... Мұнда жиымның екі типі сипатталған. TV – бір өлшемді жиым үшін жəне TM – екі өлшемді жиым үшін. Формальді пара-метрлер тізімінде А жəне В айнымалылары үшін, сəйкесінше, ма-трица мен векторды алдын ала анықтаған типтер қолданылады.
Процедура немесе функция тақырыбында берілген парамет-рлер тізімі ішкі программаны шақырушы программамен байла-ныстырады. Осы параметрлер арқылы ішкі программаға бастапқы мəндер беріледі жəне нəтиже қайтарылады (процедурада). Турбо Паскаль тілінде параметрлерді берудің екі түрі бар: мəні бойын-ша жəне сілтеме бойынша.
Параметр-мəн Параметрлердің мəнін, ішкі программаның жергілікті (ішкі) айнымалыларына жадыдан орын бөлінетін стекке жіберген кез-де, сəйкес нақты параметрлердің мəндері жазылатын қосымша орын бөлінеді. Шақырушы программада параметр-мəн үшін ішкі программаның аргументі ретінде тек айнымалы емес өрнекті де қолдануға болады. Ішкі программаның жұмысы аяқталғаннан кейін жадыдан бұл параметрге бөлінген орынға қол жеткізуге бол-майды. Сондықтан, параметрді мəн бойынша бергенде жадыдағы орынды нəтиже алу үшін пайдалануға болмайды.