8.4 Формальді жəне нақтылы параметрлер
Процедураны (функцияны) сипаттағанда оның тақырыбында келесі параметрлер түрі көрсетілуі мүмкін:
параметр-мəн;
параметр-айнымалы;
параметр-тұрақты;
параметр-процедура;
параметр-функция.
Параметрлерді жазғанда мыналарды есте сақтау керек:
формальді жəне нақтылы параметрлер саны бірдей болуы керек;
нақтылы параметрлердің жазылу реті мен типі сəйкес формальді параметрлердің жазылу реті мен типіне сəйкес болуы керек;
формальді жəне нақтылы параметр идентификаторлары бірдей болуы мүмкін;
239
формальді параметрлер Турбо Паскаль тілінде тақырып бөлігінде сипаттамалармен бірге болады жəне оларды процедураның (функцияның) сипаттау бөлігінде хабар-лаудың қажеті жоқ;
формальді параметрлер қарапайым немесе ертеде анық-талған типті болуы керек.
Ішкі программаға жиымды берер кезде оны алдын ала TYPE типтерді сипаттау бөлімінде сипаттау керек.
Мысал.
TYPE TV=ARRAY [1..30] OF INTEGER; TM=ARRAY [1..20,1..20] OF REAL;
...
PROCEDURE TOP ( A:TM; VAR B: TV ; N: INTEGER);
Достарыңызбен бөлісу: |