7.2-сурет. Кездейсоқ шеңберлер жиыны
GetAspectRatio процедурасы экран жақтауларының қаты-насын бағалауға мүмкіндік беретін екі санды қайтарады. Про-цедура тақырыбы:
Procedure GetAspectRatio(var X,Y: Word);
мұндағы X, Y – Word типті айнымалылар. Бұл айнымалыларға қайтарылатын мəндер, графикалық экран жақтауларының қаты-насын пикселмен есептеуге мүмкіндік береді. Осы айнымалылар арқылы табылған коэффициентті дөңгелек, квадрат, т.с.с. дұрыс геометриялық фигураларды салуда қолдануға болады. Мысалы, егер тік жақтауы L пикселге тең квадрат салу керек болса, мынадай операторларды қолдану қажет:
GetAspectRatio (Xasp, Yasp);
Rectangle(x1, y1, x1+L*round (Yasp/Xasp), y1+L);
Ал егер L квадраттың көлденең ұзындығын анықтайтын болса, онда мынадай операторды қолданамыз:
Rectangle(x1,y1,x1+L,y1+L*round(Xasp/Yasp)); SetAspectRatioпроцедурасы графикалық экран жақтаулары-
ның масштабтық қатынас коэффициентін анықтайды. Процедура тақырыбы: