдардан тұратын жиын құрас-тырып, экранға шығарыңыз.
1..100 бүтін сандар жиынынан, бүтін сан квадраты болатын сан-дардан жиын құрастырыңыз. Жиынды экранға шығарыңыз.
Пернетақтадан 10 элементтен тұратын сызықтық кестеге енгі-зілген бүтін сандар жиынынан осы кестенің ең кіші элементіне бөлінетін сандар жиын құрастырыңыз.
Сəйкесінше n жəне m символдан тұратын g жəне f символдық файлдары берілген. g файлына да, f файлына да кіретін символдар жиынын құрастырыңыз.
10–1618 145
6.3 Жазбаларды хабарлау. Жазба элементтерімен жұмыс істеу.